Главная » Статьи » Начальная школа

«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойын
«Бақытты сәт»
интеллектуалдық ойын
Мақсаты:1.Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру;
2.Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге,жүрегімен қабылдауға дағдыландыру;
3.Ана тілін құрметтейтін саналы азамат тәрбиелеу;
Сабақтын түрі:сайыс сабақ
Көрнекілігі:плакаттар,ребустар,жұмбақтар,сандық.
1.Кіріспе сөз:Балалар, біздің мектебімізде «Ана тілі» апталығының ашылуына байланысты тілдер мерекесі өтуде.Міне,бүгінгі тәрбие сағатымыз да, осы апталықтың құрметіне байланысты болмақшы.
Оқушылар:Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!
Туған тілім-ана тілім-өз тілім!
Туған тілім-даламтілім-өзтілім!
Туған тілім-адам тілім-өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаны бар,
Туған тілде әнім менен сәні бар.
Туған тілім болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Дихан Әбілев)
2.Таныстыру.
«Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық.Ойынға екі команда қатысады.
Капитандардан өз командылармен таныстыруын өтінеміз.Бір команда екінші команданың қалай аталатынын шешеді.
1-капитан:Біз заттың атын білдіреміз:кім? кімдер? не? нелер? деген сұраққа жауап береміз.(«Зат есім»)
2-капитан:Біз заттың сынын,сапасын, дәмін,түсін,пішінін білдіреміз:қай?қандай?деген сұраққа жауап береміз.(«Сын есім»)
3. «Бақытты сәт» ойыны
1-тур «Сен-маған, мен-саған»«
Зат есім» командасы зат есімдер айтады, ал «Сын есім» командасы оған қатысты сын есімді тауып айтады.Әр оқушы бір-бір сөзден айтады.Мысалы:бор-ақ,ақылды балалар.
2-тур «Алға,алға,алға»
(Мұғалім әр командаға қазақ тілі пәнінен сұрақ қояды, қай команда сұрақтардың көбіне жауап береді, сол жеңіске жетеді.Әр командаға 10 сұрақ)
Сұрақтар:«Зат есім» командасына.
1. Сөз неден құралады? (буыннан)
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
3. Жуан дауысты дыбыстарды атаңыз (а,о,ұ,ы)
4. «Орман емшісі» деп қандай құсты атайды? (тоқылдақ)
5. Өнер алды не?(Қызыл тіл)
6. Мақалды аяқтаңыз:
Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
7. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
8. Тіл деген сөзде неше буын бар?
9. Конституция күні қай күн? (30 тамыз)
10. Ұлы отан соғысының батыр қыздары кімдер? (Мәншүк,Әлия)
«Сын есім» командасы.
1. Неше қосарлы дауысты дыбыс бар (4)
2. ҚР мемілекеттік тілі? (қазақ)
3. Жылдан құр қалған жануар? (піл)
4. Басты байлық ол не?(денсаулық)
5. Тілдің ең негізгі қызметі?(Сөйлеу,қарым-қатынас жасау)
6. Жүз теңген болғанша
Жүз досын болсын.
7. Ас атасы ол не? (нан)
8. Бес дұшпанды атаңыз? (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,
бекер,мал шашпақ)
9. Кел балалар оқылық өленің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
10. Қазақ әліппесіндегі 2 танбаны атаныз? (ь,ъ)
3-тур «Сиқырлы сандық»
Әр оқушы сандықтан қағазға жазылған жұмбақты алады.Шешуін айтады.
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.(Тіл)

Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.(Қант)

Ақ сандығым ашылды.
Ішінен жібек шашылды.(Күннің көзі)

Қолы менен қаламы жоқ.
Бірақ сурет салады көп.(Аяз)

Айдың көлде асыл тас,
Ау салса да алынбас.(Тіс).

Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.(Кітап)
4-тур. «Қара тұлпар»
Әр команда ребус шешеді. «Қызықты грамматика»Қандай сөздер жазылған?
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
К К
К К
К К
К К

Жауабы:қызық,қазақ,қалақ,кесек,қырық,кезек,кебек,көбек.
5-тур «Ойлан,тап»
Әр командаға орын ауыстырылып берілген сөйлем берілген. Сөздерді орын орнына қойғанда он сөзден құралған сөйлем келіп шығады.
1. Тірегі тіл татулық
2. Тіл,әдеп,басы.
3. Тәтті,тіл,қатты,көңілі
4. Қылыштан,өткір,да,тіл
5. Қызыл,өнер,тіл,алды
6. Тілің,жерде,тарт,айтпас
7. Жоқ,жерде,тілсіз,тіршілік
6-тур«Мақал-мәтел» (Қай топ көп ана- тілі туралы мақал-мәтелдер біледі).
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.
Категория: Начальная школа | Добавил: Кузя (19.12.2014) | Автор: Кулян E
Просмотров: 1816 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Алик  
Бастауыш сыныптарға арналған бұл сабақ жақсы деңгейде ұйымдастырылған.Сабақ тартымды,оқушы деңгейіне сәйкес ұйымдастырылған.Ана тілдің қадірін,қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіру үшін осындай сабақ көптеп ұйымдастырылу керек!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]