Главная » Статьи » Начальная школа |
Нашар көрші
Сарыкемер орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Султекенова Алтынгуль Кариевна Сыныбы: 2 сынып Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Нашар көрші Мақсаты: Шығарманы түсініп оқып,өмірмен байланыстыра әңгімелеу, адамдар арасындағы қарым-қатынастың әртүрлілігін байқауға мүмкіндік беру. Міндеті: 1. Шығармадағы негізгі ойды оқушыларға ұғындыру. 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Өз ойын қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу. Күтілетін нәтиже: А.Мәтін мазмұнындағы кейіпкер бейнесі арқылы оның идеясын ашады. Ә.Шығармашылық тапсырмалар арқылы бала қиялы, жазу мәдениеті дамиды. Б.Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көре,байқай біледі.Сыни тұрғыдан ойлауға машықтанады. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ түрі: Аралас сабақ . Сабаққа кіріктірілген модуль: 1.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен және оқу. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Әдіс-тәсілдер: Сыни ойлау стратегиялары, диалог, топтық,жұптық жұмыс. Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар ,плакат,маркер Сабақтың барысы: Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ұйымдастыру кезеңі 3 минут Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Табыс критерийі «Көңілді күн» тақырыбында видеоролик көрсету. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлемін. Табыс критерийін таныстырып, тақтаға ілемін. Оқушылар видеороликтегі балалардың іс-қимылын қайталайды. Оқушылар топтарға бөлінеді. Оқушылар табыс критерийімен танысады. Үй тапсырмасын тексеру 5 минут «Не айтар едің?» әдісі Үй жұмысын «Не айтар едің?» әдісі бойынша сұраймын. Жауап берген топты формативті түрде ауызша бағалап отырамын. 1-топ: «Дәрменсіздік» сөзі (сары) 2-топ: «Қатігездік» сөзі (көк) 3-топ: «Ұялу» сөзі (қызыл) 4-топ: «Түйін сөз» сөзі (жасыл) Оқушылар «Не айтар едің?» әдісі бойынша топқа бөлінген кезде мазайка әдісі арқылы құрастырған сөздері бойынша өз ойларын айтады. Қызығушылықты ояту 5 минут «Биопоэма» әдісі «Керек дерек» әдісі «Биопоэма» әдісі арқылы сауалнама жүргізуді ұсынамын. Көршісінің аты: Сипаттайтын 1 - 2 қасиеті: Болашақтан күтетіні: Көрші туралы оқушылардан білетіндерін сұрап өтемін. Оқушылар жұптаса отырып бір-бірінен сауалнама алады. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. Мағынаны тану 15 минут «Оза оқу» әдісі «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі Дәптермен жұмыс Сөздікпен жұмыс «Қарлы боран» әдісі «Оза оқу» әдісі бойынша «Нашар көрші» мәтінін үйден оқып келуге тапсырған болатынмын. «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі мәтінді бір бет қағазға теріп алып, бірнеше бөлікке (бөлімдер бойынша) бөліп, оқушыларға беремін. Сөздікпен жұмыс: Тарихи шығарма- өткен өмір туралы жазылған шығарма. Борыштымын- қарыздармын. Мұра- артына қалдырған дүние - мүлік. Қайырымдылық қоры- жетім-жесірлерге көмектесу үшін ақша немесе заттар жинайтын қор. Менмен көзқарас- менсінбей, паңдана қарау. Оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақтар беремін. Оқушылар мәтінді үйден оқып дайындалып келеді. Әр топ сол қиындыларды дұрыс орналастыру үшін, оқушыларға әр бөлімді түсініп оқулары керек болатын. Соңынан әр топтан бір оқушы мәтіннің мазмұнын айтып шығады. Сөздікті дәптерлеріне жазып алады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап береді. Ойтолғаныс 8 минут «Рөлдегі оқушылар» әдісі 1-топ: «Бейнелеуші-суретшілер» - кейіпкердің мінезін суреттейді. 2-топ: «Жазушылар»- кейіпкердің атынан хат жазады. 3-топ: «Мақалшылар» -көршімен арадағы қарым-қатынас туралы мақал айтады. 4-топ: «Дәнекерлер» - “Нашар көршінің” бойындағы қасиеттерді өмірдегі адаммен байланыстырады. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Бағалау 5 минут Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау. Оқушыларға өздерін бағалауды ұсынамын. Оқушылар бүгінгі атқарған жұмыстарын ескере отырып, алдымен өздерін, содан соң бір-бірін бағалайды. Үйге тапсырма беру 2 минут Өзің білетін мінезі басқаша бір досыңды бейнелеп жаз. Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады. Кері байланыс 2 минут Оқушыларға кері байланыс сұрақтарын қоямын: -Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? -Өз жұмысыңа көңілің тола ма? -Сабақты қаншалықты түсіндің? Оқушылар өз ойларын ай арқылы көрсетеді. Толық ай – сабақты толық түсіндім; Жарты ай - мен жартылай түсіндім; Жаңа ай – мен сабақты түсінбедім. | |
Просмотров: 1974 | | |
Всего комментариев: 0 | |