Главная » Статьи » Начальная школа |
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Сабақтың мақсаттары: 1.Жануарларды топтарға бөлудің жаңа түрімен және олардың топтық белгілерімен таныстыру. 2Жануарлар туралы білімдерін толықтыра отырып,ой-өрісін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыра түсу. 3.Оқушыларды жан-жақты болуға, сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдіс- тәсілдері:Сұрақ -жауап.түсіндіру,көрнекілік,сын тұрғысынынан ойлау,ақпараттық технология Құрал -жабдықтары:интерактивті тақта.қима қағаздар,суреттер. Сабақтың типі:Аралас Сабақтың түрі:ойын Сабақтың барысы: І.Алғашқы ұйымдастыру. ІІ.Психологиялық дайындық Қорқытпаймыз құстарды. Қызықтаймыз ұшқанын. Үркітпейміз аңдарды, Жасамаймыз дұшпандық. ІІІ.Өтілген материалды пысықтау Ойын «Дүние тану пәнінің көшбасшысы» Оқушылар білімін тексеру (слайдтар) Өсімдік қандай табиғатқа жатады?Өсімдік топтарын ата(10) Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі маңызы? Тамыр түрін ата(10) Жапырақтың атқаратын қызметі. Күзде жапырақ неге сарғаяды?(20) Сабақ қандай қызымет атқарады? Сабақтың түрлерін ата.(20) Өсімдік қанша жыл өмір сүреді?(30) Өсімдік қалай көбейеді?(30) (флипчарт) Тапсырма(топтастыру) Жемістер: Құрғақ шырынды Тапсырма(топтастыру) Өсімдік тіршілігі үшін қажет жағдайлар. ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс. Жануарлардың қандай түрлерін білесің? (топтастыру) Мекендеу ортасына қарай : Қоректенуіне қарай: Үй жануарлары жабайы аңдар шөпқоректі жыртқыштар Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тізбектей оқиды Ойын «сәйкестендір жануарлардың мекенін тап.» «Жануарлар тіршілігіне не қажет? Сабақты бекіту. Жоспар бойынша жануарларды суретте 1.жануарлардың атын ата 2.Ол қай топқа жатады? 3.Оның түр-түсі қандай? 4.Ол қай жерді мекендейді? 5.Немен қоректенеді? 6.Одан қандай пайда немесе зиян келеді? Бағалау. Үйге тапсырма: «Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі»оқу,мазмұнын айту. | |
Просмотров: 1573 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |