Главная » Статьи » Химия

Фосфордың негізгі қосылысы - фосфор (V) оксиді, ортофосфор қышқылы және фосфаттар
Сабақтың өтіліетін мерзімі:_____________________________
Сабақтың тақырыбы: Фосфордың негізгі қосылысы - фосфор (V) оксиді, ортофосфор қышқылы және фосфаттар
Сабақтың мақсаты:
а) біліктілік: оқушыларды фосфор оксидтерінің, фосфор қышқылдарының қасиеттерімен таныстыру,
ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.
б) тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың міндеттері:
а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.
ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)
Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.
Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру (2 минут)
2. Үй тапсырмасы (10 минут)
3. Жаңа сабақ (20 минут)
4. Пысықтау (5 минут)
5.Үйге тапсырма (2 минут)
6. Бағалау (3 минут)
7. Қорытындылау (3 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
4. Журнал бойынша түгелдеу.
5. Оқу құралдарын түгелдеу.
6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
8. Жаңа сабаққа дайындық.
9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
10. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Фосфордың периодтық жүйедегі орны,атомының құрылысы, қасиеттері.Фосфордың таралуы, маңызы және қолданылуы.Фосфордың негізгі қосылысы- фосфор (V) оксиді» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Карточкамен жұмыс
1-карточка. Фосфор мен күкірт арасындағы қосылыс түзілгенде ,электрондар фосфордан күкіртке қарай ма, әлде керісінше ме, қай элементке қарай ығысады? Солардан құралған оң электрлігі жоғары элементтің максимал тотығу дәрежесін көрсететін қосылысының формуласын жазыңдар.
Жауабы: Фосфор мен күкірт арасында қосылыс түзілгенде электрондар фосфордан күкіртке қарай ығысады. Оң электрлігі жоғары элементтің максимал тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың формуласы: Р2S5
2-карточка. Фосфор мен фтор арасында қосылыс түзілгенде электрондар фосфордан фторға қарай ма, әлде керісінше ме, қай элементке қарай ығысады? Солардан құралған оң электрлігі жоғары элементтің максимал тотығу дәрежесін көрсететін қосылысының формуласын жазыңдар.
Жауабы: Фосфор мен фтор арасында қосылыс түзілгенде электрондар фосфордан фторға қарай ығысады. Оң электрлігі жоғары элементтің максимал тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың формуласы: РҒ5
3-карточка.Ақ фосфор кристалдары өте мөлдір және түссіз, бірақ жарықта , ауасыз жерде болса, көмескіленеді де қызарады. Мұны қалай түсіндеруге болады?
Жауабы: Ақ фосфор кристалдары жарықтың әсерінен жылу алып, қызыл фосфорға айналады. Қызыл фосфор ақ фосфордың аллотропиялық түр өзгерісі.
4-карточка. Қызыл фосфор мен ақ фосфор шынында бір элементтің екі аллотропиялық түр өзгерісі екенін қалай дәлелдейсіңдер? Дәлелдеудің екі тәсілін келтіріңдер.
Жауабы: Қызыл фосфорды тез суыту арқылы ақ фосфор алуға болады, ал ақ фосфорды ауа қатыстырмай қыздыру арқылы қызыл фосфор алады.
5-карточка. Фосформен бір топта орналасқан азот табиғатта негізінен бос күйінде кездеседі, ал фосфордың табиғатта тек қосылыс түрінде ғана таралуы неліктен?
Жауабы: Химиялық активтігі жоғары болғандықтан фосфор табиғатта тек қана қосылыстар түрінде кездеседі.
6-карточка. Қызыл және ақ фосфор бірдей жағдайда жанғанда бірдей қосылыстар түзіле ме әлде әртүрлі қосылыстар түзіле ме?
Жауабы: Бірдей қосылыс түзіледі: 4Р + 5О2 → 2Р2О5
ІІ-тапсырма. Тест жұмысы (5-сұрақ)
1. Фосфордың салыстырмалы атомдық массасы
A) 23 cool 24 C) 27 D) 31 E) 32
Дұрыс жауап: D
2. Фосфордың электронды конфигурациясы
A) 1s22s22p63s23p1 cool 1s22s22p63s23p2
C) 1s22s22p63s23p3 D) 1s22s22p63s23p4 E) 1s22s22p63s23p5
Дұрыс жауап: C
3. Фосфордың табиғаттағы қоры .............. түрінде болады
A) CaSiO3 cool 3Ca3(PO4)2 • CaF2 C) Ba3(PO4)2 D) H3PO4 E) Ca3P2
Дұрыс жауап: B
4. Фосформен әрекеттесетін заттар
A) KCl, H2, BaO cool NaCl, Al, Li2O C) O2, S, Ca, Cl2 D) MgO, N2O5, Cl2O7 E) CO2, Na2O, MgCO3
Дұрыс жауап: C
5. Фосфордың болуы мүмкін тотығу дәрежелері
A) – 2, + 4 cool – 3, + 5 C) – 1, + 7 D) + 2, + 4 E) + 3, + 6
Дұрыс жауап: B
ІІІ-тапсырма. Есеп шығару.
1. Сутегі бойынша тығыздығы 62-ге тең ақ фосфор молекуласындағы фосфор атом саны
Шешуі: Мr(Р2О5) = Д(Н2)•Mr(Н2) = 62 •2 =124

2. Кальций фосфатындағы фосфордың массалық үлесі (%)
Шеуші: Мr(Са3(РО4)2) = 310
Аr(Р) = 62

ІV-тапсырма. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз:
P →P4О10 → Н3PО4 → Na3PО4 → Ca3(PО4)
Шешуі:
1) 4P + 5O2 →P4O10
2) P4О10 + H2O → 4Н3PО4
3) Н3PО4 + 3NaOH → Na3PО4 + 3 H2O
4) 2 Na3PО4 + 3Ca(OH)2 → Ca3(PО4) ↓ + 6NaOH
V-тапсырма. Жұмбақ.

1. Құрамында фосфор бар ,
Бір емес бірнеше қышқыл бар.
Бәрінің де атын атап
Формуласын жазыңдар.
2. Фосфин, фосфид және фосфаттар
Бәрінің құрамында фосфор бар.
Химиялық құрамдарын көрсетін,
Бәрінің де формуласын жазыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Фосфордың негізгі қосылысы - фосфор (V) оксиді, ортофосфор қышқылы және фосфаттар» тақырыбы жайлы түсіндіремін
Фосфор оксидтері. Фосфор екі түрлі оксид түзеді: Р2O3 және Р2O5.Фосфордың оксидтері димерленген күйінде жүреді, яғни Р4О6, Р4О10
Алынуы. Фосфорды жағу арқылы:
4Р + 3О2 = 2Р2О3 (оттегі жетіспегенде)
4Р + 5О2 = 2Р2О5→Р4О10 (оттегі артық болғанда)
Химиялық қасиеттері. Фосфор (V) оксиді - қышқылдық оксид, су тартқыш, ақ қопсыған ұнтақ.
1) сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді
Р2О5 + Н2О = 2НРО3 метафосфор қышқылы
Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4 ортофосфор қышқылы
2) негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді
Р2О5 + 6NaOH = 2Na3PО4+ ЗН2О натрий ортофосфаты
3) негіздік оксидпен тұз түзіледі
Р2О5 + ЗСаО = Са3(РО4)2 кальций ортофосфаты
Қолданылуы. Р2О5 - су тартқыштығы (гигроскопиялық) жоғары болғандықтан газдарды құрғату үшін қолданылады.
Фосфор қышқылы. Физикалық қасиеттері. Фосфор қышқылы — түссіз кристалды, улы емес зат. Суда жақсы ериді. Фосфор қышқылы H3РО4 орташа қышқыл катарына жатады.
Алынуы. Фосфор (V) оксидін суда еріту арқылы
Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4
Фосфоритке концентрлі қышқылмен әрекет ету арқылы
Са3(РО4)2 + 3H2SО4(конц) = 2Н3РО4+ 3CaSО4
Фосфор қышқылы суда ерігенде, сатылап диссоциацияланады:
Н3РО4 ⇄ Н+ + Н2РО4- дигидрофосфат ион
Н2РО4 ⇄ Н+ + Н2РО4- дигидрофосфат ион
Н3РО4 ⇄ Н+ + Н2РО4- дигидрофосфат ион
Ортофосфор қышқылының алғашқы сатысына қарағанда келесі сатыларында иондарға ыдырау мүмкіндігі біртіндеп төмендейді. Сондықтан ерітіндіде басқа иондарға қарағанда дигидрофосфат Н2Р04 ионы көбірек болады.
Фосфор қышқылы үш түрлі тұз түзеді: NaH2PО4 - натрий дигидрофосфаты; Na2HPО4 - натрий гидрофосфаты; Na3PО4 - натрий фосфаты.
Фосфор қышқылының Na, К тұздары - ортофосфаттары, гидро- және дигидрофосфаттары суда жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері. Фосфор қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсетпейді, қышқылдарға тән барлық реакцияларға түседі.
1) активті металдармен сутек бөле әрекеттеседі:
2Н3РО4 + ЗСа = Са3(РО4)2+ ЗН2↑
2) негіздік оксидтермен тұз бен су түзеді:
2Н3РО4 + 3MgO = Mg3(PО4)2+ ЗН2О
3) негіздермен тұз бен су түзе әрекеттеседі:
Н3РО4 + 3NaOH = Na3PО4 + 3H2О
4) әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі;
2H3PО4 + 3Na2S = 2Na3PО4 + 3H2S↑
жаңа тұз және жаңа қышқыл түзеді.
Фосфор қышқылының қалдығына (РО43-) сапалық реакция жасау үшін күміс ионы (Ag+) қолданылады.
Н3РО4+ 3AgNО3 = Ag3PО4↓+ 3HNО3
РО43-+ 3Ag+→ Ag3PО4↓
Қолданылуы. Н3РО4→фосфаттар→тыңайтқыш.
Фосфор қышқылы тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті органикалық фосфорлы қосылыстар күйінде көптеп кездеседі (АТФ; глюжкозофосфат).
Фосфат ионға РО43- сапалық реакция: Фосфор қышқылының қалдығына (РО43-) сапалық реакция жасау үшін күміс ионы (Ag+) қолданылады.
күміс нитратының 3- 4 мл ерітіндісін H3PО4, Nа3РО4 немесе Na2HPО4 ерітінділеріне тамызса, сары түсті күміс (I) фосфаты түнбаға түседі:
Н3РО4+ 3AgNО3 = Ag3PО4↓+ 3HNО3
РО43-+ 3Ag+→ Ag3PО4↓
Қолданылуы.Фосфор қышқылы дәрі-дәрмек жасайтын өнеркәсіпте пайдаланылады. Кальций дигидрофосфаты Са(Н2РО4)2 нан пісіруде пайдаланатын және алкогольсіз сусындар алуға арналған ұнтақтар ретінде қолданылады. Ал сілтілік металдардың фосфаттарынан жуғыш заттар алынады. Фосфор қышқылы және оның тұздары көбінесе минералдың тыңайтқыш алуға жүмсалады
ІV.Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.
І-тапсырма. Сұрақ жауап.
1. Фосфор қышқылы қалай алынады?
2. Фосфор (V) оксидінің физикалық қасиеттері.
3. Фосфор қышқылының химиялық қасиеттері.
4. Мына тұздардың формуласын жазыңдар:

а) калий фосфаты;
ә) калий гидрофосфаты;
б) калий дигидрофосфаты;
в) кальций фосфаты;
г) кальций гидрофосфаты;
д) кальций дигидрофосфаты;
е) алюминий фосфаты;
ж) аммоний гидрофосфаты;
ІІ-тапсырма. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз:
Ca3 (PО4)2 → P4 →H3PO4 → Ca(H2PО4)2 → Ca3 (PО4)2
Шешуі:
1) Ca3 (PО4)2 +10C + 6SiO2 → 4P + 6CaSiO3 + 10CO
2) P + 5HNO3() → H3PO4 + 5NO2↑ + H2O
3) 4H3PO4 + Ca3 (PО4)2 → 3Ca(H2PО4)2
4) Ca(H2PО4)2 + 2CaSO4 → 2H2SO4 + Ca3 (PО4)2
V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
§ 21 , 1- 6 –жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.
VІ. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.
Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау кезеңі.
Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.
І-тапсырма. Жұмбақ.
Ортофосфор қышқылының үш түрлі тұзы бар,
Дигидрофосфаттар, гидрофосфаттар, ортофосфаттар.
Мысал келтіріп, түсіндіріп айтыңдар,
Қолданылатыны олардың қандай мақсатқа

Сабақты аяқтап, балалармен қоштасамын.

Тексердім:___________________________
______________________________________
__________________________________________________________________________________
Категория: Химия | Добавил: Исабековна (09.07.2015) | Автор: Хадиша E
Просмотров: 8912 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]