Главная » Статьи » Начальная школа

І і дыбысы мен әрпі
Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 1 «Б»
Тақырыпы: «І і дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: Оқушыларды «І» дыбысымен таныстыру І дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету
Білімділік: « І » дыбысының оқылу түрімен, жазылу түрімен таныстыру. Кедергісіз
айтылатынын түсіндіре отырып, дауысты екенін айту. Сөздің басында,
ортасында, аяғында қалай дыбысталатынын түсіндіру. Бас әрпімен, кіші
әрпімен дыбыстық талдау жасап үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға, сұраққа толық жауап бере
отырып, ойларын нақты жеткізе білуге, татулыққа, бірлікке,
ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Түрі: Ертегі сабақ
Көрнекілігі: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, «І» әрпі бар сөздердің
суреті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
І. Психологиялық дайындық.
 Сәлеметсіздер ме, балалар!
 Бүгін бізде сабақта бір-бірімізге гүл шоғын сыйлап, тілек айтуымыз керек. Жиналған гүлді «тілек гүлі, шоғы» деп атаймыз.
 Бүгін бізде ерекше сабақ, қандай ертегіні білеміз?
 Мыналар қай ертегінің кейіпкерлері? Ата-әже, қызы, күшік?
 Шалқан!!!
 Ендеше біз бүгін «шалқан» ертегісін көрсетеміз.
Бір күні ата кетпенін алып, шалқан егуге кетеді, біз де атаға көмектесеміз. Су құйып, күнделікті қарап жүрсек бір күні шалқанды көруге келсек, шалқан үлкен болып өсіп кетіпті. Ат қанша тартып көрсе де, шалқанды жерден суыра алмапты. Кәне біз көмектесіп жіберейік. Атасы әжені шақырады, қанша екеуі тартса да шығара алмайды. Енді біз көмектесейік.
«Кеме» сөзіне дыбыстық талдау жасау
«кебеже»
«кесе»
 Балалар біз үстімізге не киеміз?
 Киім!
 Киімімізде не болады?
 Ілгек!
 Сабақтан келгеннен кейін, киімімізді қайда ілеміз?
 Ілгішке!
 Ілгіш бізге неге керек?
Осы сөздер қандай дыбыстан басталады?
 Кәне І-деп айтып көрейік!
 І-І-І!!!
 Қай үйге кіреді?
 Дауысты дыбыс қызыл үйге кіреді.
Ендеше суретпен жұмыс.
Ірімшік, іні, тіс, тіл.
Ірімшік – дастарханға қойылатын тағам. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі, сүттен жасалады.
Оқулықпен жұмыс
Мынау не балалар?
-іздер, ін
Осы і әрпіне байланысты сөздер айтамыз
-ін,іс тіс, тісі, кіші, кісі,
Бір әріптің өзгеруінен сөздің мағынасы да өзгеріп тұр.
Енді Іәріпіне байланысты сөйлемдер айтамыз
Кісі-адам
Кіші-жасы кіші
Білім-оқу, кітап
Тіл- адамның сөйлеу құралы
Піл-аң
Мақалды талдап оқу
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар.
Бірлік, тірлік, Білекті, білімді сөздерінің мағынасын ашу
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Төменгі жағы солға қарай имектелген көлбеу.
І-бас әріпі
Төменгі жағы оңға қарай ілмектелген көлбеу
І-кіші әріпі
Екі жолын жазу, бір-бірінің дәптерлерін алып тексеру.
Қорытынды сабақ
Мынау не балалар?
-Ірімшік
Ірімшік неден жасалады?
Сүттен
Сүт ті қайдан аламыз?
Сиырдан
Ірімшікті жедіңғой ?
«Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған, Қайсы әріптен басталған?
-І, әріпінен басталған
Сонымен балалар і әріптері сөздің қай жерлерінде кездеседі екен?
Сөздің басында , ортасында, соңында
Төрт түлік туралы мақалдар
Үйге тапсырма «Ідыбысы мен әріпі»
Категория: Начальная школа | Добавил: Айгул (08.01.2015) | Автор: Назарханова Айгул Байбатыровна E
Просмотров: 5447 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]