Главная » Статьи » Начальная школа

Отан
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Калилаева Шамшат Куатовна
бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Отан
Сабақтың мақсаты:
Отанды сүюге,Ата-заңымызды қадірлеуге баулу,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттерді сіңіру,сұрақтарға жауап беру.
2.Ойын арқылы білімін ортаға сала отырып,өз ойын талқылау.
3.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Патриоттық сезімдері оянады.
2. Сұрақтарды дұрыс қоя біледі..
3. Туған елге,жерге деген сүйіспеншіліктері артады.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу,дүниетану.
Сабақтың оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау,АКТ
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, суреттер, слайдтар

Сабақтың тақырыбы Отан
1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке»
Топқа бөлу
І топ Ақындар ІІ топ Суретшілер
ІІІ топ Ойшылдар ІV топ Ғалымдар 3 мин
2.Қызығушылығын ояту

Жетелеу сұрақтарын қою

1.Сұрақ – жауап

1. Қай республикада тұрамыз ?
2. Біздің елбасымыз кім ?
3. Елордамыз қай қала ?
4. Астана қай өзеннің бойында орналасқан ?
5. Біздің жеріміз қандай ?

3 мин
3.Мағынаны тану

4. Автормен таныстыру

5.Өлеңді мәнерлеп оқу

6.Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар

7.Постер жасау Бейнекөрініс
Оқушылар көркем қалаларымыз бен әсем табиғатымыз жайлы бейнекөрініс көреді.
Ермек Өтетілеуов (1938-2006) - 1 қаңтарда Ақмола қаласында туған.
Ақынның алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары жарық көре бастады. Жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, азербайжан, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектебінің
оқулықтарына енген. 5 мин

Жаңа сабақ : Отан
1.Төрт топ төрт шумағын оқиды.
Өлеңде неше шумақ бар ? ( 4 шумақ )
Бір шумақта неше жол бар ? ( 4 жол )
Бірінші қатардағы сөздерді буынға бөл . 5 мин
2.Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қою.
Отанды біз неліктен атамекен дейміз? (І топ)
Отанды біз неліктен сүйеміз ? ( ІІ топ)
Отанды біз неліктен қастерлейміз ? ( ІІІ топ)
Өлеңде ақын Отанға қандай теңеу сөздер айтты?
Өздерің қандай теңеу сөздер айтар едіңдер ? ( ІҮ топ )
5 мин
2.Постер жасау.
І топ Отаным-бақыт мекенім ( Отан туралы өлең жазу)

ІІ топ Табиғатым-тал бесігім ( Еліміздің әсем табиғатын бейнелейді.)

ІІІ топ Ата салтым – қазынам ( Еліміздің салт-дәстүрі жайлы ойларын жеткізеді.)

ІV топ Атадан қалған асыл мұра ( Билеріміз, ақындарымыз, жазушыларымыз туралы ой толғайды.)
10 мин
8.Сергіту сәті
Ән әуеніне билеу. 3 мин
9.Ойын
«Жалғасын тап»
1.Отан - .... да ыстық. (оттан)
2.Отан сүю .... басталады. ( отбасынан)
3.Отансыз адам- .... бұлбұл. ( ормансыз)
4.Отан елдің - ...... ( анасы)
5.Туған елдей - ... ... , ( ел болмас)
Туған жердей - ... ... . ( жер болмас)
6.Туған жердің ... де ыстық, ... де ыстық. ( күні, түні)
3 мин

10.Қорытынды

Отан сөзіне топтастыру

11.Бағалау 2.Топтастыру «Отан»
халқым тілім
елім дінім
жерім атамекенім
табиғатым ауылым
3 мин

Оқушылар өз ұпайлары мен топ ұпайын есептеп, бағаларын анықтайды. 3 мин

Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңі

Үй тапсырмасы
«Ағайынбыз бәріміз»
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің.
Біз – бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2 мин

Отан туралы өлең шығару.

Источник: http://Отан
Категория: Начальная школа | Добавил: Шамшат (16.01.2015)
Просмотров: 1485 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]