Главная » Статьи » Химия |
ХИМИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ/ сабақтан тыс іс-шара /
Бигелова Баян Куатбековна химия пәнінің оқытушысы Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш қаласы Тақырыбы : Химия әлеміне саяхат/ сабақтан тыс іс-шара / Сабақтың мақсаты мен міндеттері : Білімділік: Оқушының санасында химияның ғылымдағы , тұрмыстағы маңызы , басқа салалармен байланысы туралы білім қалыптастыру , белгілі бір мамандық таңдау үшін соның төңерегінде жан-жақты дайындық пен терең білім қажеттігін сезіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, іздену қабілеттіліктерін дамыту. Химиялық қосылыстардың қасиеттерін меңгеру. Тәрбиелік: Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, топпен жұмыс істеуге үйрету. Пәнге деген қызығушылықты дамыту. Міндеті : Білімі мен білігіне сай бағдар таңдап алуға қолдау жасау Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Қолданылатын әдістер: мультимедиялық проектор, ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап түрлері, өз беттерімен жұмыс жасау, топтасып жұмыс жасау. Қолданылатын көрнекіліктер: үлестірмелер, бейорганикалық және органикалық қосылыстар жазылған кескінділер, аукционға түсетін лот сұрақтары, элементтер көрмесі. Химиялық реактивтер мен ыдыстар: Калий дихроматы K2Cr2O7, натрий нитраты NaNO3, қант C12H22O11,аммоний дихроматы (NH4)2Cr2O7, шыны таяқша, асбестелген тор, қағаз желімі, штатиф, ширатылған машина жібі, ас тұзының қаныққан ерітіндісі, қаламұш. Пән аралық байланыс: бейорганикалық химия, биология, физика, география, математика Іс-шараның барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Негізгі бөлім 3.Қорытындылау 4. Марапаттау Оқытушы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Химия пәніне арналған «Химия–өмір тынысы » атты іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Енді сөз кезегін іс-шараны жүргізушілерге берейік. 1-жүргізуші: Химия әлеміне саяхатты Білім жәрмеңкесінен бастайық. Жәрмеңке деген ертеден келе жатқан, қалыптасқан үлкен сауда мейрамы. Жәрмеңке кезінде әр қилы тауарлар сатылып, ойындар ұйымдастырылып, өнер сайыстарына түсіп, ғажайып таңқаларлық көріністер көрсетіліп көңіл көтереді. 2-жүргізуші: Бүгінгі біздің жәрмеңкемізде оқушылардың білімдері, тапқырлықтары, шапшаңдықтары сайысқа түседі. Осы залда өз білімдеріне сеніп, сауда қатарларынан көп мөлшерде қажетті заттар сатып алуға, өз білімдерін сатып көп ұпай жинауға келген оқушыларды қошеметпен қарсы алайық. 1-жүргізуші: Білім жәрмеңкесі 3 сауда қатарынан және «Тосын сый» бөлімінен тұрады. Сауда қатарлары: 1. «Аукцион» сауда қатары 2. «Эврика» сауда қатары 3. «Химиялық лото» сауда қатары 4. Тосын сый Енді осы сауда қатарларына саяхат жасайық. 2-жүргізуші: Қызықты саяхатымызды бастамас бұрын іс-шараның жеңімпаздарын анықтайтын әділқазылар алқасымен сіздерді таныстырып өтейік 1-жүргізуші: Сайысқа түсетін топтарды ортаға шақырайық. Әр топ берілген орындарға отырады. Топтар өзерін таныстырулары қажет. «Таныстыру» сәті «3» балдық жүйемен бағаланады. 2-жүргізуші: Ал, балалар енді сауда қатарларына саяхатымызды бастайық. «Аукцион» сауда қатарына шақырамыз. Әр сатылып алынатын зат құны «5» балдық жүйемен бағаланады. Мақсаты: Жарыс ойыны арқылы химиялық қосылыстардың жіктелуін меңгеру, аттарын еске сақтау қабілеттіліктерін арттыру, тез ойлауды қалыптастыру. Ойын тәртібі: Стол үстіне саудаға түсетін заттар (сұрақтар ретінде жазылған) нөмірленіп, ретпен қойылған. Аукцион жүргізуші адам №1 лотты атайды. Ойынға қатысушылар шапшаңдықпен тез жауап бере бастайды, егер жауап арасында ұзақ үзіліс болса жауап айтуды тоқтатып лот №1-ді үш рет қайталап, соңынан «Сатылды» деп жариялайды. Әрі қарай келесі зар (сұрақ) саудаға түседі. Оқушылар өз жауаптарын сатып ұпай жинайды. Аукционға түсетін сұрақтар: Лот №1 Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. (температура, концентрация,катализатор,әрекеттесуші заттар табиғатының әсері) Лот №2 Металдарға тән физикалық қасиеттер қандай.(металдық жылтыр,электр және жылуөткізгіштік,иілгіштік,тығыздық,қаттылық) Лот №3 Көп атомды спирттерге қандай органикалық заттар жатады.(этиленгликоль, глицерин,сорбит,ксилит) Лот №4 Альдегидтер құрамында қандай функционалды топ бар.(карбонил тобы) Лот №5 Майлар қалай жіктеледі.(сұйық және қатты) Лот № Мұнай дегеніміз не?( қара қоңыр түсті, өзіне тән исі бар, май тәріздес, қоймалжын сұйық зат.) 1-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан «Аукцион» ойынының қорытындысын шығаруларын сұраймыз. 2-жүргізуші: Химия әлемі шешілмеген жұмбақ секілді. Бұл әлемде адам қызығарлық көптеген жағдайлар, құбылыстар болып тұрады. Саяхат жасау өте қызықты және тартымды. Біз сіздерге осы құбылыстардың біреуін көрсетейік. 1-жүргізуші: Кезекті «Эврика» сауда қатарына берейік. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттіліктерін жетілдіреді. Нақтылыққа үйретеді. Химиялық атауларды еске сақтауға көмектеседі. Бұл сауда қатарының ең жоғарғы бағасы «3» балл. Саудаға түсетін тапсырмалар таратпа ретінде беріледі. Ойын «Атаулар-синонимдер» Химияда көп заттардың номенклатуралық атаулары бар, сонымен бірге күнделікті өмірде қолданылатын атаулары бар. Тапсырманың мақсаты бір затқа сәйкес келетін екі атауды тез табу, бірімен бірін жалғау. 1- Таратпа Калий пермонганаты Ацетон Кальций карбонаты Этаналь Мыс сульфаты Мрамор Сірке альдегиді Маганцовка Диметил кетон Мыс купаросы Ойын «Артық затты табыңдар» Бес қатарға көлденеңнен әр түрлі әр түрлі бейорганикалық және органикалық қосылыстар жазылған. Оқушының мақсаты әр қатардағы сол класқа жатпайтын қосылысты тез тауып сызып тастауы қажет. 2- таратпа NaOH SO2 Mg(OH)2 Ca(OH)2 СН3OH CH4 C6H14 C2H5OH C6 H6 C2H2 KCI CaSO4 H2SO4 MgO NaNO3 KOH H-COOH CH3-COOH CH3CH2-COOH CO2 H2CO3 H3PO4 H2S АI2O3 HF Ойын «Кім көп сөз біледі» Берілетін уақыт 5 минут. Бір сөз жазылған таратпа беріледі. Әр әріптің төменгі жағына сол әріптен басталатын химиялық заттар, атаулар, қосылыстар аттарын жазу керек. Берілген уақыт ішінде неғұрлым көп сөздер жазылса сол топ жеңіске жетеді. Э Л Е К Т Р О Н 1-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан осы ойынның қорытындысын шығаруларын сұраймыз. 2-жүргізуші: Кезекті сергіту сәтіне берейік. Химиялық бір ғажайып құбылысты тамашалаңыздар. 1-жүргізуші: Ал балалар, енді келесі саяхатымызды «Химиялық лото» сауда қатарымен жалғастырайық. Мақсаты: Бейорганикалық және органикалық қосылыстарды қайталау, еске түсіру кезеңіне арналады. Оқушылардың ойлау қабілеттіліктерін дамытады. Ойын жүргізуші әр топқа 4 лот таратып береді. Оқушылардың мақсаты, қалың, қара әріппен жазылған заттарды жанында жазылған қай заттардың өзара әрекеттесуінен түзіледі, соның реакция теңдеуін жазулары керек. Лот №1 NaOH Na HOH Na2O NaCI Лот №2 СO2 CaCO3 H2SO4 CaO H2O Лот №3 C2H5OH HOH C2H2 C2H5ONa CO2 Лот №4 CH3COOC2H5 CH3COOH CH4 C2H5OH CH3OH 2-жүргізуші: Ал балалар біз бүгінгі химия әлеміне саяхат жасап, қойылған сауда қатарларын аралап, өз білімдерімізді көрсетіп, ойларымызды ортаға салдық. Енді әділқазылар алқасы әр топтың ұпайларын жинап, жүлдегергерді анықтағанша біз сіздермен сұрақ-жауап викторинасын ойнап жіберейік. 1. Егер натрий хлоридін суда ерітсе не болады? (тұзды су). 2. Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл бар? (тұз қышқылы). 3. Егер кұкірт қышқылына саусағымызды батырсақ не болады? (күйеді). 4. Қандай су дем алудан лайланады? (әк суы). 5. Сусыз спирт қалай деп аталады? 6. Қандай су ем үшін пайдаланады? (минералды сулар, жер асты сулар). 7. Сұйық металды атаңдар.(сынап). 8. Денатурат дегеніміз не?(техникалық спирт) 9. Глицерин қайда қолданылады? (қопарғыш зат алуда, дәрі-дәрмек жасауда,парфюмерияда,тамақ өнекәсібінде) 10. Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын қандай карбон қышқылдарын білесіңдер? (лимон қышқылы, сірке қышқылы, алма қышқылы т.б.) 1-жүргізуші: Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. Қатысқан оқушыларға көп - көп рахмет. 1- орын 2- орын 3- орын 2-жүргізуші: Қорытынды сөз пән оқытушысына беріледі. Оқытушы:Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз оқушылар арасында химия әлеміне саяхат жасадық. Қазіргі қоғамда өрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп отырғанын жақсы біледі. Бүгінде химия шаруашылықтың барлық салаларында ғана емес, күнделікті түрмысымызда да кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде түрмыс химиясы зор карқынмен дамуда. Химия және оның жетістіктері егеменді еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Химиясыз ғылыми-техникалық прогресс болуы да мүмкін емес. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Е.П. Сгибнева, А.В.Скачков «Современные открытые уроки химии», изд. «Феникс»2000 г. 2. В.Ольгин «Опыты без взрывов», изд. «Химия»1986г. 3. В.Малышкина «Занимательная химия нескучный учебник», изд. «Тригон» Сант-Петербург 1998г. | |
Просмотров: 1907 | |
Всего комментариев: 0 | |