Главная » Статьи » Математика |
Рационал сандарға амалдар қолдану
Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану Сабақтың мақсат-міндеттері: Білімділік: білім негіздерін жинақтап, тиянақты, анықтама, ережелерді қолдануларын пысықтау. Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, логткалық ойлауларын, аңғарымпаздықтарын, пәнге қызығушылықтарын дамыту. Тәрбиелік: дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжымдық белсенділікке, білімнің қадірін білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың типі: Білімді пысықтау Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, бағалау парағы Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: -Топ құру, топ жетекшісін тағайындау. Топ жектекшісіне бағалау парағын беру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ІІІ. "Жорға сайысы» Бүгінгі күн сайыста, Сен ешкімнен қалыспа. Біліміңді қөрсетер, Сұрақтарға жауап бер! Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы сандар) 0-ден үлкен сандар (оң сандар) Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0-ге) Оң сандардың қосындысы (+)+(+)=(+) Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі (оң сан) (+)*(+)=(+);(-)*(-)=(+) Таңбалары әр түрлі сандардың бөліндісі (теріс сан) (-):(+)=(-) Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар) Жақша алдында «плюс» (+) таңбасы бар санды: (жақшасыз жазғанда санның өз таңбасы сақталады. +(+)=+; +(-)=-). Жақша алдында «минус» (-) таңбасы бар санды: (жақшасыз жазғанда санның таңбасы қалай өзгереді? -(+)=-; -(-)=+. Таңбалары әр түрлі сандардың қосындысы қалай орындалады? (модулі үлкенінен модулі кішісі азайтылып, үлкенінің таңбасы қойылады.) Кері санның көбейтіндісі (1) 5-ке қарама-қарсы сан (-5) 9-ға кері сан (1/9) IV. «Танымдық» сайысы -Әр топқа деңгейлік тапсырма А деңгейі Есептеңдер: 1) -7∙(-5)-10 2) 8∙(-2)-6 3) 1,8:(-3)-0,4 Ықшамдаңдар: 1) 16a-7b-3a+11b 2) 5y+0.8+3.2-3y 3) 2.8x-1.9+8.2x+2 В деңгейі Теңдеуді шешіңдер: 1) -8.2∙(x-2.5)=0 2) (x-1/9)+1/3=7/18 3) 8-5x+x=16 Есептеңдер: 1) (1/2-3/4)∙4/9 2) (-5,5+2,5):2 2/5 3) -1 2/3:(-3 1/3)+0,5 С деңгейі Өрнектің мәнін тап: 1) (4.5∙(-2)-1.8)/(1.5∙2) 2) (2.5-4)/(4-2.5) 3) ((-3.4)∙4∙(-1.5))/((-0.8)∙(-3) ) V. Сергіту кезеңі «Қолымның жылуын саған беремін, жүрегімнің жылуын саған беремін, әлемдегі жақсылықты саған тілеймін» Бір-біріне жылы тілектерін қимылмен бірге жолдайды. Сонымен бірге оң сан мен теріс сан, қарама-қарсы сандар. Сандарды атағанда оң санда оң қолымызбен қимылмен алға созып дұрыс тауып жаттығу жасаймыз. -7; -2,5; 4; 1000; 27; -10; -1,5; -7,2; 92; 75. VІ. «Зерделік» сайысы Көп ойлаған табар, Көп үрлеген жағар. Математикалық диктант 0,25-1+0,75-3 Жауабы:(-3) -0,4-0,6+0,7+0,3 Жауабы:(0) 2,1+2,8-3,4-6,5 Жауабы:(-5) 0,38-14-10+3,62 Жауабы:(-20) 0,25∙6,2-0,75∙6,2 Жауабы:(-3,1) -4,35∙6,1+6,1∙5,35 Жауабы:(6,1) -7,8∙3,2-6,8∙7,8 Жауабы:(-78) 6,3:9-4,8:6 Жауабы:(-0,1) Жауабын тақтадан көрсетіп, өздері бірін-бірі тексереді. VІІ. «Кім жылдам?!» сайысы Ақылдының сөзі қысқа, Көпке болар нұсқа. Ақыл азбайды, Білім тозбайды. Топқа тапсырма 5∙(*)=-30 (-25):(*)=-5 |-27|= Салыстыр: (-3)^3*3^3 -227*108 Амалдарды орындамай,өрнектің мәнінің таңбасын анықта: 1) 68∙(-2,3)∙(-0,13)∙(0,4):6,3 а) оң б) теріс 2) (-1,3)^2∙0,3:(-1) а) оң б) теріс 3) -81∙(-33):(-22)∙(-33) а) оң б) теріс VІІІ. Үйге тапсырма: №593-594. | |
Просмотров: 1612 | |
Всего комментариев: 0 | |