Главная » Статьи » Начальная школа |
Суды қорғау
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың су экологиясы туралы білімдерін қалыптастыра отырып, суды тиімді пайдалануға және қорғай білуге баулу 2. Дүниетанымын,ой-өрісін дамыту.Топпен жұмыс істеуге үйрету 3. Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу,еңбекке баулу Көрнекілігі: сызбалар, Қазақстан физикалық картасы,тыйым сөздер, слайдтар, венн диаграммасы Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау, топпен жұмыс Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық даярлық Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа дем берші, Мөлдір су бізді салқындат Оқушылар үш топқа (түстер таңдау арқылы) бөлінеді. 1- топ "Ғалымдар" 2- топ "Зерттеуші" 3-топ " Экологтар" 2. Үй тапсырмасын тексеру Жауын-шашын Бұлт және оның түрлері Ой шақыру: - Балалар, адам өміріне не қажет? Ендеше осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатса керек болады? ( су ) - Бүгінгі сабағымызда осы суға байланысты Мұғалім түсіндірмесі: Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды.Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді.Адам денесі 50-ден 90 % дейін судан тұрады.Адамға ауа қандай қажет болса,суда сондай қажет.Су егін егуге, өндіріске,күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болуда.Жер бетінің 3\2 астамын су алып жатыр.Ауыз су тапшылығы - әлеуметтік проблема.Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздан су бүлінуде.Суда улы заттар өте көп.Осының бәрі су қоймаларының суын қорғау қажеттігін туғызады. Топтарға сұрақ беріледі 1 - топ. Судың неше күйі бар? 2-топ. Адам суды қандай мақсатқа пайдаланады? 3-топ. Ластанған судың зияны Оқулықпен жұмыс: Өзеннің негізгі бөліктерін атау,түсіндіру (слайдтар көрсету) Өзеннің байлығын адамдар қалай пайдаланады? Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекеттер жасауы керек? т.б. сұрақ-жауап арқылы пысықтау Жұмбақ шешу Ауыл сыртында сайда, Жатыр үлкен айна ( көл ) Суреттерді қарап өзен мен көл арасындағы айырмашылықтарды айқында (слайдтар көрсету) Есіңе сақта! Таза су- денсаулық кепілі.Суды үнемдеп жұмса Сурет бойынша суды ластаудың басты себебін анықтап, әңгімеле (слайдтар көрсету) Тіс тазалағанда судың текке ақпауын қадағала.Ол үшін су ағатын шүмекті ашық тастама,қажет уақытында ғана пайдалан.Суды стақанға құйып пайдаланған өте тиімді.Қанша су үнем болады Сергіту сәті: Жаңбыр жауды себелеп. Бұға қалды көбелек, Жаңбыр басылды Күнде ашылды Ой толғаныс: (оқушы ойын тыңдау) Үстінде жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз,екіншісінің үстінде мақта болатын.Оларға терең өзеннен өту керек болды.Үстінде тұз артқан есек судан шығысымен тез-тез жүріп кетті.Ал үстінде мақтасы бар есек, аяғын әрең басып келеді. Неге? Оларға не болды? Семантикалық карта толтыру Зерттеу объектісі Қандай? Түрлері Зиянды заттар Пайдасы Су Су -өмір нәрі.Су-тіршілік тірегі.Су-тіршілік көзі. Шығармашылық жұмыс: "Су атынан сөйлеймін" тақырыбына шағын эссе жазу ( жақсы жазылған эссе автор орындығында оқылады) Поэзиялық сәт: Ермек Өтетілеуұлы. Су Қорытынды Балалар,гигиенаға экологияға көп көңіл бөліп атсалысу бәріміздің міндетіміз. Ата -бабамыз "Бұлақ көрсең көзін аш" деп өсиет айтқан.Бұл суды таза ұстау,қорғау деген сөз Сонымен қатар,мына ережелер де есіңде жүрсін! Қайнамаған су ішпе Суға түкірме Суды ластама Суды малтып үйрен Суды босқа ағызба Үйге тапсырма: 60-62 бет,оқу, мазмұнын айту. Су туралы мақал-мәтелдер жазу Бағалау | |
Просмотров: 1305 | |
Всего комментариев: 0 | |