Главная » Статьи » Биология |
Астың ауыз қуысында қорытылуы.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы Күні: Биология пәнінің мұғалімі Суттикожанова Сандугаш Айтмуханбетовна Тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы. Сабақтың негізделген оқу мақсаты: « Астың ауыз қуысында қорытылуы.» тақырыбын оқып, танысу. Астың ауыз қуысында механикалық өзгерістерге түсу процесін талдау. қорыту мүшелерінің маңызы, құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту; Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Оқу нәтижелері: Барлық оқушылар • Асқорыту ауыз қуысында қандай өзгеріске ұшырауына әсер ететін мүшелерді ретімен атап, көрсетіп береді. Оқушылардың басым бөлігі • «Асқорыту» ұғымын түсінеді, олардың ретін анықтай алады; • Оларды ажырата біледі. Кейбірас оқушылар «Астың асқазада қорытылуы» ұғымын түсіндіреді, олардың маңызы мен құрылысын анықтай алыпоқулықпен еркін жұмыс істей алады. Логикалық тапсырмаларды орындай алады Қолданылатын құралдар: Интербелсенді тақта, слайд- презентация, флипчарттар, үлестірмелі карточкалар, бағалау парағы. Алдыңғы оқу «Асқорыту мүшелерінің құрылысы» Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Басталуы І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал: ІІ- Оқушылар білімін тексеру: ІІІ- Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ІҮ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын нақтылау. Ү. Жаңа сабақты оқып- үйрену Түсінгенін тексеру Сынып алдын-ала топқа бөлінеді: І-топ: Арлан, Гүлім, Айбек, Аружан, Таңшолпан ІІ- топ: Анеля, Әйгерім, Сәкен, Гүлзира, Темірлан Дәптерді ашып қоямыз. Бір аптада неше күн бар? Итке нешінші аяқ артық болады? Көк аспандағы алтын табақ? Қазақ әліппесінде неше әріп бар? Алфавиттің соңғы үш әрпі? Бүгін қай күн? Өзін – өзі бағалау парағын тарату Топтық жұмыс A. Кестедегі сұрақтардың жауаптарын санмен толықтыр B. Сандық тест C. Портретті суретте D. Биологиялық есеп E. Жұмбақ мүше 1.Кестені санмен толықтыр 1. Ас мүшесінің басым бөлігі дененің қай қуысында орналасқан? 2. Өт қайда болады? 3. Қорытылған ас қай мүшеде қанға өтеді? 4. Қарынның сыйымдылығы қанша? 5. Аш ішектегі ұсақ өскінндер қалай аталады? 6. Ас қорыту жүйесі, ас қорыту жолы және неден тұрады? 7. Ауыз қуысының артқы бөлігі не деп аталады? 8. Өңештен кейінгі асқорытудың көлемді бөлігі? 9. Адамның ауызекі сөйлеу функциясын атқарады? 10. Таңдай бадамшасы қайда орналасқан? 11. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі? 12. Асқазанның сақина тәрізді бұлшықеттері не түзеді? 13. Бауыр мен ұйқыбездің өзегі қайда келіп ашылады? 14. Тоқ ішек немен аяқталады? 15. Ұйқы без қандай секреция түріне жатады? 16. Ішек бүрлерінің қабырғалары неден тұрады? Жауаптары: 1) Тіл 2) Бауырда 3) Аш ішекте 4) Ұлтабар 5) Бүрлер 6) Құрсақ 7) Үстіңгі жақта 8) Асқазан 9) Бір қабатты эпителийден 10) 2-3 литр 11) Өңеш 12) Сфинктер 13) Тік ішек 14) Аралас бездер 15) Бездерден 16) Жұтқыншақ Дұрыс жауаптары: 1) Құрсақ 2) Бауырда 3) Аш ішекте 4) 2-3 литр 5) Бүрлер 6) Бездерден 7) Жұтқыншақ 8) Асқазан 9) Тіл 10) Үстіңгі жақта 11) Өңеш 12) Сфинктер 13) Ұлтабар 14) Тік ішек 15) Аралас бездер 16) Бір қабатты эпителийден 2. Сандық тест: 1. 8-10м. 2. 11-13 см. 3. 25см. 4. 2-3 л. 5. 5-7м. 6. 4 000 000 7. 1мм. 8. 200м². 9. 1,5-2 м. 10. 8-15см. 11. 1500г. Дұрыс жауабы: 1. 8-10м.-асқоыту жолының ұзындығы 2. 11-13 см- жұтқыншақ ұзындығы 3. 25см.-өңеш және ұлтабар ұзындығы 4. 2-3 л.- асқазанның сыйымдылығы 5. 5-7м.- аш ішек ұзындығы 6. 4 000 000- ішек бүрлерінің жалпы мөлшері 7. 1мм.- бүрлердің биіктігі 8. 200м².- бүрлердің сіңіретін беті 9. 1,5-2 м.- тоқішек ұзындығы 10. 8-15см.- аппендикс ұзындығы 11. 1500г.- бауырдың салмағы. 3. Портретті суретте: 1. Тіл 2. Өңеш 3. Жұтқыншақ 4. Бауыр 4. Орнын тап Мына сөздердің ішінен асқорыту мүшелеріне жататын сөздерді сары сызықпен, тыныс алуға жататын болса көк түстімен, ал қанайналу мүшесіне жатса қызыл сызықпен сыз. Жүрек, жұтқыншақ, өкпе, жауырын, асқазан, қабырға, тік ішек, аорта, тіл, бүйрек, ауыз қуысы, көк тамыр, бауыр, альвеола, кеңірдек, ұйқы без, артерия,өңеш, қақпақшалар, аш ішек, бронхиола, тіс, дыбыс саңылауы, тоқ ішек. 5. Биологиялық есеп Бақылау жұмысына неше энергия жұмсалады? Жазба жұмыстарға 1кг салмақ денеге 7,12 кДж 1сағатта жұмсалады. Егер дене салмағы 50кг болса, сабақтың ұзақтығы 45минут демек 0,75сағат. Нәтижесі қандай болмақ? Ортаға бір оқушы шығады қара жәшіктегі сөзді іштей оқып оған жұмбақтап мәлімет айтады, ал сынып оқушылары жұмбақ мүшенің қай мүше екенін анықтайды. 6. Мен қай мүшені сипаттап тұрмын. Ішектің құрт тәрізді өсіндісі –- ұзындығы 8 - 15 см, иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Осы өскінді атақты суретші Леонардо да Винчи 1942 жылғы салған суретінде бейнелеген. Ал ХҮІ ғасырда адам анатомиясының негізін салушы Андреас Везалий бұл мүшенің топографиялық анатомиясын жазып кеткен. Әйгілі ғұлама Әбу Насыр Әл - Фарабидің Отырардан кетуіне ауырған досына жасаған операция себеп болған. Бұл туралы дерек Қ. Амангелдиевтің 1977жылы басылып шыққан «Адырлы асулар» атты кітабында баяндалады. Атағы елге танымал Әбу Насырды Алеппо шахарының әміршісі Сайфед - Дауле өз сарайына шақырып, өзінің бас дәрігері етіп алады. Сол жылдары оның жақсы танысы ауырып, Әбу - Насырға келеді. Бас дәрігер оны тексеріп ешкімге білдіртпей құпия түрде операция жасайды. Жарылуға аз қалған өсіндісін кесіп алып тастайды. Жараның орнын жібек жіппен тігеді, біраз күннен соң ауру айығып кетеді. Күндердің күнінде бұл хабар дінбасыларға жетіп, олар, «Тірі адамның ішін жарып, ішегін кесіп алу - құдайға күпіршілік жасау»-, деп оны жазаламақ болады. Осылайша дін иелерінен қысым көрген Әбу Насыр Бағдатқа бара жатқан керуенге ілесіп, қаладан бір түнде кетіп қалады. Демек, дүние жүзінде тұңғыш бұл өскінге операция жасаған Әбу Насыр Әл – Фараби болады. Дегенмен, бұл ауруға ат қою америка хирургі Фитцтің үлесіне тиді. Латынша қабынған өскінін операция жасап, кесіп алып тастауды «аппендэктомия» деп атайды. Қорытынды: Өзін-өзі бағалау Білімді жаңғырту: Тіс туралы мәліметтер: 1. Ұлуда шамамен 250 тіс бар, ал акулада тістердің саны 100-ден асадыбірақ тамыры болмағандықтан түскен тістің орнына қайта тіс өсіп шығады екен. 2. Алғаш адам тісіне ат берген Гиппократ боған. Ол баланың тісі сүттен шығады деп есептеген соң «сүт тіс» деп атаған 3. Адам атаның ауызында 30 тіс болған деседі. 4. Исаак Ньютонның тісі әлемдегі ең қымбат тіс болып табылады. Ол 1816 жылы қазіргі бағамен 3,300 долларға сатылған. Оны бір аристократ сатып алып жүзігіне тағып қойған екен. 5. Тіс үшін ең қауіпті спорт «хоккей». Кәсіби хоккейстердің 68% алаңда бір-бір тістен болсада жоғалтқан екен. 6. Ағзадағы кальцийдің 99% тісте болады. Сонымен сабағымыздың тақырыбы «Ауыз қуысында астың қорытылуы». Мақсатын қандай етіп алсақ болады? 7.ЖИГСО әдісімен тақырыпты екі бөлімге бөліп аламыз, екі топтың оқып, дайындығынан кейін, екі адамнан бір-біріне түсіндіреді. Тақырыпты топта талдау барысында бір оқушы екінші топпқа сұрақтар дайындайды. Түсіндіру біткен соң сұрақтармен алмасады. 8. Мәтінге сұрақ құру. 9. Суретті тест Сөзжұмбақ: Ж Ұ Т У М О Й Ы Н Ы Э М А Л Ь Ж А Қ Д Е Н Т И Н Р Е Ф Л Е К С Ө Т Б Е З Сұрақтар: 1. Рефлексті әрекет 2. Тістің бөлігі 3. Тіске микробтардың енуін сақтайтын жабыны 4. Ауыз қуысындағы бездердің бір түрі 5. Тістің сүйекке ұқсас тығыз заты 6. Шартты және шартсыз рефлекстер 7. Бауыр бөледі 8. Ауыз қуысында сұйықтық бөлетін мүше. 10. Миға шабуыл. 1. Манты ма алде лағман жесең де ме сілекейдің көп бөлінуін анықтауға болады? 2. Тақтада көкөністер мен жеміс жидектер, тағамның түр-түрі тұр. Ағзаңда қандай құбылыстар байқалды. Оны не деп атаймыз, Павлов бұл құбылысты қалай сипаттады? 3. Жаңа туған сәбидің уақыты келгенде қандай жағдайлар байқалады? Оны Иван Петрович нендей жағдай деп атады? 4. Итті белгілі бір уақытта ғана тамақтандырсаң, сені көргенда іс-әрекетінде қандай құбылысты байқауға болады. Ол не? 11.Әзіл- сқаққа уақыт берсек. Рольдік ойын әдісі Кескін карточкалар Оқушылардың білімдері Флипчарттар Оқушылардың тақырып-тан алған білімдері Аяқаталуы: Бағалау Үйге тапсырма: Кері байланыс: «БЕС саусақ» Әр оқушы өз жұмысын өзі бағалайды. Бағалау парақтарымен жұмыс жасау, сұрау. §43 оқу; Тістің атынан автор болу, тақырыбы «Мені күткенің, денсаулығыңды күткенің» «БЕС саусақ» Менің көңіл күйім; Қиындық туғызған мәселе; Мен үшін сәтсіз болды; Айтайын дегенім; Маған ұнағаны. Оқушылар кесте сызбаға- толтырады Рефлексия «Шоқ гүлдер» «Шоқ гүлдер» Сабақта алған білімнің қандай деңгейде екенін анықтау мақсатында Қызыл түсті гүл- толық тақырыпты меңгердім. Сары гүл – толық емес. Көк түсті гүл- түсінбедім дегенді білдіреді. Бағалау парағы Оқушының аты жөні Кестені санмен толықтыр Сандық тест Қара жәшік Орнын тап Биологиялық есеп Жұмбақ -талған мүше ЖИГСО Мәтінге сұрақ қою Суретті тест Сөзжұмбақ Миға шабауыл Рольдік ойын қорытынды Баға критерийлері: 11-12 -«5», 8-10- «4», 5-7- «3». | |
Просмотров: 1385 | | |
Всего комментариев: 0 | |