Главная » Статьи » Начальная школа

Әнұран 80-81 жаттығулар
Сабақтың тақырыбы: Әнұран 80-81-жаттығулар
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың Әнұран туралы түсініктерін кеңейту,сөздегі дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы туралы білімдерін пысықтай түсу.
2.Ізденімпаздық қасиетін,ауызекі сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыру,сөздік қорларын дамыту.
3.Әр тапсырманы ұқыпты орындауын талап ету,көркем жазуға,білімді болуға, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Әнұран авторлары,ребус,тірек сызбалар,ойын элементтері
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. 2.Психологиялық дайындық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау- сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.

3.Үй тапсырмасын тексеру.а) Т. Молдағалиев. Елтаңба өлеңін жатқа сұрау.
ә) 79-жаттығуды көшіріп жазу.
Үй тапсырмасын бекіту.
Бес бұрышты жұлдыз
Шаңырақ Елтаңба Қанатты қос тұлпар
Қазақстан
Балалар,елтаңбамыз мемлекетіміздің тарихи дәстүрін көрсететін белгіміз екен.
Ендеше,жаңа сабақта не өтеміз? Оны ребус шешу арқылы білетін боламыз.
Жаңа сабақтың тақырыбы қандай екен? -Әнұран.Олай болса,Әнұран авторларымен таныс болайық.

1940 ж.6 шілдеН.Назарбаев Алматы обл.Қарасай ауд.
Үшқоңыр қыстағы
Елбасы қоғамдық-саяси тақ.кітапт.авторы

Атырау облысы Ж.Нәжімеденов 1935 ж.
Құрманғазы ауданы өлеңдері,шығармалары
2006 ж.11.01 ақын,жазушы 3 романы

1930 ж Ш.Қалдаяқов Оңтүстік Қаз.обл.
Отырар ауд.
Қазақст. Республ.Халық әртісі «Қазақ вальсінің каролі»

Әнші, композитор

1.Әнұранды мәнерлеп оқып беру. 3.Өз беттерімен оқыту.
2.Мазмұнын ашу. 4.Тізбектей оқыту.

Балалар,бүгін қыстың соңғы күндерінің бірі.Алдымызда қандай мезгіл келеді? –Көктем. –Көктемде қандай мерекені тойлаймыз? -8-наурыз –Аналар күні.Ендеше, аналарымызға бүгіннен бастап жыр арнасақ артық болмас.
Аналарымызға жырымызды арнап,сергіп алайық.(әр балаға 1 жолдан тізбектей айттыру.)
Ақыл құйған санама, Күн алыста, ал анам,
Алғыс айтам анама. Үнемі менің жанымда.

Ақыл айтып баптаған, Аялаған біздерді
Анам үшін мақтанам. Аман болшы, жан анам!
6.Дәптермен жұмыс. Күннің жады. Көркем жазу. Ұұ әрпі
80-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқып,дауыссыз дыбыстары жіңішке айтылған сөздерді тауып, көшіру.Өлең авторымен таныстыру.
Міне,сенің мектебің, зейін,тентегім.
81-жаттығу. «Аналарға сыйлаймыз »ойыны арқылы орындату.(2 құмыраның біріне жуан, екіншісіне жіңішке айтылған сөздерді орналастыру.)
Жуан Жіңішке
жол сан таң жел сән тең темір
тамыр орын тары ерін тері
Сабақты қорытындылау. Терме диктант алу.(жіңішке айтылған сөздерді теріп жазу.)
Көктем, орамал, білім, жұлдыз, сәбіз, нағашы, еңбек.
7.Үйге тапсырма: Әнұранды жаттау. Ережені түсініп, есте сақтау.
8.Оқушыларды белсенділіктеріне қарай бағалау.
Әнұранды әуенімен айтып, сабақты аяқтау.
Максымбаева Сулу- «Бейнеу ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»ММ-
нің бастауыш сынып мұғалімі
Категория: Начальная школа | Добавил: Айгул9016 (17.03.2015) | Автор: Максымбаева Сулу E
Просмотров: 1206 | Теги: сабақ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]