Главная » Статьи » Биология

Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,
Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің
биология пәні мұғалімі Бидайшиева Бахыт Бахытқалиқызы

Пән Биология
Сынып 10 жмб
Сабақтың тақырыбы: Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың вирус туралы төменгі кластан білетіндерін еске түсіре отырып вирустың ашылу тарихы, құрылысы, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеті:
1. Оқушылармен вирустың ашылу тарихы, құрылысы, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы талқылау;
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін айтуға баулу;
3. Оқушыларды ізденіске, топпен жұмыс істеуге, өз бетінше ойлануға тәрбиелеу;
4. Оқушыларға алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету;

Күтілетін нәтиже:
- Вирустың ашылу тарихы, құрылысы, тірі организмдерді уландыру жолдары,
бактериофаг, вирус арқылы таралатын ауру түрлерімен танысады;
- Шығармашылық қабілеттері артады;
- Өз ойларын еркін айтады;
- Жұппен, топпен жұмыс істеуге дағдыланады;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары (Ойлан, бірік, бөліс, интервью - әдісі)
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, көрнекіліктер, ватман, маркер, клей.
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс – әрекетті Оқушы іс – әрекетті
I. Ұйымдастыру
кезеңі: 2 мин. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, мозаика арқылы топқа бөлу. Сәлемдеседі, тынышталып, оқушылар топқа бөлінеді.
II.Қызығушылықты ояту: 3 мин. Оқушыларға жер бетіндегі тірі ағзалар эукариоттар, прокариоттар, анциттер болып үш топқа бөлінетіні туралы сипаттай отырып, жаңа тақырыпты ашу. Ой қозғау сұрақтарын қою.
1. Вирустар туралы не білесіңдер?
2. Вирустар қайда тіршілік етеді?
3. Вирустар қандай ауру тудыртады?
4. Вирустар қандай жолдармен таралады? Оқушылар сабаққа ат салысып, тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.
III. Мағынаны тану:
Жаңа сабақ.

15 мин.

5 мин.

10 мин.

Жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау. Топтарға тапсырмалар беріледі. Мәтінді өз бетінше оқиды, топта талқылайды.
Ойлан, бірік, бөліс – әдісі:
- Вирустың ашылу тарихы.
- Вирустардың құрылысы.
- Вирустардың типтері.

Видео материалды тамашалау.

Оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.
Интервью – әдісі:
- Тұмау - тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы.
- Өсімдіктердің вирустар тудыратын аурулар.
- Эбола вирусы қандай вирус? Оқушылар мәтінмен танысады. Өз ойларын түсініктерін жеткізеді, білімдерін тәжірибелерін жинақтайды, білімдерін көрсетуге әрекетенеді. Топ болып жұмыс істеп оқушылар қорғайды.
IV. Ой толғаныс:
5 мин. Тест тапсырмаларын орындау.
1. Олар жасушасыз тіршілік құрылымы болып табылады.
а) бактериялар ә) вирустар
б) саңырауқұлақтар
2. ЖИТС (СПИД) ауруының қоздырғышы:
а) бактерия ә) вирус б) спора
3. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:
а) бактериофаг ә) иммунитет б) індет
4. Тұмау, сары ауру, шешек,қызылша ауруларының қоздырғышы:
а) бактерия ә) вирус б) бактериофаг
5. Бактерия жасушасына енген вирус:
а) бактериофаг ә) спора б) бактерия
6. Сыртында нәруызды қабығы бар заттардан және екі түрлі нуклеин қышқылынан құралған:
а) бактерия ә) цианобактерия б) вирус
7. Вирустың генетикалық материалы қандай химиялық затқа негізделген:
а) көмірсуға ә) ақуызға
б) нуклеин қышқылына
8. Микроорганизмдерді және актиномицеттерді зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар тобы:
а) бактериофагтар ә) бактериялар б) энтеро вирустар
9. Бактериофагтың көбею стадиясының ұзақтығы:
а) 20-30 минут ә) 30-90 минут
б) 60-90 минут
10. Жасушасыз ағзалардың денесі тұрады:
а) ядродан ә) ақуыз қабықшасымен оралған нуклеин қышқылынан
б) рибосомадан
11. Бактериофаг- бұл:
а) бактериялар мен вирустардың симбиозы ә) бактерияны зақымдайтын вирус б) бактерия жасушасының бөлігі
12. Вирус туғызатын ауруларды көрсетіңіз:
а) іш сүзегі, сал ауруы, қызылша
ә) оба, сары ауру, іш сүзегі
б) сал ауруы, шешек, тұмау
13.Өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігін дәлелдеген кім?
а) Д.И.Ивановский
ә) Ф.Туорт
б)У.Стенли
14. Латынша «у» деген мағына береді?
а)бактерия
ә)вирус
б)гармогония Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

Жауаптары

1 ә) 8 а)
2 ә) 9 ә)
3 ә) 10 ә)
4 ә) 11 ә)
5 а) 12 б)
6 б) 13 а)
7 б) 14 ә)

V. Бағалау: 3 мин. Мұғалім әрбір топқа бағалау ресурстарын ұсынады. Топ басшысы бағалайды.

VII. Үйге тапсырма:
1 мин. Оқушыларға үйге тапсырма беру. Компьютрлік вирустар, шешек, тұмау, қызылша, қызамық, полиомиелит энцефалит, гепатит, ұшық, ИТИС т.б.
Реферат жазып келу.
Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
VIII. Кері байланыс парағы: 1 мин. «Сабақтағы көңіл күйім»
«Ұсыныстар» Оқушылар кері байланыс парағын толтырып жазады.
Категория: Биология | Добавил: Бако (23.11.2015) | Автор: Бидайшева Бахыт E
Просмотров: 4053 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]