Главная » Статьи » Биология |
Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау
тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1. Оқушылардың саңырауқұлақтар дүниесі бойынша алған білімдерін саралай отырып, бір жүйеге келтіру. Дамытушылық: 2. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру , білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту. Тәрбиелік: 3. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрi: аралас сабақ Көрнекті құралдар: 6-сынып оқулығы, плакаттар, суреттер, интерактивтi тақта, компьютер, А3, А4 Пәнаралық байланыс: География Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңi II. Үй тапсырмасын тексеру І. «Кім тапқыр» ойыны 1. Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар? 2. Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? Олардың бірінен-бірінің айырмашылығы неде? 3. Мукордың пеницилиннен айырмашылығы қандай? 4. Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы бар? 5. Зең саңырауқұлақтарыныан қалай сақтануға болады? 6. 1929 ж. табиғи пеницилин бөліп алған ғалым кім? Үш топқа оқушыларды бөлемiз: І топ: Жеуге жарамды саңырауқұлақтар ІІ топ: Улы саңырауқұлақтар ІІІ топ: Паразит саңырауқұлағы Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау (мақсатымен таныстыру) Кiрiспе Мұғалiм : Оқушылар бүгін сабағымды «Табиғат» туралы өлеңмен бастағым келiп отыр : Табиғаттың арайлансын ажары Болмаса екен тартар оның азабы Табиғатқа тазалықты тарту ет Тарқамасын аң мен құстың базары – дей отырып Табиғат –Ананы қолымыздан келгенше аялап, сақтасық болашағымыздың үлкен келешегi деп түсiнiп, бүгiнгi сабағымызды бастаймыз. Ж Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысы 1 – қалпақша 2 –қалпақша асты 3 – белдеуше сақина 4 – түбiртек 5 – түбiртек жiпшесi 6 – жiпшумақ 7 – жiпше Саңырауқұлақтардың түрлері Жеуге жарамды саңырауқұлақтар Улы саңырауқұлақтар Паразит саңырауқұлақтар Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтарды теру кезiнде қандай ережелердi сақтау қажет екенiн айтыңдар Жауабы: Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге жарамдысын улы түрiнен ажырата бiлу керек. Терген кезде топырақта көрiнбей жататын жiпшумақты зақымдап алмас үшiн, саңырауқұлақ түбiрiнiң түбiнен пышақпен абайлап қиып алған жөн. ІІ.Мағынаны таны (мәтінмен жұмыс) «Кубизм» әдісі Сипатта Баянда Салыстыр Зертте Оқушылар мәтінмен қосымша танысып, түсінгендерін постерге салып қорғайды. ІІІ.Зертханалық жұмыс №14 Қалпақшалы саңырауқұлақтың сыртқы құрлысын анықтау ІҮ.Топтық жұмыс Сәйкестендіру тесті 1.Симбиоз Хлоропластары болмағандықтан жүрмейді 2.Микориза Спора түзілетін орын 3.Спорангий Екі ағзаның пайдалы селбесуі 4.Микология Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі 5. Фотосинтез Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым Ү.Қорытындылау: «Мен саған, сен маған» ойыны Топтар бір-біріне сұрақ қойып жауап беріп отырады. Сабақты сұрақтар арқылы бекiту 1. Саңырауқұлақтарды зерттейтiн ғылым микология ХIХ ғ. п.б. 2. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректiк қор затының атауы гликоген 3. Талшығы бар спораның атауы зооспора 4. Споралар түзiлетiн орын спорангий 5. Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ қантты 6. Көгiлдiр зең саңырауқұлағының атауы пеницилл 7. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ аспергил 8. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемiстi денесi неден тұрады? Қалпақ,түбiртек 9. Саңырауқұлақтың өсiмдiкпен селбесуi микориза 10. Қалпақшалы қызыл түстi улы саңырауқұлақ шыбынжұт 11. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ iшiнде көрiнбей жататын бөлiгi жiпшумақ, жiпше 12. Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба? усыз 13. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ қаракүйе 14. Жүгерi собығында болатын паразит саңырауқұлақ қаракүйе Қорытынды: Сабаққа белсене араласқан, сұрақтарға жауап берген оқушыларға баға қойып, сабақты қорытындылаймыз. Үйге тапсырма: Мәтiндi оқу, суреттермен жұмыс жасау. Өткен сабақты қайталап келу | |
Просмотров: 4601 | |
Всего комментариев: 0 | |