Главная » Статьи » Химия |
МЕТАЛДАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Бижан Динара Орынбасарқызы Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі Химия пәнінің оқытушысы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы Сабақтың тақырыбы: Металдардың химиялық қасиеттері Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен еңбектену іскерлігін арттырып, танымдық белсенділіктерімен ой-өрісін дамыту. Білім беру міндеті: Оқушылардың оқулық және электронды оқулық арқылы өз бетімен жеке жұмыс істеуін негізге ала отырып, металдардың қасиеттерін сипаттайтын тапсырмаларды орындап, қорыта білуге үйрету . Тәрбиелік міндеті: саяси сауаттылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, эстетикалық талғамын арттыруға , дүниетанымдылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық міндеті: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше , сызба-нұсқа құру. Тірек конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалды деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту. Сабақтың түрі: баяндау-әңгімелесу, аралас сабақ . Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, жобалау технологиясы Көрнекі құрал-жабдықтар: Ақпарат құралдар, элементтердің периодтық кестесі, металдар түрлері, қышқыл, тұз, мулльтимедия «лабораториялық жұмыстар» Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (Оқушыларды түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру, бағалау парағы бойынша оқушылар өз өзін бағалайтынын ескертіп өту) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру І кезең «Сергіту» кезеңі І тапсырма «Сандарды сөйлетейік» ойыны ( І,ІІ,ІІІ ), ІҮ – ҮІ , І-ҮІІІ, 80, 19, +1 — +3, 0,5 , 22, 26 Жауабы: І,ІІ,ІІІ топтың негізгі топшаларында Н пен В басқасы металдар ІҮ-ҮІ топтың негізгі топшаларының төменгі сол жағында орналасқан элементтер – металдар І-ҮІІІ топтардың қосымша топшаларында металдар орналасқан 80 – химиялық элементтердің 80 астамы металдар 19 – калий дің реттік саны +1 — +3 металдардың период бойынша тотығу дәрежелері +1 ден +3 ке дейін артады 0,5 жеңіл метал Литийдің тығыздығы 22 ауыр метал висмуттың тығыздығы 26 темірдің реттік саны ІІ тапсырма «Ой шақыру» 1.Металдардың физикалық қасиеттеріне ассосация құру : ең оңай балқиды, қиын балқиды. Ауыр, жеңіл. Жұмсақ, қатты Металдық байланыс дегеніміз не? ІІ кезең «Мағынаны ажырату» Металдардың химиялық қасиеттері Б.Ү. Б кестесін толтыру Білемін үйрендім Тереңірек білгім келеді Оқулықпен жұмыс Жоба: 1.Металдар күшті тотықсыздандырғыш 2.Металдар Жай заттармен Күрделі заттармен 3.Металдардың электрохимиялық кернеу қатары ІІІ кезең «Ғажайып тәжірибелер» 1. Металдардың жай заттармен әрекеттесуі; Метал электрондарын беріп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді 1. 2Ca + O2 = 2CaO 2. Na + Cl2 = 2NaCІ Металдар- тотықсыздандырғыш. Бейметалдар – тотықтырғыш. Металдардың электр химиялық кернеу қатарында металдар тотықсыздандырғыш қасиеттерінің кемуіне қарай орналасады 1. тәжірибе « Металдардың сумен әрекеттесуі» (Электронды оқулықтан) 2. Металдардың сумен әрекеттесуі. 2Li + 2H2O = 2LiOH + H2 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2 2K + 2H2O = 2KOH + H2 2. Магнийге дейін орналасқан металдар кәдімгі жағдайда сумен әрекеттесіп,, сутек бөліп шығарады және өзінен кейін орналасқан металдарды олардың тұздарынан ығыстырады 2.тәжірибе Металдардың қышқылмен әрекеттесуі. мультимедиядан қарау HCl + Zn = ZnCl2 + H2 — тез жүреді. HCl + Fe = FeCl2 + H2 – баяу жүреді. HCl + Cu = жүрмейді. Эл хим кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқыл құрамыныан сутекті ығыстырып шығарады 3. Металдардың тұздармен әрекеттесуі. (Электронды оқулықтан) CuSO4 + Zn → ZnSO4 + Cu реакция тез жүреді CuSO4 + Fe → FeSO4 + Cu баяу жүреді FeSO4 + Cu → жүрмейді. Белсенді металдар өзінен белсенділігі төмен металды олардың тұзынан ығыстырып шығарады. Мыс сульфаты ерітіндісінде белсенді металдар ерітіндіден мысты ығыстырып оның орнын басады, нәтижесінде тұз түзеді ІҮ кезең: Сабақты қорыту “Ой толғау” Есепті шығар. 1. 2 гр. мырышты еріту үшін күкірт қышқылының қандай массасы керек? 2. Темір сульфаты мына металдардың қайсыларымен әрекеттеседі: алюминий, мыс, Рв 3.Ақ түйір айналады тыным таппай, Жүргендей су бетінде орын жоқтай Сәлден соң суға сүңгіп жоқ болады Не түзілді, қай элемент кім айтады? 1. Б.Ү.К кестесіне қайтып оралу. Оқушыларды бағалау ҮІ Үйге тапсырма: • 28. 3-6 жаттығу. • Металдар және олардың қолданылуы туралы тарихи мәліметтер жазып келу. | |
Просмотров: 2123 | |
Всего комментариев: 0 | |