Главная » Статьи » Биология

«EXPO-2017» тендр сабағы.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Ибрагимова Ғалия Нұрхожаевна
Биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «EXPO-2017» тендр сабағы.
Мақсаты:
1. 7-ші сыныпта өтілген өсімдіктер мен жануарлар бөлімінен алған білімдерін саралау.
2. Оқушылардың білімділігін, біліктілігін, есте сақтау қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін айтуға баулу.
Сабақтың түрі: Тендр сабағы (жарыс)
Пәнаралық байланыс: тарих,география.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Жарысты бастау. Жарыс басында қатысушыларға EXPO-2017 туралы мәлімет айта кету.
Енді бүгінгі өтілетін сабағымыз «EXPO-2017» тендр сабағы. Яғни, әр сыныптан оқушылар қатысады. Өз көрмесін таныстырады. Көрменің жеңімпазы болу үшін биологиялық сұрақтарға дұрыс жауап беру. Жарыс төмендегі бөлімдерден тұрады.
Тендрдің өту барысы:

І.ТУР. Таныстыру.
Мақсаты: «EXPO 2017» көрмеге келген делегат мүшелері мен көрмесін таныстыру. Көрменің қажеттілігін, маңыздылығын түсіндіру.

ІІ.ТУР. Ғалымдар мен ғылымдар – тест.
Мақсаты: Биологияға үлес қосқан,жаналық ашқын ғұлама ғалымдардың есімдерін білу және биологияның салалары білуге арналған тесттік тапсырмаларды орындау.
1.Үлткейткіш құрал-микроскопты ойлап тапқан ғалым?
А. К.Линней В. А.Левенгук С. Р.Гук
2.Ең алғаш жасушаны теориясының негізін қалаған неміс ғалымы?
А. Т.Шваан В. Р.Броун С. М.Шлейден
3. Бактерияны ашқан голландық ғалым?
А. А.Легенгук В. Вернадский С. Р.Гук
4. Вирус терминін ғылымға енгізген голландық ғалым?
А. А.Левенгук В. Т.Шваан С. М.Бейерник
5. Паразитті құрттарды зерттейтін ғылым?
А. Зоология В. Гельментология С. Вирусология
6. Жасуша құрылысын зерттейтін ғылым?
А. Ботаника В. Цитология С. Зоология

ІІІ.ТУР. Сыры көп өсімдіктер – тест.
Мақсаты: 6-7сыныпта өтілген өсімдік бөлімінен тест сұрақтары беріледі.Өсімдіктер жайлы білімін толықтыру.
1. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид?
А. Хлоропласт В. Лейкопласт С. Хромопласт
2. Кортоптың отаны?
А. Австралия В. Оңтүстік Америка С. Африка
3. Қызанақ,бұрыш,баклажан қандай тұқымдасқа жатады?
А. Астық тұқымдастылар В. Алқа тұқымдастылар
С. Құлқайыргүлділер тұқымдасы
4.Топырақтың ішінде жататын өсімдіктің жер асты мүшесі?
А. Гүлі В. Жемісі С. Тамыры
5. Төмендегі өсімдіктердікдің қайсысы асқабақ тұқымдасына жатады?
А. Қияр В. Қызанақ С. Орамжапырақ
6. Өсімдікті қурап кетуден және қолаәсыз жағдайлардан сақтайтын ұлпа?
А. Тірек В. Жабын С. Қореқ

ІV.ТУР.Жануарлар патшалығы –тест.
Мақсаты: 6-7 сыныпта өтілген жануарлар бөлімінен сұрақтар тест түрінде беріледі.
1.Талшықты бір жасушалы жәндік?
А. Хламидомонада В.Амёба С. Сәулелі өрмекаяқ
2. Сұлама құрты қай құрттар типіне жатады?
А. Жалпақ құрттар В.Сорғыш құрттар С.Жұмыр құрттар
3.Таспа құртқа жатады?
А. Ақ сұлама В. Сиыр цепені С. Бауыр сорғыш
4. Сүлік қандай құпрттар типігне жатады?
А. Таспа құрттар В. Кірпікшелі құрттар С. Буылтық құрттар
5. Қосжарнақты ұлулар класының өкілі?
А. Айқұлақ ұлуы В. Жүзім ұлуы С. Тоспа ұлу

V.ТУР. Видео сұрақ.
Мақсаты: Топтарға видео арқылы сұрақ ұсынылады.Бұл сұраққа толық және кең көлемде жауап беру керек.(Видео сұрақ презентацияда)

VI. Қорытынды .
«EXPO 2017» тендрге қатысқан топтардың ұпай сандарын санап жеңімпазды анықтау.

Источник: http://«EXPO-2017» тендр сабағы.
Категория: Биология | Добавил: Галия (12.01.2015) | Автор: Ибрагимова Галия
Просмотров: 1414 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]