Главная » Статьи » Математика

Координаталық түзулердегі нүктелердің арақашықтығы
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзулердегі нүктелердің арақашықтығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: координаталық түзуге анықтама беру; координаталық түзуде санақ басын, оң және теріс сандардың орналасуын, координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келетінің меңгерту; оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу.
2. Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; ой-өрісін кеңейту; теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру; меңгерілген білімді есеп шығаруда қолдана білу қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің элементтері, ассоциация.
Пәнаралық байланыс: сурет, биология, орыс тілі, ағылшын
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: ( дәптер алмастыру)
ІІІ. Өткен тақырыпты жандандыру:
1. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
2. Қандай таңба оң санды білдіреді?
3. Қандай таңба теріс санды білдіреді?
4. Кез-келген теріс сан оң саннан қандай?
IV. Жаңа сабаққа кіріспе
Роза мен Диана бір жерден бір – бірінен қарама – қарсы бағытта жүгірді. Роза 5 м/с жылдамдықпен жүгірсе, Диана 4 м/с жылдамдықпен жүгірді. Қыздардың әрқайсысының 1 секундтан кейінгі орындарын көрсетіңдер.
-4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5
Жауабы: (-4);(5)
V. Жаңа сабақ
Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады. Ол үшін:
1.Түзу сызып, оның бойынан 0 нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек.
2. Бірлік кесіндіні таңдап алу қажет.
3. Оң бағытты көрсету керек.
Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.
Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын 0 нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.
- бірлік кесінді
0 нүктесі координаталық түзуді қарама-қарсы екі бағытқа бөледі.
І. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді.
ІІ. Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу.
ІІІ. Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу.
Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.
VI. Есептер шығару
№496,508
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
№307. Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан: А(-5), В(-3,5), С(-2), Д(3), Е(-4,5) және К(5) нүктелерін белгілеңдер.
-5-4,5 -3,5 -2 0 3 5
А Е В С Д К
№308. Координаталық түзудегі А, В, С, Д және Е нүктелерін координаталарымен жазыңдар (2.8-сурет).
Жауабы: А(-4); В(-2,5); С(-1); О(0); Д(2); Е(3).
№310. Координаталық түзуді (бірлік кесінді ретінде дәптердің бір тор көзінің ұзындығын алып) сызып, оның бойынан мына нүктелерді белгілеңдер: Е(5), Р(-4), О(0), Т(9), П(-7), Н(7), Ц(2).
Егер нүктелерді дұрыс орналастырсаңдар, «жүзден бірдің» математикалық атауын оқисыңдар.
II деңгей
№313. 2.11-суретте мысықтың тұрған орны координаталық түзудің санақ басы болатын О нүктесіне сәйкес келеді. Торғайдың, тышқанның тұрған нүктелерінің координаталарын табыңдар. Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе, тышқанға жетеді? Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе, торғайға жетеді?
Жауабы: Торғай (-4); Мысық (0); Тышқан (5). Солға 4 бірлікке секірсе торғайға жетеді. Оңға 5 бірлікке секірсе тышқанға жетеді.
III деңгей
№321
Координаталық түзу бойында:
1. А(-3) және В(2);
2. А(-4) және В(5) нүктелерін кескіндендер. А және В нүктелерінің ара қашықтығын бірлік кесінді есебімен табыңдар.
Шығармашылық есеп
Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-2) және В(1) нүктелерін белгілеңдер. А нүктесі В және С нүктелерінен бірдей қашықтықта. С нүктесінің координатасын табыңдар.
С А В
-5 -2 1
VІI. Сергіту сәті:
“ Математикалық амалдарды пайдалану” ойыны
КО+ОР+ДОР -ОР+ИНАС-С+ТА+ЛЫП-П+Қ= КООРДИНАТАЛЫҚ
ТҮС — С+ЗП-П+У= ТҮЗУ
Сөздікпен жұмыс
Координата-координата-coordination
Түзу-прямая-straight
VIIІ. Сабақты бекіту: (ассоциация)
Санақ басы
Оң сандар теріс сандар
Оң бағыт бірлік кесінді
IX. Бағалау: деңгейлік тапсырмаларды орындауына қарай оқушыларды бағалау жүргізіледі.
Х. Үйге тапсырма: №518
Категория: Математика | Добавил: Бакытжан (22.11.2014) | Автор: Атаманова Бакытжан Жанбырбаевна E
Просмотров: 10605 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 1
1 Ainagul  
сабақ жоспарыңыз жақсы құрылған

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]