Главная » Статьи » Начальная школа

" 4 санын қосу және азайту "
дәптерге өз бетінше тапсырманы орында.
топпен ауызша жұмыс

шығармашылық тапсырма

Сөз әлемімен танысу( дыбыстар)
Дыбыс пен әріп.
Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып,естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді.Дыбыс-сөздің ең кішкене бөлігі.Дыбысты айтады және естиді.
Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді.әріп-дыбыстың жазбаша таңбасы.әріпті жазады және көреді.
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын-алфавит (Әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады.Қазақ тілінде 37 дыбыс бар (Дыбыс бола алмайтындар:я (й+а),ю (й+у),е (й+о) қосарлы дыбыстары және ь-жіңішкелік,ъ-жуандық белгілері). У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты және дауыссыз) қолданылады.Бірақ бір дыбыс болып саналады.қазақ тіліне тән әріптер (9):ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ.
1. Сөздерді алфавит бойынша жаз.
А) кітап,әдепті,қауын,жаңбыр,бұлт,өшіргіш,анар,отыр,жеті,сары.
Ә)қарбыз,аңдар,тыңда,көкөніс,сегіз,ыстық,дыбыс,оқы,егін,піседі.
2. Бір дауысты дыбыстан тұратын сөздерді теріп жаз.
Күн,жұма,аяз,қант,шуақ,қайт,сағат,айт,буын,сөз.
3. Сөздерде қанша әріп,дыбыс бар?
Аққала,сырғанақ,буын,аяз,иіс,ою,қырау,тиін,қыс.
4. Жаңылтпашты жатқа жаз.
Ала қарға қарға қонды
Қара қарға жарға қонды.
5. Төмендегі сөздерге тиісті әріптерді қойып жаз.
К...тап, о...ушы, та...та, біл...м, қо...ырау, ..алам, к...нделік,ба...а,с...рақ.
6. Әріптердің орнын ауыстырып,сөздер жаса.
Катіп,ақбас,пәтдер,сышғыз,қуошы, ағба,кідөзс,қамал,ексөм,аққаз.

7. Ойлан,тап !
Егер «Х»-дан бастасаң
Алыстан хабар аласың
Х-ны алып тастасаң
Үстіне тоқым саласың.
( ................. - ..................)
8. Төмендегі сөздерден басқа сөз құра.
Кесе-есек зат- ......................
Қала - ............. қора - ...................
Қалам - ............ самал - .................
Салақ - ............. тарақ- ...................
9. Шашылған әріп.
Афлив,огавн,мартвйа,ковлаз,ильфм, касф,лайф,хце,тамхаш,арбах
( вафли,вагон, трамвай,факс,файл,цех,шахмат,фильм, вокзал,хабар)
10. Дыбыстық талдау жаса.
Категория: Начальная школа | Добавил: darina (11.02.2015) | Автор: Кадыровой Дарине Есенгельдиновне E
Просмотров: 1223 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]