Главная » Статьи » Начальная школа |
Ауа .Ауаның қасиеті.
Абдуалиева Гульнара Жаксыкелдиевна бастауыш сынып мұғалімі Пән: Дүниетану Сыныбы: 2 Сабақтың тақырыбы: Ауа .Ауаның қасиеті. Сабақтың мақсаты : Оқушыларға ауа туралы түсініктерін молайту. Ауаның қасиетін ұғындыру.Оқушыларды ізденіске жетелеу.Ауаның түссіз және мөлдір болатынын түсіндіру. Бақылай білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже : Ауаның түссіз және мөлдір болатынын түсінеді, бақылай білуге үйренеді. Топпен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыланады. . Әдіс- тәсілдер : Миға шабуыл ,зерттеу әдісі, репродуктивті әдіс, интерактивті әдіс, сұрақ-жауап,АКТ. Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту Сабақтың түрі : Аралас сабақ Көрнекі-құралдар: Интербелсенді тақта, электронды оқулық, әр түрлі суреттер, кесте, гүлдер. I. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 мин.) Психологиялық кезең Әрбір адам- досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тіршілік, адалдық Әрбір сабақ- үйрену, оқу, іздену, Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық. Амандасу, түгендеу, смайликтер арқылы бес топқа бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Білу. Үй жұмысын сұрау. Миға шабуыл. III.Түсіну .Жаңа сабақ. Оқушыларға жұмбақ шешу арқылы бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Көзге көрінбейді , Жұтсаң білінбейді. 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 2. Кестені толтыру. – Ауа туралы не білеміз ? Білемін Білдім Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады. Интербелсенді тақтаның көмегімен оқушыларға ауа туралы түсіндіру. Әңгімелесу. - Өздеріңе керекті қандай мәлімет алдыңдар? -Көрген жаңалықтарыңмен, табыстарыңмен топта бөліс . Сергіту сәті: Әр топқа тапсырма беру. IV.Қолдану. Оқулықпен жұмыс. Репродуктивті әдіс (Оқығандарын айтып беру) 1 –топ. а) Ауа барлық жерде бар . ә) Адамға ауа тыныс алу үшін керек. б) Адам ауасыз өмір сүре алмайды. 2-топ. а) Ауа көзге көрінбейді . ә)Біз ауаның бар екенін сеземіз. б)Ауа бізді жан-жағымызды қоршап тұрады. 3-топ. а )Ауа топырақта ,ішетін судың ішінде де бар. ә )Ауаны мұхит пен өзен көлдерден де табамыз. в)Біз ауаның дәмін де , иісін де сезе алмаймыз. 4-топ а) Ауа бізге көрінбейді. ә) Адам ауаның соққанын жел арқылы біледі. б) Есікті ашып жапқанда да ,ауаны білесің. 5-топ. а) Мысалы ,ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. ә)Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді . б) Егер бетіңе парақты желпісең ,жел соққанын сезесің. V.Талдау. Әр топ оқушылары өздерінің оқығандарын ауызша айтып береді. Интербелсенді тақтаның көмегімен ауаның маңызы туралы көру. Тәжірибе жасау. Дәптермен жұмыс . Әр топтан бір оқушыдан шығады. Тәжірибені жасатып , қорытынды шығару. 10. Кестені толтыру. Білемін Білдім Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады. Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды. Әр топ оқушылары ауа туралы эссе жазады. Жазған эсселерін оқып беру. Әр топ парақшаларды толтырады. Иә Жоқ Білмеймін 1 Ауа мөлдір 2 Ауа – түссіз 3 Ауаның пішіні жоқ 4 Таза ауаның иісі болмайды 5 Ауа айналадағы бүкіл кеңістікті,ашық жерлерді толтырып тұрады. 6 Ауа жану үшін керек. VI.Жинақтау. Сабақты қорытындылау. Рефлекция. 1.Маған не ұнады..... 2.Мені не қызықтырыды............. 3.Менің сұрағым бар....... -Ауа туралы не білесің? - Ауаны қолмен ұстауға , сезуге немесе дәмін татып көруге бола ма? Біз ауаның бар екеніндігіне көзімізді жеткіздік . Енді қандай қорытынды жасаймыз ? 1. Ауаның иісі жоқ. 2.Ауаның дәмі де жоқ. 3. Ауа барлық жерде бар. 4. Ауаның көлемі алып тұрған жеріне байланысты. 5. Ауа туссіз. Кері байланыс. VII. Бағалау. Гүлдермен бағалау. Үйге тапсырма: Ауа. Ауаның қасиеті. Ауа туралы төрт жол өлең шығарып келу. | |
Просмотров: 1879 | | |
Всего комментариев: 0 | |