Главная » Статьи » Математика

Логарифмдік теңсіздіктер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебі
Пән мұғалімі: Қалмұратова Айғанша Танабаевна
11 сынып
Сабақтың тақырыбы:Логарифмдік теңсіздіктер
Сабақтың мақсаты: Есеп шығару барысында логарифмдік теңсіздіктерді шешудің тиімді тәсілдерін меңгеру дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1.Логарифмдік функцияның қасиеттерін білу
2.Есеп шығару жолдарын талқылай отырып, сыни көз-қарас қалыптастыру.
3.Топтағы оқушылар ынтымақтастықпен жұмыс істейді,бір-бірін құрметтейді, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
1. Логарифмдік функциялардың ерекше қасиеттерін есеп шығару барысында тиімді пайдалана алады.
2.Есеп шығарудың ең тиімді тәсілін анықтай алады.
3.Логарифмдік теңсіздіктер жүйесін шеше алады.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Диалогтық әдіс, Блум таксаномиясы.
Сабаққа қолданылатын құралдар: Деңгейлік есептер, тест тапсырмалары.
Бағалау критерийлері:
А критерийі (білу;талдау)
Логарифмдік функцияның анықталу обл. табады. 1- ұпай
В критерийі(қолдану,талдау)
Түрлі тәсілдерді меңгере отырып, тест тапсырмаларын орындайды.
В деңгейінің есептерін шығарады. 2- ұпай
С критерийі(жинақтау,бағалау
Өз ойын ашық айталады,өз бетінше ізденеді, уақытты ұтымды пайдаланады.
С деңгейінің есептерін шығарады. 3-ұпай
1-4 ұпай -- «3»
5-7 ұпай —« 4»
8 ұпай --- « «5»
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
I.Қызығушылықты ояту.
А. Сергіту сәті:
Логикалық есеп: 4 қыз концертке қатысты.Әр әнді 3 қыз айтты,ең көп Жанар -8 ән, ең аз Айша -5 ән орындады.Барлығы қанша ән бар?
Ә.Оқушыларды топқа бөлу: Геометриялық фигуралар таратылады.
Жетістік критерилері таныстырады.
Б.Миға шабуыл сұрақтары:
1.Кеспе қағаздарға жазылған есептер таратылады,әр топқа 4 есеп, тақтаға түсіндіреді. ҰБТ-те кездесетін есеп,оқушылар ойланады, сергиді.
Оқушылар фигураларға қарап 4 топқа бөлінеді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
II. Мағынаны тану.Түсіну. «Идея жинау» әдісі
1.Логорифмдік теңсіздікті шешу үшін басты назар неге аударылады?
2. Неге көп жағдайда логарифмдік теңсіздіктерді шешу теңсіздіктер жүйесін қарастыруға әкеледі? Оқушылар топта талқылайды, жауап береді.
III. Қолдану.
VI.Талдау.Ой толғаныс.
V. Бағалау. Кітаппен жұмыс.
Тест тапсырмаларынан есептер шығару
Бағалау парағы әр топқа таратылады.
Үй жұмысы.Өткенді қайталау,бақылау жұмысына дайындық,№300 Оқушылар бірлесіп тапсырмаларды орындайды.
Топ басшылары бағалап отырады.
Категория: Математика | Добавил: kalmuratovaaigansha (12.03.2015) | Автор: Калмур Айганша Танабаевна E
Просмотров: 2650 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]