Главная » Статьи » Начальная школа |
Жапырақ
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Жанжумаева Айнагүл Абдихалыковна бастауыш сынып мұғалімі Сынып: 2 «Д» сынып Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Жапырақ Сілтеме Дүниетану оқулығы.Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. Алматы кітап баспасы 2013ж Сабақтың мақсаты:Жапырақтың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы туралы оқушылар білімін қалыптастыру. Сабақтың міндеті: 1.Оқушыларды шығармашылық ізденіске, сыни ойлауға, таным қабілеттерін арттыруға баулу. 2.Білімге деген белсенділіктерін арттыру,топпен жұмыс істеуге жаттықтыру. 3.Табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже 1.Мәтін мазмұнын түсінеді. Өсімдік мүшелері туралы біледі. 2.Ой түйеді, өз ойын еркін жеткізіп, дәлелдей алады. 3. Ынтымақтастықта жұмыс істей алады. Тапсырма көздері: Диалог әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды. Топтық жұмыстар: іштей оқу, талқылау, өз ойын еркін жеткізу, болжам айту, дәлелдеу. Көрнекілік Суреттер, электронды оқулық Қолданылған модульдар Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Сабақтың жүрісі І.Ұйымдастыру кезеңі Қағаз қиындыларын тарату арқылы өсімдіктің мүшелері «Гүл», «Сабақ», «Тамыр», «Жапырақ» болып 4 топқа бөлінеді. Әр топқа отырғызу. Бағалау критерийлерімен таныстыру. (Топ басшысын анықтау, берілген жауаптарына қарай смайликтер арқылы бағалау) І. Үй тапсырмасын сұрау. «Лездеме сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын тексеру, пысықтау. Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау III. Қызығушылығын ояту Жұмбақ шешу Жазда өседі,Күзде түседі. (жапырақ) -Біз бүгінгі сабағымызда өсімдік тіршілігі , өсімдік мүшелері туралы оқуды жалғастырамыз. IV Жаңа сабақ Мағынаны таныту Электронды оқулықты көрсету «ДЖИКСО» әдісі Оқулықтағы мәтінмен жұмыс 1-топ Жапырақтың қызметі бөлімін оқиды. 2-топ Жапырақта нелер түзіледі? -бөлімін оқиды. 3-топ Жапырақтың өсімдіктің өсуіне тигізетін әсері бөлімін оқиды. 4-топ Жапырақтың пішіні бөлімін оқиды. Оқыған мәтіндері бойынша әр топ бір біріне сұрақтар қояды. Зерттеу жұмысы 1-2 топтар: Жапырақтың бойында су бар екенін анықтайды. 3-4 топтар: Жапырақтың пішіні, түсі, көлемі, ұқсастығы және айырмашылығын анықтау. V. Сергіту сәті «Әлқиса» «Өсімдікті қорғау» туралы,өсімдіктің табиғатқа пайдасы туралы бейнефильмдер көрсету. Әр топқа тапсырмалар беру VI. Топпен жұмыс. Музыка қою. 1-топқа -Өсімдіктің адамға,табиғатқа пайдасы. 2-топқа -Өсімдік туралы әңгіме жазу. 3-топқа -Берілген мақал – мәтелдердің арасынан өсімдік туралы мақал-мәтелдерді теріп жазу. 4-топқа -Өсімдіктерді қорғау. VII.Білімді бекіту «Попкорн» ойыны -Жапырақ туралы не білдіңдер? VIII. Қорытындылау кезеңі Өзекті сұрақ: -Өсімдікке жапырақ неге керек? Мен бүгін сабақта......... үйрендім. Маған ......... оңай болды. Маған ......... Қиын болды. Енді мен ....... өзім орындай аламын. IX. Бағалау Оқушылардың ұпайы саналып , бағаланады. X. Үй тапсырмасын түсіндіру Мәтінді әңгімелеу 55-56 –беттер Қағаз қиындыларындағы жазуды оқып, топтарға бөлінеді. Топ ережесін еске түсіреді. Әр топ, топ басшысын сайлайды. Ауызша сұрақтарға жылдам жауап береді. Жасырылған жұмбақтың шешуін тауып, өздері жаңа сабақтың тақырыбын айтадыКөреді, тыңдайды. Оқушылар іштей оқиды . Топта талқылайды.Әр топ басшысы мазмұнын айтады. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Зерттеу жұмысын жасайды. Қорытынды шығарады. Power Point –тан оқушылар қимылмен көрсетеді. Топқа берілген тапсырмалар бойынша, жұптасып бір-бірімен ой бөліседі, диалог жасайды.Сыни ойланады, талдайды, сараптайды, болжамдар айтады, қорытынды шығарады. Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта талдап, бір шешімге келеді. Постер жасап қорғайды. Оқушылар кезекпен орындарынан тұрып сұраққа жауап қайтарады. Оқушылар жауабы тыңдалады. Рефлекця жазады. Жинаған смайликтерін санайды. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу. 5 сұрақтан дайындау | |
Просмотров: 1306 | | |
Всего комментариев: 0 | |