Главная » Статьи » Начальная школа |
Жапырақ.Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Сансызбаева Айгүл Ноктыровна бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы:Жапырақ.Күзде жапырақтар неге сарғаяды? Сабақтың мақсаты: 1.Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың атқаратын қызметімен,түрлерімен таныстыру,түсінік беру. 2.Қосымша тапсырмалар,сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту,танымдық белсенділігін арттыру. 3.Байқағыштыққа,еңбек сүйгіштікке,бірін-бірі құрметтеуге,қоршаған ортаға қамқор болуға,табиғатты сүюге баулу. Әдіс-тәсіл:Түсіндіру әдісі,сұрақ-жауап,әңгімелеу,ой қозғау әдісі. Түрі:Жаңа сабақты меңгерту. Көрнекілігі:Әр түрлі жапырақтар,бөлме өсімдіктері,кестелер,топтастыру,сөзжұмбақ үлестірмелер,әдістемелік құралдар,гербарий. Пән аралық байланыс:Бейнелеу,еңбекке баулу,ана тілі. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,түгендеу,балалардың назарын сабаққа аудару. 2.Психологиялық дайындық -Армысың күн емендер мен кең дала! -Армысың тау,ормандар мен теңіздер! -Армысыңдар өсімдіктер,гүлдермен! -Армысыңдар әлемде өмір сүргендер! Үй тапсырмасын тексеру:«Сабақ» Үй тапсырмасын қайталаудан бастайық. 1.Өсімдіктерді қандай топтарға бөліп едік?(ағаш,бұта,шөп) Өсімдіктер Ағаш Бұта Шөп 1. 1. 1. 2. 2. 2. 3. 3. 3. 3-оқушыны шығарып топтастыру 2.Өсімдіктің қандай мүшелерін білеміз? 3.Өсімдіктің жер асты мүшесі қалай аталады?(тамыр) 4.Тамыр түрлерін ата және ол қандай қызмет атқарады? (кіндік тамыр,жанама тамыр,шашақ тамыр,қосалқы,негізгі тамыр.Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді.Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.) 5.Сабақ қандай қызмет атқарады?(Сабақ өсімдіктің негізгі мүшесі.Ол өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен байланыстырып,жалғастырып тұрады.Сабақ сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.Сабақ арқылы өсімдік тыныс алады.) 6.Өздерің бақта көріп жүрген жүзім мен таңқурайдың сабағын салыстырып айтыңдаршы?(таңқурайдың сабағы тік қатты,жүзімнің сабағы әрі жұмсақ,иілгіш келеді,бұл өрмелегіш сабақ) Үй тапсырмасын қорытындылау. Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар,барлығының сабағы бірдей емес біреуінің сабағы тік тұрса,бірі төмен қарай салбырап немесе шырмалып өседі. Жаңа сабаққа дайындық:«Ой толғаныс»сатысы Сөзжұмбақ шешу. Ж А П Ы Р А Қ 1.Ең ыстық мезгіл 2.Өсімдіктің негізгі үш түрінің бірі 3.Өсімдік өсетін жұмсақ,борпылдақ қабат 4.Күзде себілетін дән 5.Өсімдіктің жер асты мүшесі 6.Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырып тұратын мүшесі 7.Ағаш түрі Жаңа сабақ.Жапырақ.Күзде жапырақ неге сарғаяды? Мұғалім:Қай жыл мезгілінде жапырақтар қурап түседі?Күз айларын атайықшы:кыркүйек,қазан,қараша Жапырақсыз сидиып тұрған өсімдік туралы Абай атамыз қалай айтқан? Ана тілінен «Күз»туралы өлеңін еске түсірейік. Оқушы: Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп Жапырағынан айрылған ағаш шулай. Мұғалім:Ағаш-көркі жапырақ демекші,жапырақ өсімдікке сән береді.Жапырақ шаң-тозаңды жұтып,ауаны тазартады,шуды бәсеңдетеді.Оның пішіндері әртүрлі болады.Өздерің көріп байқап жүрген боласыңдар. Мысалы:Шырша ағашының жапырағы жасыл ине тәрізді.Олар жыл бойы жасыл болып тұрады.Басқа ағаштардың жапырағы күзде сарғайып өзгереді.Әбден қурағанда жерге түседі.Күзде адамдар түскен жапырақты жинап топыраққа көміп шірітеді.Шіріндісі көп топырақта өсімдік жақсы өседі.Күзде ауа райы салқындайды,топырақ тоңазиды.Жапыраққа қажет күн көзінің жылуы да азаяды.Өсімдіктердің қоректенуі баяулайды.Осының нәтижесінде жапырақ түсіп сарғаяды.Мұндай құбылыс күзде болады. Дәптермен жұмыс: Сергіту сәті Біз күздегі жапырақпыз Бұтақтарға жабысқан. Жел соқты да ұшып кеттік Ұшып кеттік алысқа. Жерге баяу қонақтадық Тағы соқты жел келіп. Жапырақты көкке ұшырды Ауада сәл тербеліп Тағы қондық жерге біз. Семантикалық карта таратып беру:Семантикалық карта Оқулықпен жұмыс:Мәтінді оқу «Жапырақ» 4-5 бала оқып шығады. Жұмбақ жасыру 1.Ағайынды бәрі Шықса көк Түссе сары. (жапырақтар) Жұмбақтың жалғасын тап: Мені ешкім ....... (жемейді) Тәтті екен...........(демейді) Сарғайып........(пісемін) Үзіліп...........(түсемін) (жапырақ) Дұрыс айтасыңдар Сабақты қорытындылау:«Жапырақ құрастыру» ойыны Біз бүгін өсімдіктер,жапырақтар туралы айттық.Сонымен жапырақ өсімдікке не береді?Күзде жапырақтар неге сарғаяды?Табиғат қорғауға сендер қандай үлес қосасыңдар? Ол үшін кішкентай ғалымдардың пікірін тыңдайық: 1 оқушы:Күн,ауа,су,топырақ-бұлар тіршілік көзі.Таза болуын қадағалаймын. 2 оқушы:Бізге ата-бабамыз жерді сеніп тапсырады.Қиын кезді басынан өткізді.Өз Отанымыздың табиғатын қорғаймыз. 3 оқушы:Мен ағаштарды көп егемін.Жасыл желкенді күтемін.Жұлған,сындырған адамдарды тәртіпке шақырамын. 4 оқушы:Өзім отырған,тұрған жерімнің тазалығын сақтаймын. 5 оқушы:Табиғатты аялау-барлық адамның міндеті.Онда менің де үлесім бар. 6 оқушы:Барлық адамдар осылай жасайды деп ойлаймын.Біздер-Отанымыздың болашағымыз. Сабақты бекіту:Бүгінгі сабақ ұнады ма?Не үйрендіңдер? Бағалау:Сабаққа өте жақсы белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап,бағалау,сыйлық таратып беру. Үйге тапсырма беру:«Жапырақ»мәтінін оқып,түсінік айту.Жапырақтың суретін салу. | |
Просмотров: 2348 | | |
Всего комментариев: 0 | |