Главная » Статьи » Начальная школа

Қазақ тілі. Тақырыбы:Білімді тиянақтау
Қазақ тілі.4 сынып
Тақырыбы:Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты: ) білімділік: өткен тақырыптар бойынша білімдерін тиянақтай отырып, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
(Балалар,сендер «Алтын балық»туралы ертегіні білесіңдер ме?Яғни ол балық кез-келген тілектерді орындайды.Ал сендердің алдарында жатқан қандай балық деп ойлайсыңдар.Ендеше,қазір әрқайсыларын бүгінгі сабаққа қатысты бір тілектен ойлап ,сол балықтарыңды мына үлкен балыққа жапсырайықшы.
Тамаша.Барлығымыз тілектерімізді айттық.Ендеше бүгін сендерге де,өзіме де сәттілік тілеймін.
Бүгін біз сендермен орманға саяхатқа шығамыз.Орманға бармас бұрын орман ережелерін еске түсірейікші.(слайдтарды көрсете отырып ережелерді өздеріне айтқызу)
Міне сендермен орманға да келіп қалдық.
Қанеки көздеріңнің жұмып бір сәт елестетіп көріңдерші.(орман дыбыстары қосылады)
Орманның ауасы қандай?
Орманда нелер бар екен?
Ненің дыбысы естіледі?
Балалар,біз сендермен гүлдер алаңқайына келіп қалдық.Гүлдердің бізге дайындап қойған тапсырмасы бар екен.Орындаймыз ба?
Гүлдердің тапсырмасы
Сөз кұрамы нешеге бөлінеді?
Түбір деген не?
Қосымша нешеге бөлінеді?
Жалғау деген не?
Жұрнақ деген не?
Сөз таптарын атаңдар.
Аңдардың тапсырмалары
Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар:
Көбелектерді,көлдеріне,бесінші,ақылды,
оқушысын,кітабында,жұмыскерлердің,
оқулықты,үйімнің,жақсылықты,әкеңмен,
жүгірме,күшігің.
Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар:
Көбелектерді,көлдеріне,бесінші,ақылды,
оқушысын,кітабында,жұмыскерлердің,
оқулықты,үйімнің,жақсылықты,әкеңмен,
жүгірме,күшігің.
-Тамаша .тапсырманы жақсы орындадыңдар.енді ары қарай жүрейік.біз сендермен саңырауқұлақтар алаңқайына да жеттік.олардың да сендерге дайындаған тапсырмалары бар екен.
Саңырауқұлақтардың тапсырмалары
Септіктерді атаңдар.
Демалыс,күйші сөзін септеңдер
-Бұл тапсырманы да тамаша орындадық.ал енді бізді аңдар да күтіп отыр екен.Олар бізге қандай тапсырма дайындап қойды екен?
Оқулықпен жұмыс.
188 бет.40-жаттығу
Ал енді ары қарай жүрейік. Қараңдаршы мұнда бізді құстар күтіп отыр екен.Олардың да бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.Орындаймыз ба?
Құстардың тапсырмасы
Тірек сөздерді қолдана отырып, ауызша әңгіме құрастырыңдар.
Құстың ұясы,балапан,риза болды.
Рефлексия
Міне,балалар,орманнан да шықтық.Бізді күлімсіреген күн қарсы алды.ал сендердің көңіл-күйлерін қалай?Шаршаған жоқсыңдар ма?Жарайсыңдар.Ендеше жұмысымызды ары қарай жалғастырайық.Алдарындағы түсті қағаздарға қолдарыңды басып оны қиып алыңдар.
Қиып болған балалар маған тапсырыңдар.Осыған бүгінгі сабаққа байланысты ойларыңды жазып маған алып келіңдер.
Тақтаға жапсыру.
Қараңдаршы балалар не болып шықты?
Біздің күніміз жарқырап тұр.Ендеше сендердің көңіл-күйлерін әрқашан көтеріңкі болсын,жүздеріңнен күлкі кетпесін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз
Категория: Начальная школа | Добавил: rahimowa (05.02.2015) | Автор: Рахимова Толкын E
Просмотров: 951 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]