Главная » Статьи » Начальная школа |
«М.Дулатов.Шешенің балаларын сүюі»
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Мамырбаева Жаухар Сериковна бастауыш сынып мұғалімі Cабақтың тақырыбы:«М.Дулатов.Шешенің балаларын сүюі» Сабақтың мақсаты: а )М.Дулатов туралы түсінігін толықтыру,өлеңнің мазмұнын ашу,оқыту ә)анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,адамгершілік қасиетін ояту,түсінігін тереңдету б)ананы сыйлап қастерлеуге,борышын өтей білуге,аялауға,жалықпай оқуға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі:топтастыру,әңгімелеу,оқыту Көрнекілігі:видеоматериалдар,сурет,сөзжұмбақ. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сапқа тұрғызып,1,2,3,4-ке санатып 4топқа бөліп отырғызу. Психологиялық дайындық жүргізу:Оқушылар орындарынан тұрып,қол ұстасып шеңбер құрады.Жүрек жылуы арқылы бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?Авторы кім?Міржақып Дулатов туралы не білеміз?Осы сұрақтарға жауап ала отырып,Міржақып Дулатов туралы білімін толықтыра түсу.Видеосюжет көрсету. Видеосюжетте Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатованың әкесі туралы естеліктері түсірілген. «Менің әкем»атты деректі фильмнен Міржақып Дулатовтың репрессияға ұшыраған кездердегі көріністерін көруге болады.Міржақып Дулатовтың шығармашылығымен таныстыру. Жаңа сабақ Мына сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысамыз.(сөзжұмбақты тақтаға ілу)Жүрекке жылы сөздерді атап шығамыз, сол арқылы сөзжұмбақты шешеміз .1сөз:айналайын.2сөз:жаным.3сөз:Ботақан Осы сөздердітиісті торкөздерге жазғанда Ана сөзі шығады.Ана сөзінің басқа атауларын атап шығу:ана,шеше, мама. Ананың суретін ілу. М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі»өлеңін өтеміз.Өлеңді оқымас бұрын ондағы тыныс белгілерге мән беру.-,?,.бұл белгілер қандай сөйлемдерде кездеседі?Бұл өлең диалог түрінде берілген. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Өлеңді төрт топқа бөліп,диалог ретінде оқу. Әр топқа сол оқыған өлеңінің мазмұнын айтқызу. 4топқа топтық тапсырма беру: 1)Ана кім? 2)Ана туралы мақал-мәтелдер жаз. 3)Ана туралы қандай шығармаларды білесіңдер? 4)Анаға хат жазу. Уақытты белгілеу.Топтастыру стратегиясын тақтаға шығарып қорғату. Сергіту сәті .(көңілді күн)Оқушылар орындарынан тұрып,би жаттығуларын жасайды.Мұғалім көрсетіп тұрады. Шығармашылық жұмыс:«Ана жүрегі»видеоклипін көрсету.Осы ән бойынша топтық жұмыстар жүргізу: 1)Әннің мазмұнын айту. 2)Баланың істеген әрекеті. 3)Баланың орнына өзін қою. 4)Әннің тәрбиелік мәні. Белгілі бір уақыт беру. Сабақты қорыту Балалар,әр топтың өз атауы бар,байқадыңдар ма?Ана бар жерде отбасы да болады.Ана,Әке,Ұл,Қыз-Отбасы мүшелері.Осы туралы айтып өтейікші. Ана кім?Әке кім?Ұл кім?Қыз кім?Отбасы мықты болуы үшін не керек? Ал отбасы ұйытқысы –Ана.Анамызды құрметтейік,балалар.Отбасы мықты болуы үшін бір-біріне деген сүйіспеншілік,сыйластық ,мейірімділік болуы керек.Оқушыларды шеңбер құрып тұрғызу. «Әрқашан күн сөнбесін»әнінің қайырмасын 2рет айтқызу. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттап келу. Бағалау.Әр бала өзіне қойған бағасын айтады.Мұғалім тиесілі бағасын қояды.Кері байланыс жүргізу | |
Просмотров: 1889 | | |
Всего комментариев: 0 | |