Главная » Статьи » Химия |
ашық сабақтың тақырыбы: "Алюминий және оның қосылыстары"
Мақсаты: Алюминий және оның қосылыстары туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, алюминийдің маңызын, қолданылуы мен табиғатта таралуын және физикалық - химиялық қасиеттерін ұғындырып, реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету. Міндеттері: а) білімділік: оқушылардың алюминий және оның қосылыстары жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау Ә) дамытушылық: оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, логикалық ой-өрісін дамыту; Б) тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, логикалық ой-өрісін дамыту; Сабақтан күтілетін нәтиже: - Алюминий туралы теориялық білімінің кеңейеді; - Алюминийдің химиялық қасиетін сипаттап, реакция теңдеуін жазып, оның екі дайлы қасиетін тәжірибе жүзінде дәлелдей алады; - Ғылыми тілі қалыптасады; -Танымпаздық іс - әрекеті , ойлау белсенділігі , тапқырлығы артады • Сабақ түрі : танымдық (кіріктірілген) • Сабақ әдісі: зерттеушілік, көрнекі-сарамандық, иллюстрация ,сұрақ – жауап, топтық. • Көрнекілік: интерактивті тақта, электрондық оқулық, тақырыптық слайд Қажетті құрал -жабдықтар: алюминийдің жинағы • Пән аралық байланыс: физика, география, биология Сабақтың барысы: I кезең “Қызығушылықты ояту ” II кезең “Мағынаны тану” III кезең “ Ой түйін” IV кезең“Рефлексия” 1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа даярлығы мен қатысы тексеріледі. 2. Сабақтың ұраны: «Іздесең - табасың, талаптансаң – жетесің, зейін салсаң – ұғасың» деген ұранмен оқушыларға алдын- ала интернет желісінен жаңа сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар бердім. Жаңа сабақты бастамас бұрын Insert кестесін пайдаланып, оқушылармен бірге жоба құрылады. Оқушылар кестені пайдаланып алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысына сипаттама береді және алюминийдің табиғатта кездесетін қосылыстары туралы бейне көрсетіледі. «Мағынаны тану» кезеңінде топтық жұмыс орындалады. Әуелі оқушыларды элементтер арқылы 4 топқа бөлемін. I- топ. Физиктер (O, Na, K, H) «Алюминийдің физикалық қасиеттері» II- топ. Географтар (F,CI,Br,I) «Алюминийдің қосылыстары мен табиғатта таралуы» III-топ. Биологтар (S,Ca,Mg,Ag) «Алюминийдің маңызы мен қолданылуы» IV-топ. Химиктер (B,AI,N,C) «Алюминий және оның қосылыстарының қасиеттері» Оқушыларды жобамен таныстырғаннан кейін оларға 5 минут уақыт беріледі. Белгілі уақыттан кейін әр топтың жауабы тыңдалады. Барлық топтың жауабы тыңдалғаннан кейін өзім олардың жауаптарын толықтырып өтемін. 1. Физик. Алюминий – күміс түсті, ақ, жеңіл металл, тығыздығы – 2,7 г/см³ балқу температурасы 660,4°С, қайнау температурасы 2467°С. Өте иілімді, одан жіңішке сым жасауға және фольгаға айналдырып таптауға да болады. Электр өткізгіштігі күміс және мыстан кейінгі деңгейде. 2. Географ. Алюминий кеңдерінің бай қорлары Қазақстанда, Оралда, Хибин тауларында, Башкирияда, Сібірде кездеседі. Боксит - Al₂O₃-nH₂O Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар. Олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі. 3. Биолог. Ересек адам күніне алюминийдің 30-50 мг қажет етеді. Күнделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда 20-200 есе көп болады. Алюминий судың, ауаның, дәрілік препараттың, иіс сулардың, алюминийден жасалған ыдыстарда болады. Алюминий зат алмасуға, жүйке жүйесінің қызметіне, жасушаның көбеюі мен өсуіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ағзадағы көп мөлшері қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, есінен тануына да әсер етеді. Кейбір зерттеулерде алюминий мидың зақымдануына да әсер етеді. Алюминий тұздарының көп болуы ағзадағы кальцийді төмендетеді, фасфордың адсорбциялануын азайтады, сүйектегі, бауырдағы, мидағы алюминийдің құрамын 10-20 есеге арттырады. 4. Ашылу тарихы. а) өнеркәсіптік әдіспен (балқыма электролизі) алюминийді алғаш рет 1854-1856 жылы француз химигі Анри Этьен Сент-Клер Девиль алды. 2007 жылдан бастап Қазақстанда алюминий алатын Павлодар электролиз зауыты жұмыс істей бастады. Алюминий оксидінің балқымасына электр тоғымен ыдыратып алады: ⁺³₂O⁻²₃=4Al°+3O°₂ «Ой түйін» жаңа тақырып бойынша оқушыларға а) кесте толтыру ұсынылады Алюминий қосылыстарыныңатаулары Химиялықформуласы Алюминий оксиді Алюминий сульфаты Алюминий гидроксиді Алюминий хлориді Алюминий нитраты Алюминий бромиді Ә) тәжірибе көрсетіледі. Көрсетілім бойынша өздері қорытындылап реакция теңдеулерін өздері дәптерлеріне жазады. б).Есептер шығару. 1. Металл алюминийдің құрамында 1,5 моль натрий гидроксиді бар, сілті ерітіндісімен әсер еткенде сутектің қандай көлемі (қ.ж) бөлінетінін есептеңдер. 2. Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз. Al→ Al2O3 → Al(OH)3→ AlCl3 → Al(NO3)3 ІУ.Бағалау. “Екі жұлдыз, бір тілек” Екі топ бірін-бірі бағалап, ойын білдіреді. Бағаны не себептен олай қойғанын түсіндіреді. Қарсы топқа екі жақсы орындаған тапсырмасымен, бір өз өзгерісін не ұсынысын айтады. У. Рефлексия Бүгін сабақта қандай жаңа тың мәселер туралы білдіңіз? Сіз үшін ең пайдалы болғаны не? Қандай ақпарат Сіз үшін күтпеген болды? УІ.Үй тапсырмасы: §38-39 130 бет 2,3,4 жаттығу. 132 бет 4,5 жаттығу | |
Просмотров: 2354 | | |
Всего комментариев: 0 | |