Главная » Статьи » Биология

«Қаңқа бөлімдері»
Күні: 11.11.2016ж
Пән: Биология
Сынып: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Қаңқа бөлімдері»
Сабақтың мақсаты:
1.Қаңқа бөлімдерімен танысады.
2.Қаңқа бөлімдеріне әртүрлі тапсырмалар бере отырып, білімдерін толықтыру.
3.Қаңқа туралы алған білімдерін өмірде пайдалану
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО , Блум таксономиясы, сұрақ - жауап, жеке, топтық
Көрнекілігі: слайд, тірек - сызбалар, кестелер, бағалау парағы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Ресурстар
2 мин

3 мин

7 минут

2 мин

Түсіну
7мин

Қолдану
5мин

Талдау
7мин

Жинақтау
5мин

2мин
2мин

3мин Психологиялық ахуал:
«Жүректен-жүрекке» тренингі

Топқа бөлу: дене мүшелері
бас, тұлға, аяқ-қол қаңқасы.

Үй жұмысы:Сезім мүшелері бойынша тест тапсырмалары. 2 нұсқа.

Миға шабуыл: бейне ролик «Адамның қаңқасы»
1-тапсырма Топтық тапсырмалар:
1-топ.Бас қаңқасы: Қаңқа қандай қызмет атқарады?
2-топ.Тұлға қаңқасы: Адам қаңқасында қанша сүйек бар?
3-топ. Аяқ-қол қаңқасы: Омыртқа жотасы неше бөлімнен тұрады?
2-тапсырма: Мәтіндермен жұмыс: (топтық жұмыс).
Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.
Бас қаңқасы-ми сауыты мен бет бөлімдері.
Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.
Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.
Иық белдеуі 2 жауырын мен 2 бұғанадан тұрады.
Қол қаңқасы-тоқпан жілік,кәрі жілік,білек және қол басы сүйектері.
Аяқ қаңқасы 2 жамбас сүйегінен,сегізкөз бөлімі және аяқ сүйектері ортан жілік,асықты жілік,толарсақ,табан,бақай сүйектері.
3-тапсырма:Сиқырлы портфель /топтық жұмыс /


Қаңқа бөлімдері Оны құрайтын
сүйектер


4-тапсырма Сәйкестендіру әдісі: (жеке жұмыс)
1.Бас сүйегі А.тоқпан,кәрі жілік
2.Омыртқа жотасы В. омыртқа жотасы қабырғалар, төссүйек
3.Тұлға қаңқасы С.33-34
4.Иық белдеуі Д.ортан,асықты жілік
5.Қол сүйектері Е. ми сауыты, бет бөлімі
6.Аяқ сүйектері Ж.2 жауырын,2бұғана
5-тапсырма Төменде берілген түсініктемелерге иә немесе жоқ деп белгіле.
1А.Адам қаңқасының атқаратын қызметі?
А) психикалық іс-әрекетті реттейді. Иә/жоқ
В)физиологиялық процестің тұрақты реттелуі Иә/жоқ
С)қозғала алу қабілетінің реттелуі Иә/жоқ
1В.Тұлға қаңқасы түзеді?
А)омыртқа жотасы мен кеуде қуысы Иә/жоқ
В)ми мен бет бөлімі Иә/жоқ
С)тоқпан,кәрі жілік,білек Иә/жоқ

6-тапсырма Биологиялық диктант
1.Адам қаңқасы.............астам сүйектен тұрады.2.Ми бас сүйегінің сүйектері.............................................................
3.Бас сүйектің бет бөлігінің сүйектері.............................................................
4.Омыртқа жотасы.............омыртқадан тұрады.Оны мойын......,арқа......,бел......,сегізкөз........,құйымшақ.........құрайды.
5.Иық белдеуі.............................тұрады.6..........
пішіні үшбұрышты жалпақ сүйек.7.Қол қаңқасы..............................................тұрады.
8.Аяқ қаңқасы....................................тұрады.
Бағалау Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма §23 , «Тірек-қимыл жүйесінің маңызы» эссе жазып келу

§23 «Тірек-қимыл жүйесінің маңызы» эссе жазып келу

Рефлексия
Екі жұлдыз, бір тілек Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады Оқушылар топқа бөлінеді.

Тест тапсырмасына жауап береді.
Қаңқа туралы видеоролик көреді.

..........
Топтық талқылау (сұрақ-жауап әдісі).

Мәтінді постерге түсіреді.

Портфелден конвертті сан бойынша алып орналастырады.

Қаңқа бөлімдерін өзара сәйкестендіреді

Иә немесе жоқ жауабын белгілейді

Қаңқа бөлімдері бойынша сөздерді жалғастырады

Күнделік

Ұсыныстарын жазады А4 қағазы,
оқулық
слайд,
маркерлер

Ватманмаркероқулық

Стикер
Категория: Биология | Добавил: Almazan (21.11.2017) | Автор: Кузенбаева Бибигайша Сагинбековна E
Просмотров: 1271 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]