Главная » Статьи » Начальная школа |
Жеті қазынаның бірі
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Алдажанова Айнура Жанузаковна бастауыш сынып мұғалімі Күні:26.11.14 ж Пәні: әдебиеттік оқу Сынып: 2 ә Сабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі Мақсаты: Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып,жеті қазынаның бірі –ит туралы мәлімет беру. Табыс критерийлері: • Ертегі мазмұнын түсіне алады. • Ертегі кейіпкерлері туралы өз ойларын жеткізе алады. • Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді. Сабақтың әдісі: Бағалау: Топтастыру,топтық,жұптық жұмыс,Жиксо әдісі Мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау. «Алты қалпақ» Ұйымдастыру кезеңі: Жүректен-жүрекке. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.) «Кемедегінің жаны бір» демекші , бүгінгі сабақта бәріміз жұмылып, біріге жұмыс жасайық. (3 мин) Үй тапсырмасын тексеру «Интервью» әдісі сұрақ-жауап (5 мин) Қызығушылықты ояту Жетелеу сұрақтарын қою. (2 минут) Мағынаны тану Мағынаны тану (түсіну, қолдану) Ертегіні оқып,танысу. Жигсо әдісін қолдану Балалалар, бүгін «Жеті қазынаның бірі» ертегісімен танысамыз. Бұл ертегіні топ болып бөліктерге бөліп оқимыз. «Джигсо» әдісімен. I топ II топ III топ IV топ Оқушылардың міндеттері: -Мәтінді өз бетінше оқу. - Жұптасып өз түсініктерін айтады. - Өздеріне берілген бөлікті топта талдайды, айтады (смайликтер арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды) (10 минут) Ашық сұрақтар қою - Сұрақтар: -Ертегі не үшін жеті қазынаның бірі атанған ? - Арыстан мен Ит неліктен араз болды ? - Иттің адамға достығын қалай түсіндіресің ? - Қазына деген не ? -Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады? -Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың? ( 5 мин) Сергіту сәті Ән әуеніне билеу (2 минут) Шығармашылық жұмыс «Ой-толғаныс» -Ертегі кейіпкерлерін ата және оларға мінездеме бер. - Ертегінің жағымды жағы не деп ойлайсың? -Ертегінің жағымсыз жағы не деп ойлайсың? -Иттің өмірі адамға келгенге дейін қандай болған ? (10 минут) Қорытынды Рефлексия «Алты қалпақ» - Балалар қазір «Ақылдың алты қалпағы » бойынша, ит туралы сендердің өз ойларыңды білгіміз келіп тұр. Оқушылар өз ойларын айтады.(5 мин ) Бағалау (бағалау) Смайликтер бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған ұпайлар қорытындысын есептейді.Қорытынды бойынша журналға түсіру. -Не ұнады? -Не ұнамады? (3 минут) Источник: http://Жеті қазынаның бірі | |
Просмотров: 1826 | |
Всего комментариев: 0 | |