Главная » Статьи » Математика |
Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері.
Мақсаты: 1. оқушыларды үш таңбалы санға бөлудің жаңа түрімен және оны шығару амалдарымен таныстыру, әртүрлі есептерді шығару қабілетін дамыту, қорытынды жасай білуін дамыту; 2. Ауызша, жазбаша есептеу қабілетін, логикалық ойлауын дамыту. 3. Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, ата - бабаның салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: сызба, суреттер. Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, пысықтау ой қорыту. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Алдымызда қандай мереке келе жатыр? Наурыз мерекесінде қазақ халқы жайлауда киіз үйлер тігіп, бірінің үйіне бірі қонаққа барып тойлатқан. Біз де қазір әр ауылға қонаққа баралық. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді! ІІ. «Абай»ауылы. Үй тапсырмасын тексеру: 1. № 6. Амал таңбаларын атау. қандай амал таңбаларын білеміз? осы амал таңбаларына байланысты бірнеше есептерді ауызша есептеп көрейік.? 1 есепті орындау. (4600+2400): 7х5+3560=8560 (3689+1311): 5х4+5321=9321 (1150+1250): 6х8+6347=9547 ІІІ. « Жамбыл»ауылы. Логикалық есептер. А) Бір аяғымен тұрған қаздың салмағы 5кг. Егер екі аяғымен тұрса неше кг? Ә) Бір адамға күніне 20грамм тұз керек. Бір килограмм тұз неше адамға жетеді? Білімді бекіту: №1 тапсырманы ауызша салыстыру. ІҮ. «Жұлдыз»ауылы. Жаңа сабақ: №2 а) бөлудің орындалу алгоритмін оқушылармен түсіндіре отырып қарастыру. ә) Мысалдар жан - жақты түсіндіріліп, тақтаға және дәптерге орындалады. №3. Өрнектердің мәнін тап.(13968 - 9756): 234=18 7791: (10000 - 9629) =21 15953: 53+29080∙18 - 490076=33665 59993+616528: (21851 - 21763) =66999 Ү. «Аққайнар»ауылы.. Түсінгендерін тексеру: №4 есепті оқушылар екі нұсқа бойынша түрлі тәсілмен орындау: 1 - нұсқа: 1) бірінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді? 2) екінші саяжолдан қанша литр су буланып кетеді? 3) екі саяжолдан барлығы қанша литр су буланады? 67∙19+67∙35=3618 (л) 2 - нұсқа: 1) екі саяжолда барлығы қанша қайың ағашы бар? 2) бұл қайыңдар бір күнде қанша литр суды буға айналдырады? (19+35) ∙67=3618 (л) №6 тапсырманы оқушылармен талдай отырып шығару. ҮІІ. Қорытындылау Бүгін не білдік? Үш таңбалы сандарға бөлуден нені үйрендік? Нені үйренгіміз келеді? ҮІІ1.. Үй тапсырмасы.№7, №8. Бағалау | |
Просмотров: 2003 | | |
Всего комментариев: 0 | |