Главная » Статьи » Начальная школа

Құлақ есту мүшесі.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Айтиев селосы
Айтиев бастауыш мектебі
Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна
Пәні: Дүниетану
Cабақтың тақырыбы:Құлақ есту мүшесі.ӨҚН:Адам
Сабақтың мақсаты:а)Есту мүшелері-құлақтың алатын орнын түсіндіру, денені күтуді түсіндіру.
ә)Құлақты таза ұстау жолдарын түсіндіру арқылы гигиеналық тәрбие беру, денені күтуді түсіндіру.
б)Табиғатты қорғауға, денсаулығын нығайтуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:жануарлар дыбысы (үнтаспаға жазылған),музыка әуені.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өткенді қайталау
Қоршаған орта туралы әңгімелету.
Схема бойынша жұмыс
Табиғат –жанды -? жансыз -?
ІІІ.Жаңа сабақ..
1.Үнтаспадан түрлі дыбыстар тыңдату
2.түлік пен т.б. жануар дыбыс тыңдағанын айту.
3.Әуен арқылы адам көңіл-күйін айқындау.
4.Әңгімелеу./сұрақ-жауап/
-Бұларды ненің көмегімен анықтадық?
-Дыбыстар қалай әсер етеді?
-Заттардың дыбысы бола ма?
Сергіту сәті.
5.Сурет бойынша жұмыс: дыбыстар мен үндерді арттыру.
6.Оқушы өмір тәжірибесін пайдалану.Сол туралы оқушы еркін сөйлеуге жағдай жасау.
7.Оқушы мәтінге түсінік беру.Мазмұнын оқушылардан сұрау.
8.тірек сөздер:құлақ есту, дауыс, үн, дыбыс, жағымды, жағымсыз т.б.Сөйлем құрау.
9. ӨҚН:Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді. Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек. Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сендер бұндай жағдаймен кездесеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.
Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экзема) ; Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады
Сондықтан ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Ауаны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі. Көліктің түрлері: автокөліктің қоршаған ортаға әсерлерін жағымды және жағымсыз деп екіге бөліп көрсетуге болады. Әрбір жағымды әсердің түріне бір жағымсыз әсерді сәйкес келтіруге болады. Автокөліктің қоршаған ортаға әсері:
Жағымды әсерлер
Сауданың, саяси, мәдени байланыстардың дамуы
Ғылыми техникалық прогресті ынталандыру, жұмыс орындарын беру
Өндірістік процестерге көліктің енгізілуі, тауарлар өндірісінде жаңа айналыстардың қысқаруы (тауарлардың жылдам жеткізілуі)
Жеке тұлғаның еркіндігі мен тәуелсіздігін сезінуі
Қолайлы жағдайда өмір сүру мүмкіндігінің жоғарылауы
Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігінің кеңеюі
Тез жүруден қуанышқа бөлену, қолайсыз ауа райы жағдайындағы комфорт және қолайлы болу.
Жағымсыз әсерлер
Көлік түтіні ауаны ластайды.
Атмосфераның пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы
Жол көлік оқиғаларында адамдардың өмірінің қиылуы
Өсімдік, жануар және адамның улануы
Қозғалысқа қатысушылардың күйзелісте болуы
Аумақтарды бөлу есебінен өмір сүретін кеңістіктің азаюы
Қала құрылыстары мен ауылдық ландшафттар үйлесімінің бұзылуы
Автокөліктерге байланысты салықтар мен шығынның өсуі
Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәліметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені анықталған. Қорыта келгенде автокөліктен осыншалықты адам ағзасына қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін білдік.
Сондықтан да менің мынадай ұсыныстарым бар;
1) Экологиялық таза жанармайлар ойлап табылса......
2) Қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастырылса.....
3) Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынса......
4) Салауатты өмір салтын қалыптастыруда автокөлік орнына велосипед қолданылса.....
5) Велосипед жүргізуге арналған жолдар және оған арналған тұрақтар салынуы қарастырылса.....
6) Экологиялық таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасаса.....
Қорыта келгенде бұл өмірде көбі адамнын әсерінен болады екен.
ІV.Қорытынды.
1.Құлақты таза ұстау ережесіне шолу.
2.Адам құлағының естуі туралы әңгіме жүргізу.
3.М.Әлімбаев «Қилы-қилы құлақтар» өлеңін оқу, қара сөзбен әңгімелеу.
Мадақтау.-Сабақ аяқталды!
Категория: Начальная школа | Добавил: Тимок (04.03.2015) | Автор: Танатарова Шолпан Каратаевна E
Просмотров: 1315 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]