Главная » Статьи » Начальная школа

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы,
Бостандық орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Гүлнара Едресқызы.
Пән: Әдебиеттік оқу. 2 сынып.
Тақырыбы: Тарқаған өкпе.
Мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға сабақтың мамұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, өз ойларын тұжырымдап қорытынды шығаруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып, жақсы және жаман қасиеттерден айыра білуге үйрету.
Әдіс-тәсіл: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: «Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ-сабыр сол», «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» М.Әуезов.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Үй тапсырмасын сұрау. (шеңбер бойымен әңгімелеу)
а)Беріктің газетті рұқсатсыз алып кетуінен қандай келеңсіздік туды?
ә)Беріктің: «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сен не айтар едің?
б)Берктің қылығына көзқарасың қандай:
а)Ұрлық деуге болады
ә)Көңіл аударуға тұрмайтын, ойланбай жасаған іс.
в)Егер Берік өз үйінде, үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді деп ойлайсыз?
г)Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталған.
Жаңа сабақ.
1.Қызығушылығын ояту.
-Бүгінгі сабақтың тақырыбын өздеріне тапқызу.
А)Көкте бар Ә)Кептерде бар В)Партада бар Г)Төбетте бар
Құмда жоқ Торғайда жоқ Тақтада жоқ Қабанда жоқ
Сөлде бар Бөктерде бар Арпада бар Көжекте бар
Суда жоқ (Ө) Тоғайда жоқ (К) Мақтада жоқ (П) Қоянда жоқ (Е)

2. Өкпе- деген сөз қандай мағынаны білдіреді.
Өкпе-зат есім Адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі.
Өкпе-зат есім Наз, реніш; КӨҢІЛ ҚАЛАУШЫЛЫҚ (АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ҚАСИЕТ)
-Бұндай сөздерді қазақ тілінде қандай сөздер дейміз?
Омоним сөздер- айтылуы , дыбысталуы бірдей,мағынасы әр түрлі сөздер
3.Бүгінгі тақырыбымыз: Толымбек Әбдірайым «Тарқаған өкпе»
-Мәтінді тізбектеп оқу.
-Мәтінге ат қою. (дәптерге жазу) I Алданның сырқаттануы.
II Ауруханада.
III Сәруар туралы ой.
IV Алданның ауруханадан шығуы.
V Достық көңіл.
Дәптермен жұмыс.
-Сөздік жұмыс.
Күн құрғатпай-күнде
4. Сергіту сәті.
5. Мәтін бойынша әрбір оқушы бір-бір сұрақ жазады да қоржынға салып, қоржыннан алып сұраққа жауап береді.
А)Көкесі қандай ем қолдану керек деді?
Ә)Анасы қандай ем қолдану керек деді?
Б)Әжесі ше?
В)Ауруханада Алданға қандай ой түсті?
Г)Алданның Сәруар туралы ойы қалай өзгерді?
Д)Алданның басқаға емес, Сәруарға өкпеледі себебі мәтіннен тауып оқыту.
6. Ой толғаныс
Ойланып,өз пікірлерін ортаға салу, ой түюге , шешім қабылдауға үйрету.
а)Жазушы бұл мәтін арқылы бізді неге тәрбиелегесі келді?
ә)Осы мәтін бойынша қандай ой түйдіңдер.
1......сауға бәрі сау
2......ауруын жасырған өледі.
3.Түйістіреді көзіңді-көзіңе
Жолықтырады өзіңді-өзіңе
4.Кірден таза қылатында өзі
Судан қашып тұратында өзі..
5.Бірінші.......-денсаулық
6.........аяқ астында
7.......адам-кіршіл
8.Көзің ауырса қолыңды........,
9.Қалтамда жатыр тісі бар,
..........–ақ істер ісі бар
Д
Е
Н
С
А
У
Л
Ы
қ
Д-досын
О-ойлайтын
С -сыйлайтын
Т-тұрақты
Ы-ыстық
Қ-қарым-қатынас


7.Қорытындылау.
Мақал-мәтел.
1.Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ-сабыр сол.
2.Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. (М.Әуезов)
Өкпесі тарқады-өкпе-реніш басылды, өкпелегенін қойды.
Қосымша деректер:
Данышпан атаның кеңестері.
1.Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.
2.Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
3.Жақсы нәрсе туралы ойла.
4.Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
5.Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
6.Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
7.Ашуды ақылға жеңдір.
Данышпан ата өсиеті.
1.Ерте тұру.
2.Орта тазалығын сақтау.
3.Жер ананы аялау.
4.Денені шынықтыру.
5.Өзіңді таза ұстау.
6.Артық тамақ ішпеу.
7.Сергек жүру.
Үйге:оқу,мазмұнын айту.
Категория: Начальная школа | Добавил: аю (28.01.2015) | Автор: Аюпова Гульнара E
Просмотров: 2133 | Теги: Урок, литературное чтение, 2 класс | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]