Главная » Статьи » Математика |
Есептің шешіміне түрлі амалдар
Ортақ тақырып: «Тағам және сусын» Бөлім: Есептер және математикалық үлгі Мектеп: №4 ОЖББМ Мұғалімнің аты-жөні: Жайманова Х.Е. Сабақтың тақырыбы Есептің шешіміне түрлі амалдар (2-сағат) 2-ші сағаты Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5.1.2сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды/ заттардың орналасуын, бағыттарын және ара қашықтықтарын анықтайтын терминдерді пайдалану 1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару 1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару 1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді. Қосымша тапсырманы орындай алады.Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап бере алады . Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Құндылықтарды дарыту Оқушыларды адамгершілік таныту, құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы 3 минут 2 минут 1 минут 3 минут 2 минут 1 минут Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Қайырлы күн болсын. Аптаның әр кезі, Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Өз тобыңды тап. Коктель таяқшалары арқылы топтарға бөлінеді. І-топ «Жемістер» ІІ-топ «Көкөністер» ІІІ-топ «Бөлкелер» Семантикалық карта арқылы өткенді бекіту. (деңгейлік тапсырма) Өз-өзін тексеру, дұрыс жауап тақтаға ілінеді. теңсіздік теңдік теңдеу 5+а=8 * 3<6 * 4=4 * х-6=4 * 5>2 * Бағалау «Шынығу». (өзін-өзі бағалау) Шаттық шебері Коктель таяқшалары Сематикалық карта Шынығу Сабақтың ортасы 6 минут 7 минут 1 минут 2 минут 6 минут 1 минут 7 минут 1минут Жаңа сабақ. Тақтамен жұмыс. МК. Ұ.Бағасына қарап жеміс-жидектерді салыстыру, қайсысы қымбат, арзандыған ажырату және қаншаға қымбат, арзан екендігін айту, салыстыру, дәлелдеу. (алма, алмұрт, банан т.б.) Т. 1тапсырма: Әр топқа тапсырма беріледі. І-топ Айгүл дүкеннен 6 дана алма, 4 дана алмұрт алды. Барлығы қанша жеміс алды? (шартын жазу) Алма-6 Алмұрт-4 ? ? Сызбасы: 6 4 Шешуі: 6+4=10 Жауабы: Барлығы 10 жеміс. ІІ-топ Арматтың досы 5 ақ шар және көк шар берді. Арматқа досы неше көк шар берді? (сызбасын сызу) Ақ шар- 5 Көк шар-? 8 8 Сызбасы: 5 ? Шешуі: 8-5=3 Жауабы: Арматта 3 көк шар бар. ІІІ-топ Әсем дастарханға 2 кесе және қасық қойды. Барлығы 9 ыдыс ақеліп қойды. (шешуін жазу) Кесе-2 Қасық-? 9 9 Сызбасы: ? 2 Шешуі: 9-2=7 Жауабы: Дастарханға 7 қасық қойылды. Бағалау «Бағдаршам» топты бағалау. Сергіту сәті «Дене мүшелері» Өзінің оң және сол жақтағы дене мүшелерінің қос-қостан атағанда екі қолын көтереді, бір ғана мүшені атағанда отырады. Мысалы: қол -2(қол көтереді) Аяқ -2(қол көтереді) Бас 1 (отырады) Көз -2, мұрын 1, құлақ – 2, иық -2. Қ. Дәптермен жұмыс Тапсырма: Берілген сызбаға қай есеп сай келеді? Екі есепті оқы, сызбамен салыстыр. Сызбаның қай есепке сызылғанын анықта. Сол нөмірді белгіле. 1 есеп: Назым қарындашқа 20 теңге, желімге 10 теңге төледі. Ол барлығы қанша ақша төледі. 2 есеп: Назымның 20 теңгесі бар. Ол 10 теңгесін желім сатып алуға жұмсады. Оның қанша ақшасы қалды? Бағалау критерийі: -есептерді салыстырады; -сызбаның қай есепке сызылғанын анықтайды; Дескриптор: -есептің қысқаша шартын құрады; - есептің шешуін жазады және мәнін табады; - есептің жауабын дұрыс жазады. Бағалау «Жұлдызша» (мұғалімнің бағалауы) Ө. Ж. 2 тапсырма. «Қажетті монеталарды ал» Әр топ өз алдында ыдыста тұрған өнімдердің құнына қарап қажетті монеталарды анықтайды. Бағалау «Смайлик» өзара бағалау Жеміс-жидек, бөлкелердің макеттері. Оқулық Флипчарт, маркер. Бағдаршам Сергіту сәті Жұмыс дәптері Жұлдызшалар Әр түрлі өнімнің макеттері Монеталар Смайлик Сабақтың соңы 3 минут Рефлексия «Пайыз» 20% - түсініксіз жерлері көп болды, сабаққа мүлдем қатыспадым. 50% - сабақты жартылай түсіндім, сабаққа да орташа қатыстым 75% - сабақ түсінікті, менің сабаққа қатысуым орташа 100%- сабақ өте түсінікті болды, мен белсенділік таныттым. Пайыздық көрсеткіш салынған тақтайша Анықтама 2018 жылдың 17 сәуір күні №4 жалпы орта және қосымша білім беретін мектеп-орталығында бастауыш сыныптар арасында қалалық семинар өткізілді. Семинар аясында 1 «А» сыныбында математика пәнінен «Есептің шешіміне түрлі амалдар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл тақырып екі сағатқа берілген. Өткізілген сабақ 2-ші сағаты. Оқу мақсаты: 1.5.1.2сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды/ заттардың орналасуын, бағыттарын және ара қашықтықтарын анықтайтын терминдерді пайдалану 1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару 1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару 1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру. Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді. Қосымша тапсырманы орындай алады.Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап бере алады . Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Семинарға қатысқан 7 жас маман және мектеп әкімшілігі атынан А.А. Ермұханова ашық сабаққа қатысты. Ашық түрде өткізілген ашық сабақ көздеген мақсатына жетті. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты. Сабақ үстінде бірнеше әдіс тәсілдер қолданылды. Сабақ шаттық шеңбермен басталып, коктель таяқшалары арқылы топқа бөлінді. Өткен сабақты пысықтау мақсатында семантикалық карта қолданылды. Бұл жұмыс деңгейге байланысты берілді. Жұмыс соңында оқушылар өздерін «Шынығу» әдісі арқылы бағалады. Мұғалімнің көмегі арқылы ұжымдық жұмыс тақтада орындалды. Оқушылар әр тағамның бағасына қарап, қаншалықты қымбат, қаншалықты арзан екенін анықтап айтып өтті. Бұл жұмыс мұғалімнің мадақтауы арқылы қорытындыланды. Сабақ әрі қара топтық жұмыспен жалғасты. Мұғалім әр топқа әртүрлі тапсырма берді. Бірінші топ есептің шешуін тапты, келесі топ есептің шартын жазды, үшінші топ есептің сызбасын сызып, постер қорғады. Әр топ бірін-бірі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалады. Сергіту сәтінен соғ дәптермен жұмыс жүргізілді. Даптердегі тапсырмаға критерий мен дескриптор құрылды. Бұл жұмыс мұғалімнің «Жұлдызша» әдісі арқылы бағаланып, қорытындыланды. Сабақ жұптық жұмыспен аяқталды. «Қажетті монеталарды ал» әр топ өз алдында ыдыста тұрған өнімдердің құнына қарап қажетті монеталарды анықталып, «Смайлик» өзара бағалау өткізілді. Сабақ аяғында кері байланыс пайыз арқылы алынды. 100% -14 оқушы, 75% - 3 оқушы беріп отыр. Бұл сабақтың көздеген мақсатқа жеткендігін баяндайды. Пән мұғалімі: Жайманова Х.Е. | |
Просмотров: 994 | |
Всего комментариев: 0 | |