Главная » Статьи » Математика

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару 7”Б” сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару . Сабақтың мақсаттары:  Көпмүшені көбейткіштерге жіктей білу;  Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығару, топтау тәсілдерін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;  Оқушыларды математикалық сауаттылыққа және алған білімдерін пәнаралық байланыста пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, бекіту сабағы. Әдіс - тәсілдері:Блум-таксономиясы , сұрақ - жауап, тест орындау Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру "Бағдаршам" түстері бойынша топқа бөлу. а) оқушылармен амандасу; ә) оқушыларды сабаққа әзірлеу. II. Үй жұмысын тексеру: №262 (1, 2, 6) 1) 2a4 - 4a3b + 10a2b2 - 3a2b - 6ab2 - 15b3 2) x4 - 7x3 + 13x2y - 6xy3 6) 2x4 + 9x3y + 3x2y2 - xy3 + 12y4 III. Біліп-тану.Қайталау-оқу айнасы. 1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.) 2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады) 3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс) 4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз) 5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру) 6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек) 7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек) 8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек 9.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не? IV.Түсіну.Оқулықпен жұмыс. №260. Көпмүшеге түрлендір: 1) (x - 2)(x+3)+(x+2)(x - 3)=2x2 - 12 2) (a - 1)(a+2)+(a+1)(a - 2)=a2 - 4 3) (a+1)(a+2)+(a+3)(a+4)=2a2 +10a+14 4) (x - 1)(x - 2)+(x - 3)(x - 4)=2x2 - 10x+14 №261. Көбейткіштерге жікте: 1) ax2 - bx2 - bx+ax - a+b=(a - b)(x2+x - 1) 2) ax2+bx2 - bx - ax+a+b=(a+b)(x2 - x - 1) 3) ax2+bx2+ax - cx2 +bx - cx=(a+b - c)(x+1) x 4) ax2+bx2 - bx - ax +cx2 - cx=(a+b+c)(x - 1) x V.Қолдану. Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап (тест) Тест 1. Ұқсас бірмүшеліктерді табыңыз : 1) -5ху; 2) 7а; 3) 2ху; 4) –8. А. 1; 2. В. 1 ; 3. С. 1 ; 2, Д) 3 ; 4. 2. Өрнектердің қайсысы көпмүшелік болады? 1) 5х + у3; 2) 12ху; 3) 3. 4) а2ху3 А. 3. В. 2. С. 1 Д) 3 ; 4. 3. Өрнекті ықшамдаңыз: а3 × (3а3)2. А. 3а6 В. 3а9 С. 9а9 Д) 6а9 4. Көпмүшелікті стандарт түрге келтіріңіз: 4 × х × х × х × 2 – 6х5 + х3 × х4 А. 4х – 6х5 + х7. В. 8х3 – 6х5 + х7 С. х7 – 6х5+ 8х Д. х7 – 6х5+ 8х 5. Ықшамдаңыз: (9а – 2b) – (5а – 3b). А. 4а + 5b В. 4аb С. 4а + b Д. х7 – 6х5+ 8х 6. Өрнекті көпмүше түрінде жаз. 2а(а2 + а + 1) А. 2а3 + 2а2 + 2а В. 2а3 – 2а + 2а. С. 2а3 + 2а + 1 Д. 2а3 + 2а VI.Талдау. “Кім жылдам?” Өрнекті ықшамдаңдар: (x-2)(x+3); (а2-4в2)(в2-3а2) Көпмүшені көбейткіштерге жіктеңдер: х3-х2+x-1; ав-2а-2в+4 Тепе-теңдікті дәлелде: (а+в)(а2-ав+в2)=а3+в3 (а-в)(а+в)=а2-в2 VII.Қорытындылау . VIII.Бағалау. IX.Үйге тапсырма . № 177 ә) № 178 ә) № 179
Категория: Математика | Добавил: Сания9088 (20.01.2016) | Автор: Қуаншалиева Сания Есенқызы E
Просмотров: 1871 | Теги: Қуаншалиева Сания Есенқызы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]