Главная » Статьи » Математика

Жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы математика пәніне қызығушылықты арттыру
Мазмұны

I. Кіріспе…………………………………………………………………. 2-4 бет

Жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны.

II. Негізгі бөлім………………………………………………………… 5-40 бет

а) Оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі.
ә) Блум таксономиясының мәні.
б) Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы өткізген сабақтарымның үлгілері.

III.Қорытынды………………………………………………………... 41 бет

Математика сабағын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді нәтижелері.

IV. Пайдалынылған әдебиеттер ………………………………….. 42 бет

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

Нұрсұлтан Назарбаев


Кіріспе

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтып өткендей, ұстаз әрқашан ізденіс өз білімінің жоғарғы деңгейде болуына үнемі назар аударып отыруы керек. Қазіргі жиырма бірінші ғасыр елбасымыз атап айтқандай білім заманы. Басқа елмен тереземіз тең біліміміз теңесу үшін, білім жолына өте көп назар аударылып жатыр. Болашақта өсіп келе жатқан ұрпағымызды көшбасшылыққа өз ойын ашық түрде айта білуге, еліміздің туын көкке желбіретіп, оның өсіп өнуіне өз ықпалын тигізетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз. Қазіргі заман талабына сай оқу үрдісінде көптеген жаңашыл ойлар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізіп, оқытқан шәкіртерімнің өмірде алатын орны көп болса екен деген ойдамын.

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден – бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан – жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай етіу қажет» деген сөзі Егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөліп отырғанын дәлелдейді.
Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы ықпал жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде мектептегі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Міне осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын,өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы,мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп,толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогресстің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.

Негізгі бөлім.
Бүгінгі біздің алдымызда тұрған келелі міндет-оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, рухани бай, саналы, салауатты, жан-жақты дамыған, бүгінгі қарыштап дамып келе жатқан ғылыми-техникалық үдерісте көштен қалмайтын,заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Әбу Насыр Әл-Фараби:«Сен маған жастарыңды көрсет,мен еліңнің болашағы қандай болатынын айтып берейін» - деген болатын. Сондықтан да, Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйелері құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуметін дамытудағы іс-әрекеттерді тиімді ұйымдастыра білуді талап етеді.
Оқушы өзін оқушы ретінде танып білуі үшін оқыту мен оқып -үйренудің мақсаттарын анықтап, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану талап етіледі. Оқушы білім алудағы мақсатын біліп, оған жетудегі іс-әрекетін түсінуі керек. Оқудың мақсатын және не үшін оқып жатқандығын оқушыға ұғындыру - ұстаздың басты міндеті. Нәтижеге жету- пәнді оқытудағы тосқауылды жеңе білу. Демек, менің сыныбымда пәнге қызығушылығы төмен, енжар, білім алуда қалыс қалып отыратын оқушы болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.
Бүгінгі таңда,балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру,көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда.Ол Франция,Америка,Германия,Англия,Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде.Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып,мектеп тәжірибесіне енгізілуде.Мәселен,академик В.И.Монаховтың технологиясы,В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі,М.М.Жанпейсованың оқытудың модульді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына,өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады.
Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн- жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны.Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады,оның әрі қарай дамып,жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген.Демек,оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз.Олай болса,оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
1) Оқыту мақсатының нақты қойылуымен,оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
2) Оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
3) Оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
4) Оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын екшеп,пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық. Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.
Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
-заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
1) Жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
2) Шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
3) Өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
4) Өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі,оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал,шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Сондықтан, мен Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын” өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.Сабақта,жалпы мектепте оқушыларға ыңғайлы және жайлы жағдай жасалу қажет, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады,ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады.
Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға,шығармашылығын қалыптастыруға, кез-келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі. Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі ескерілуі тиіс. М. Жұмабаевтың “Педагогика” деген еңбегінде “Сабақ барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес, баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін” делінген. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап,оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады.Қараев технологының құндылығы:
1) 100% үлгерім;
2) Жоғарғы деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;
3) Оқушы “2” аламын деп қорықпайды,керісінше тапсырманың жауабына жоғарғы ұпай жинау арқылы ынтасы артады.Оқушыға төрт деңгейлі тапсырма беріледі;
4) Оқушы оқу материалын өзі меңгереді,ал ұстаз өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды;
5) Педагогикалық технология орта мектеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақтай отырып жүргізіледі.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың, яғни материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық шегі анықталады. Бұл деңгей-барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің негізінде курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып, өз қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік алады.
Профессор Ж.А.Қараевтың “Педагогическая технология обучения” атты еңбегі оқытудың деңгейлік жүйесі туралы ой-пікірді тереңдете келіп,оқушылардың білімі мен білігін,танымы мен белсенділігін дамытатын бір тиімді әдістеме -әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесі екенін дәлелдеді.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар – дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.
XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы - білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бірі – деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады
Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
1-деңгей: міндетті, оқушылық;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.
1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.

2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.

3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға”+ белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.
Оқушылардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Оқулықта берілген тапсырма жұмыстары түгел қамтылып,деңгейлік тапсырмалар арқылы орындалады. 40 минутқа негізделген 3 деңгейлік тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмаларды оқушылар сыныпта және үлгермегенін үйде орындайды.
Әрбір оқушы деңгейлік тапсырманы орындап болған соң,мұғалім дайындаған дұрыс жауаптармен өзі орындап үлгерген тапсырмаларын тексереді.Осылайша бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып,өз қабілетінде жетілдіреді.Оқушылардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан,өзара жарыс туады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс-тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. Ұтымды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады.
Оқытудағы менің өзекті тақырыбым: «Математика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру және пәнге қызығушылықтарын арттыру.» . Сондықтан көбінесе сабақтың мазмұнына, сабақты өткізудің әдіс-тәсілдеріне және нәтижесіне басты көңіл бөлемін. Белгілі бір тақырыпты немесе тарауды жалпылауда, қайталауда немесе тоқсан, оқу жылының соңында оқушылардың қорытынды білімін тексергенде деңгейлік тапсырмаларды қолдану өте ұтымды. Себебі мен өз іс–тәжірибемде оқушылардың әр тарауды, тақырыпты қаншалықты меңгергенін білім деңгейіне байланысты өздік білімділігін қалыптастыру үшін құрастырылған тапсырмалар арқылы тексеремін. Сабақтың басында оқушыларды тестік тапсырма орындаулары бойынша білім деңгейлерге бөліп аламын. Тестік тапсырмалардың нәтижесін компьютер тексеріп, бағалайды. Бұл мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін ұштастыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін ой-өрісін дамыту қажет. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады.Тақырыпты тиянақты меңгертуде жан-жақты ойлауды дамытатын олимпиадалық және шығармашылық тапсырмалар орындау керек. Математикалық ойындар, логикалық есептер, сыныптан тыс жұмыстар арқылы өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыруға болады. Осылай құрастырылған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мен өз тәжірибемде Ж.Караевтың технологиясын қолдану барысында сабақтарымды Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткім келеді.
Біз көргенімізді, естігенімізді ұмытамыз, ал өзіміздің жасағанымызды , орындағанымызды мәңгі есімізде сақтаймыз. Бүгінгі таңда мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймайды, жан-жақты, тәрбиелі, адамгершілігі мол, білікті, құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Сондықтан сабақтың әрбір жоспарында оқушының құзіретті болып қалыптасуына ,олардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасайтындай жаңа оқу тапсырмалары болуы шарт.
Олай болса,қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді.
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру.Ал әлемнің көптеген елдерінде Блум таксономиясы кеңінен қолданылуда. Блум таксономиясындағы Блум сөзіне тоқталатын болсақ Америкалық ғалым Блум Бенджамин есіміне байланысты. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.Таксономия — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – берілген нысандарды олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін білім игеруге бағытталған 6 қадамға сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Олар:білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау.Блум таксономиясының деңгейлері: білу,түсіну,қолдану қадамы төмен және орта деңгейлер (өнімсіз деңгейлер), талдау,жинақтау,бағалау қадамы жоғары деңгей (өнімді деңгейлер) болып бөлінеді.
І. Білу.Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Шәкірт:
• Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
• Нақты фактілерді біледі;
• Жұмыстың орындалу ретін біледі,
• Негізгі ұғымдарды біледі;
• Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Шәкірт:
• Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
• Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
• Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
• Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Тапсырмалар түрі:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
III.Қолдану.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Шәкірт:
• Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
• Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
• Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

ІV. Талдау.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Шәкірт:
• Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
• Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
• Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
• Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі:
Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шәкірт:
• Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
• Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
• Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Тапсырмалар түрі:
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
VI.Бағалау.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Шәкірт:
• Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
• Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
• Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім – бақылаушы емес, бағалаушы да емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.
.
Қазір менің алдымда орта буын оқушылары отыр.
Әр оқушы өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға қадам жасаған.Дәстүрлі сабақтан гөрі оқушы іс-әрекеті басымырақ.Әр оқушы өздігінен ойлануға әрекеттенген,өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанған. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулудың негізгі сатылары оқушы іс-әрекеті мен жүзеге асып жатыр.Оқушының оқуға деген ынтасының өсуіне оң ықпалдығы ұжымның жұмыс жасауға бейімделуден,жеке тұлғаның еңбегінің түзілуі білімге деген құштарлығын толықтыра түседі. Жалпылау ойлаудан,жекелей ойлау оқытудың жүйелілігін қалыптастырды. Блум таксаномиясы негізіндегі жүйе оқушылардың өз беттерімен зерттеу,іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып,олардың дарын,қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді.
-білімді оқушылар өз іс-әркеттерімен алу жүзеге асады.
-жұмысты оқушылардың таңдап алуына ерік береді.
-жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.
-берілетін білімін ең негізгі түйінді дәмін таңдап ала білуге жаттығады.
-алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді.Ең бастысы,жеке тұлға қасиеттерін шығармашылық деңгейде жеткізеді. Кешегі сабақ
• Жеке жұмыстанады;
• Сұраққа бір жауаппен шектеледі;
• Диалог тек оқушымен мұғалім арасында болды;
Бүгінгі сабақ ерекшелігі
• Ізденісі ұлғаяды;
• Оқушы мен оқушы арасында диалогтік қарым-қатынас орнайды ;
• Ойын еркін жеткізеді;
• Топпен жұмыс істеп үйренеді;
• Салыстыра зерттей біледі;
• Сыни ойлауы мен көзқарасы жүйелі дамиды;
• Өзін-өзі реттейді;
Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады. Атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, блум таксономиясы- оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы. Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әлемнің әміршісі – еңбек.Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», — деп ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Біздің еңбегіміз білім жолынан көрінеді. Сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда да өз білімімді жетілдіріп, жаңа технологияның тағы да белсенді, тиімді жолдарын білуге, сонымен жұмыстануға әрекеттенемін.

Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?» деген сұрақтарға « Мұғалім ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс» деген жауап айтсақ орынды.
Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білу үшін мұғалім күнделікті қызметінде, сабақ өту барысында, сабақтан тыс жұмыстарда бала жүрегін баули алуы қажет. Оқу – тәрбие үдерістерінің бірі сабақ жүйесі болғандықтан, ұстаздың сабақты ұйымдастыруы, іскерлік қабілеттілігі, оқушылардың тәртібін дұрыс жолға қоя білуі, олардан сабақ барысында терең білімді талап етуі, осының барлығы балаларды белгілі бір моральдық бағытта тәрбиелейді.
Жаңа форматты мұғалімдерді даярлау курсынан кейін жаңа заман талабына сай егеменді еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеп білім беруде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі жоғары екендігін байқадым. Оқыған курстың бағдарламасы бойынша мұғалім атқарған өз жұмыстарына қорытынды жасап отырады және жүйелейді. Бұл бағдарламаның тиімділігі оқушылар топ болып ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық түрде жеткізе алады және басқалардың пікірлеріне өз көзқарастарын еркін білдіре алады. Сонымен қатар оқушы өзін-өзі реттей отырып сыни тұрғыдан ойлайды, өзін-өзі дамытады әрі білімін жетілдіреді. Ал мұғалім болса, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірбиесінде қолдана отырып, жан-жақты білімді де дарынды тұлға қалыптастыра алады. Демек, ұстаз- балаға білім берумен қатар шәкірттің рухани дамуына да басшылық жасай алады.
Жаңа педагогикалық технология – бұл оқу үрдісін ұйымдастыру және өткізу барысындағы оқушылар мен мұғалімдерге жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педагогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі. Оның негізгі ұстанымдары – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Өз іс-тәжірибемде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, білім берудің тиімді жақтарын қарастырдым. Жалпы алғанда сабақ үдерісінде біз білетін оқытудың жаңа технологияларының барлығының да тиімді жақтары бар. Сондықтан да өткізген сабақтарымды түрлендіріп отыруға тырыстым. Соның ішінде АКТ-ны қолданудың тиімді жағы жетерлік. АКТ-ны қолданудың бір ерекшелігі оқушылар тапсырмаларды орындағанда интерактивті тақтадан көреді әрі тыңдайды. Сол арқылы бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Оқушылар оқи әрі көзбен көре отырып мағұлматтарды естерінде жақсы сақтайды. Жалпы өзім сабақ беретін сыныптарда электронды оқулықтарды қолданғанда, ондағы тапсырмаларды, жаттығуларды орындауға оқушылар қызығушылық танытады. Есту, бейнені көру, оны іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған жұмыстар - оқушының жадында тез сақталады. Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды түсініп кетуіне ешқандай қиындық тумайды. Сабақтарымда оқушылар өздерін еркін ұстайды. Ойларын жинақтайды, қорытады, жүйелейді. Ақпараттық техникалық құралдарды пайдалануда еш қиындық болмайды. Себебі, оқушылардың бұрыннан жұмыстанып, әр сабақтарда қолданып жүргендігі анық байқалады. Ақпараттық-техникалық құралдарды оқушылар тек қана сабақтарда емес, сонымен қатар сыныптан тыс өз беттерімен үй тапсырмасын орындағанда немесе призентация жасағанда, интернеттен дерек көздерін іздегенде де қолданады. АКТ-ны сабақтарда қолдану – оқушының қабылдауына және де соңғы үлгіде шығып жатқан ақпараттық құрылғыларға деген қызығушылықтары туындап, сонымен жұмыс істей білуге бағытталады әрі ынталы болады. Қазіргі компьютер заманында АКТ-ны қолдану, онымен жұмыс істей білу – заман талабы болып отырғаны шындық. Бұның өзі біз үшін үлкен жетістік. Алға қарай алшаңдап қадам басуымыздың бір көрінісі.
Сонымен қатар өз іс-тәжірбиемде курста оқып үйренген модульдер бойынша сабақтар өткізіп, тиімді және тиімсіз жақтарын анықтауға тырыстым. Соның бірі – диалогтық оқыту.
Кембридж Университетінің білім профессоры Нейл Мерсер: «Диалог көптеген сабақтарда бірдей өтеді, әдетте мұғалім біршама «жабық» мәселе қояды»-деген. Өз мақаласында ол оқушылардың әңгімелесу дағдысын дамытуға және олармен (оқушылармен) өзара іс-қимыл жасаудың барынша қолайлы әдістеріне баса назар аудару тәсілдерін іздейді және оны өз тәжірбиесінде қолданады.
Бір байқағаным оқушылардың сөйлеу тілдерінің дамуына, ойлау қабілеттерінің жетілуіне диалог әдісі өте тиімді болатынына көзім жетті.. Бұл әдісті мен сабақтағы сергіту сәттерінде де қолданып отырдым. Мысалы оқушыларды өз таңдаған адамымен жұптастырып арқаларын беріп отырғызу арқылы бір-біріне білгісі келген үш нәрсе жайында сұрау және соған толық жауап алу мақсатында өткізген сергіту сәтіме оқушыларым қызығушылықпен қатысты. Бірі өткен тақырып бойынша сұраса, бірі оған жауап беру арқылы өз ойын толық жеткізуге тырысса және келесісі олардың сұрақ жауаптарын бағалап жатады не болмаса толықтыра түседі. Диалогтық оқытуды күнделікті сабақтарда да жиі қолданамын. Әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып,басқа адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын қолдануға тырысамын. Яғни сабақ барысында диалогтық әдіс оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында жиі кездесіп отырады. Олай болуы да заңды. Қойылған сұрақтарға жауап алу, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысы оқушылармен диалог құру арқылы іске асатыны оқушылармен бірлескен зерттеу барысында да анықталды.
Сонымен қатар мұғалімдердің оқушыларға қойған сұрақтары мен оған берген жауаптары диалог әдісінің негізі болып табылады. Оқушылардың топ болып жұмыстануы, бір-бірімен пікір алмасып ой талқысына салуы және сабақ соңындағы сабақтан алған әсерлерін білдіруі диалогтық іс-әрекеттердің бір көрінісі. Оқушы өз көзқарасын білдіріп қана қоймай жолдастарының пікіріне құлақ асады, бірін-бірі тыңдай біледі және тұжырым жасайды. Осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізген сабақтарымның нәтижесінде оқушыларымның бұрынғыға қарағанда біршама ашылғанын байқадым.
Сабақ беру үдерісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Шығармашылық жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Сонымен бірге әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет.
Ол үшін сабақтың әсерлі өтуі, шәкірттің жан дүниесіне қозғау салуы – басты шарт. Шәкірт сабақтан, жаңа тақырыптан жаңа әсер алуы керек.
Ұстаздық шеберліктің сынға түсетін сәті де – осы кез. Оқушы жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер, оқиғалар, естеліктер мұғалімнің ұтымды ой-пікірлері арқылы астасып жатуы керек. Міне, сонда ғана шығармашылық процеске бастайтын шығармашылық көңіл күй туады. Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық әдіс – бұл сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. Бұл технология шығармашылық жұмыс жасау барысында қолдануға өте қолайлы.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірбиенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
“Шығармашылық жұмыс – ұдайы оқумен, үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек” деп қазақтың бір туар азаматы Ғабиден Мұстафин айтып кеткендей оқыту барысында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды жүйелі ұйымдастыру және оны болашақ кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқытуда мұғалімнің сабақта біраз жетістіктерге жетуіне мүмкіндік мол. Мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен бару керек, өйткені сабақ – мұғалімнің өнері, шығармасы. Мұғалім еңбегінің түпкі нәтижесінің көрінісі – оқушылардың шығармашылықпен айналысуы. Бұл жерде мұғалім мен оқушы арасында шығармашылық байланыс орнап, бір-бірімен сабақтасып, пәнге деген қызығушылықтың артуына үлкен септігін тигізетінін анық көруге болады. Шығармашылық жұмыс оқушылардың оқырмандық тәжірбиесі мен білім сапасын кеңейтеді, эстетикалық қабылдау мүмкіндігін дамытады, өз пікірлерін ашық әрі еркін жеткізіп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Әр ұстаз үлкен жүректілігімен, сауаттылығымен өз шәкіртінің жүрегіне жол таба білу керек, сонда ғана оқушы өмірге нық қадам басып, жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасады.
Сонымен, білім беруді аталған оқыту технологияларының әдіс-тәсілдері арқылы ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, зерттеу мәдениетінің артуына, белсенді іс-әрекет жасауына, тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпін.

Кембридждік оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін, 2015-2016 оқу жылынан бастап оқу іс-әрекетін зерттеу мақсатында ұзақ мерзімді жоспар құрдым. Ондағы мақсатым - оқу үдерісіне жаңашыл педтехнологияларды енгізе отырып, оқушы құзыреттілігін арттыру еді. Менің алдымда әр оқушының қабілетін анықтау, олардың білімді алып қана қоймай, өз өмірінде де пайдалана алуына жол ашу еді. Мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дамыту, әр сабаққа пайдаланатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін бақылай отырып, диагностикалау жүйесін енгізу қажет болды.
Қарапайым топқа бөлудің өзінде де мұғалімнің шеберлігі қажет. Топқа бөлуде түрлі-түсті суреттер, есімдері жазылған парақшалар, кір қысқыштар, туған айлары сияқты тәсілдерді түрлендіріп отырамын. Оның барлығы мұғалімнің қиялына байланысты.
Әлеуметтік дәрежелері тең емес оқушылардың кереғар пікірлері, іс-әрекеттері кейде топқа бөлуге кедергі келтіреді. Осындайда құпия сауалнама, кері байланыс әдістерінің көмегі зор. Ескеретін жай: оқушының жазғанын ешкімге жарияламау. Сабақтан тыс уақытта кері байланыс тәсілі арқылы анықталған жекелеген оқушылармен еркін түрде өткізілген сұхбаттар да нәтижелі болды.
Сабақ құрылымын дұрыс жоспарлау, пайдаланатын тәсілдерді саралау үлкен күшті қажет етеді. Ол үшін мұғалімнің алдында мынадай алғышарттар туындайды: ғылыми-әдсітемелік, оқыту-әдістемелік материалдарды оқу, зерттеу, саралау, әр сабаққа пайдаланатын материалдарды іріктеу, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оңтайландыру жатады. Пайдаланатын тәсілдер бірнеше рет тәжірибеде қолданылып, соның ең тиімдісі екшеленеді. Менің пайдаланып жүрген осындай әдіс-тәсілдеріммен бөліссем деймін.
Менің жиі пайдаланатын тәсілдерім:
ДЖИГСО-мозаика. Шарты: тақырып бірнеше бөліктерге бөлінеді, оқып шығуға белгіленген уақыттан кейін, бөлщектерден тұтас тақырыпты құрап шығу тапсырылады. Бұл әдіс көлемді шығармаларды оқу кезінде өте тиімді. Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
• Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.
• Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету
Ал, «Қатені тап» тәсілі оқушылардың өздерін басты рөльге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл тәсілде жаңа тақырыпты түсіндіргенде негізгі идеялардан әдейі қателер жіберіп түсіндіріледі немесе қате жазылған парақтар үлестіреді. Мысалы: «Пифагор теоремасы» деген сұрақтарға жауап беріп,сурак кояды». Оқушылар қатені өздері табу арқылы қажет түсінікті анықтайды, талқылайды.
Балалар бір-бірінің тілін жақсы түсінеді, яғни дұрыс бағыт бере алған жағдайда, бір-бірін оқытады. Сондықтан жұптық әңгіме – сынып оқушыларының арасында әріптестік пен тіл табыса білуге итермелейтін тәсіл. Оқушылармен жаңа тақырыпты талқылау үшін ынталандыру мақсатында арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданамын. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеп отыру қажет. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атайсыз, оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұрап, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Оқушыларға ұнайтын тағы бір тәсіл ретінде «Өкіл» тәсілін айтуға болады. Бұл тәсіл оқушы көшбасшылығын жүзеге асыруға көмектеседі. Тәсілдің мақсаты: бір-бірін белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты болу.
Топтар сынып бойынша үш-төрттен орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы:
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
«Ыстық орындық» тәсілі. Мақсаты: Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтарды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру кезінде бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар доға болып қойылады. Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. «Өкіл» тәсілі оқушылардың белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты жүзеге асыруда тиімді тәсіл.
Өз сабағымда сонымен қатар үрленген шар арқылы ойналатын «Серпілген сауал», қағаз ұшақты ұшыру арқылы «Әуежай», «Жіпке тізіл», «Стикердегі сауал», «Құпия конверт», «Балық аулайық», «Допты ұстап ал», т.б. тәсілдер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, оларды ынталандырып, келесі сабаққа дайындықпен келулеріне серпін болады. Себебі, өткен тақырыпты білмейтін оқушы бұл ойындарға қатыса алмай қалатындығы белгілі. Сондықтан әр оқушы үй тапсырмасын орындап қана қоймай, ережелерді де қайталап келетіндігіне қол жеткіздім. Жаңашыл педтехнологиялардың тағы бір тиімділігі – оқушылардың сөз саптауына, өз ойларын еркін білдіруіне жол ашуы. Бұл әсіресе, «Екі жұлдыз, бір пікір», дебат құру, елші болып барған кездерінде, бір-бірінің жұмыстарына сын айтуда айқын көрінеді.
Тақырыптан ең бастыны ажырату, негізгі идеяларды түсінуде, оқығандарын сараптауда «Түртіп ал», «Т кестесі», «ББҮ» кестесі,«+ -», «Синквэйн», «Акросөз», «Тұжырымдамалық карта» т.б. пайдаланамын.
Қорыта айтқанда, 2015-2016 оқу жылының білім сапасының мониторингісіне қарасақ, деәуір өсу динамикасы байқалады. Математика пәнінен білім сапасы 40-тан 5- пайызға дейін, дейін өскендігін көресіздер. ҰБТ нәтижесі 50 пайызды құрады.
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Категория: Математика | Добавил: altynbibi (24.11.2017) | Автор: Хаметова Алтынбиби Маратовна E
Просмотров: 13702 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]