Главная » Статьи » Математика |
7 сыныпқа арналған факультатив
Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Бағдарлама Математика пәнінен 7 сыныпқа арналған бағдарлама атауы: «Математикалық есептеулер» Бағдарламаны құрастырған: Математика пәнінің мұғалімі Тылешова Ардакты Аралбековна Ә.Марғұлан ауылы. 2016 жыл «Математикалық есептеулер» тақырыбындағы факультативтік курсының бағдарламасы. Жалпы бағдарламада тақырыптар 34 сағатқа бөлінген. Аптасына 1 сағаттан. Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің математика пәні бойынша 7 сыныпқа қосымша сабақ ретінде арналған. Бағдарламаға түсінік хат Білім беру мазмұнын жаңартуда оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында сабақтан тыс, факультатив сабақ арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.Қазіргі информатизациялау дәуірінде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден – бір негізгі элементі болып табылады. Математикалық функционалдық сауаттылық- оқушылардың алған білімдерін практикалық жүзеге асыра білу, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтиды. 7 сынып курсы бойынша әр тараудан кейінгі берілетін тарихи мағлұматтар және ежелгі ғалымдардың еңбектеріне көп көңіл бөлінбей қалатындықтан, бұл факультативте 7 сынып курсы бойынша математикалық ежелгі ғалымдардың еңбектерін толығымен қарастырып, талдау арқылы математиканың шығу тарихының маңызын түсінетін болады. Курстың мақсаты: • қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, сыбайлас пәндерді меңгерту, білімді әрі қарай дамыту үшін математикалық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау; • оқушының жан - жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті, интуиция, сынау және өзін сынау; • ғылыми және техникалық универсал тілі, үрдісі мен құбылыстарды моделдеу тәсілі ретінде математиканың идеясы мен әдістерін қалыптастыру; • математика тәсілдері арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, атақты математиктердің еңбектерімен танысу, қоғамдық прогресс үшін математиканың алатын орнын білу. Курстың міндеттері: • білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру; • пәнаралық байланысты туғызу; • білімді практикамен ұштастыру; • сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту. Пәнаралық байланыс: Алгебра, геометрия, сызу, тарих, физика, информатика, биология, ауыл шаруашылығы, география, экология. Бұл бағдарлама негізгі орта мектептегі 7 сынып математика курсының бағдарламасына қосымша ретінде жасалды. Математикалық факультативтің негізгі мазмұны мынандай тарауларға қарасты. Тараулар: 10 санының дәрежесі; Көпмүшелер және оның тәсілдері; Қысқаша көбейту формулалары Евклидтің Бастамаларында; Логикалық есептеулер ; Алгебралық бөлшектер Диофанттың «Арифметика» еңбегінде; Ауызша есептеулер; Математиканы өмірмен байланыстыру; Жуықтап есептеулер теориясы. «10 санының дәрежесі» -5 сағат Негізгі мақсат: Тұрмыстық өмірге байланысты есептерде, яғни өте үлкен сандарды жазу, есептеу үшін 10 санының дәрежесін қолдану. «Көпмүшелер және оның тәсілдері»-5 сағат Негізгі мақсат: Көпмүшелерге амалдар қолдана отырып, тиімді тәсілдермен ықшамдау. «Қысқаша көбейту формулалары Евклидтің бастамаларында»-5сағат Негізгі мақсат: Қысқаша көбейту формулаларын Евклидтің еңбегіндегі геометриялық түрде берілуін қарастыру, талдау. «Логикалық есептеулер»- 6сағат Негізгі мақсат: Пән аралық байланыс туғызатын есептерді шешу, жұмысқа, жылдамдыққа, физикалық шамаларға қатысты есептер. «Алгебралық бөлшектер Диофанттың «Арифметика» еңбегінде» -5 сағат Негізгі мақсат: алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану және Диофанттың еңбектеріндегі бөлшекті өрнектерді түрлендіру. «Ауызша есептеулер»-4 сағат Негізгі мақсат: Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Математиканы өмірмен байланыстыру-2 сағат Негізгі мақсат: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, математиканың өмірмен байланысын зерттеу,талдай білуге үйрету. «Жуықтап есептеулер теориясы»-2сағат Негізгі мақсат: Санның жуық мәнінің абсалюттік және салыстырмалы қателіктерін табу. Күтілетін нәтиже: Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетін жақсарту, қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйрену яғни дүниенің ғылыми бейнесін математикалық тұрғыда елестете алу. Математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады.Атақты математик ғалымдардың еңбегімен танысу. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. 7 сынып Алгебра оқулығы, А. Әбілқасымова, В. Корчевский, А. Абдиев Мектеп-2012ж 2. Факультативный курс по математике: Учебное пособие для 7 – 9 классов средней школы / сост. И. Л. Никольская. – М.: Просвещение, 1991. 3. Школьные олимпиады по математике. А.В. Шевкин. – М.: Русское слово, 2002. 4. Галицкий М. А. и др. Углубленное изучение курса алгебры 5. Көбесов А. Математика тарихы / А. Көбесов – Алматы: Тақырыптық- күнтізбелік жоспары Математикалық есептеулер 7-сыныпқа арналған (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ) Сабақ № Білім мазмұны Сағ. саны күні Ескерту 1 тоқсан 9 сағ «10 санының дәрежесі» 5 сағ 1 Дәреже 1 2 10 санының дәрежесі 1 3 Санның стандарт түрі а*10п 1 4 Берілген шамаларды ондық бөлшекпен жазу 1 5 Берілген шамаларды ондық бөлшекпен жазу 1 І тарау Көпмүшелер және оның тәсілдері-5 сағат 6 Көпмүшелерді ықшамдау 1 7 Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу 1 8 Топтау тәсілі 1 9 Топтау тәсілін қолдану арқылы шығаратын теңдеулер 1 2 тоқсан 7сағ 10 Көпмүшелерге амалдар қолдану 1 Қысқаша көбейту формулалары Евклидтің бастамаларында» 5сағат 11 Қысқаша көбейту формулалары 1 12 Қысқаша көбейту формулалары 1 13 Қысқаша көбейту формулалары Евклидтің бастамаларында 1 14 Қысқаша көбейту формулалары Евклидтің бастамаларында 1 15 Қысқаша көбейту формулалары Евклидтің бастамаларында 1 «Логикалық есептеулер» 6сағат 16 Ауызша есептеудің тиімді тәсілі 1 3 тоқсан 10 сағ 17 Мәтін есептеулер 1 18 Жұмысқа байланысты есептер 1 19 Жол, жылдамдыққа байланысты есептер 1 20 Пропорция, процентке берілген есептер 1 21 Олимпиада есептері 1 Алгебралық бөлшектер Диофанттың «Арифметика» еңбегінде» 5 сағат 22 Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану 1 23 Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану 1 24 Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану 1 25 Диофанттың еңбектеріндегі бөлшекті өрнектерді түрлендіру. 1 26 Диофанттың еңбектеріндегі бөлшекті өрнектерді түрлендіру. 1 4 тоқсан 8 сағ «Ауызша есептеулер»-4 сағат 27 Ауызша есептеудің тиімді тәсілдері 1 28 Ауызша есептеудің тиімді тәсілдері 1 29 1000 көлеміндегі сандарды есептеу 1 30 Санның дәрежесін жаттау 1 Математиканы өмірмен байланыстыру-2 сағат 31 Симметрия.Біздің әлемдегі симметриялар 1 32 Бізді қоршаған фигуралар 1 «Жуықтап есептеулер теориясы»- 2сағат 33 Жуықтап есептеу 1 34 Санды белгілі үлеске дейін дөңгелектеу 1 | |
Просмотров: 6420 | Комментарии: 1 | | |
Всего комментариев: 1 | ||
| ||