Главная » Статьи » Начальная школа

9 санын қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, 9 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру,есеп шығару білігін тиянақтау, тез
есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі:қима қағаздар, суреттер,схемалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі ,дүниетану.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Математика сабағын,
Мен меңгеріп аламын.
Қазір есеп шығарып,
Ата-анамды қуантып,
,,Бес,, деген баға аламын.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Күн жылынады. Жаңбыр жауады. Қар ериді.
Балалар бугінгі сабағымыз ерекше. Сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Коктемде дала гүлге толады. Міне, біздің сыныпта тақтаға коптеген гүлдердің суреттері бейнеленген. Бүгінгі тапсырмаларды орындай отырып біздер жумбақ сөзбен танысамыз.
-Ендеше ,балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын тексеру.
3.142- бет. Салыстыр.
7+3=10 2+2=4 5-2=3
4+2 < 7 9-4<6 8-5>2
Өткен сабақты бекіту
1.Сандар қатарын ата. 0-10
2.10-ға дейінгі сандарды тура санау
3.0-ге дейінгі сандарды кері санау
4. Қосудың колеп-н атау
5.Азайтудың колеп-н атау

8 Санын ашу

Жаңа сабақ
9 санын қосу және азайту
Көркем жазу 10
10 жұп сан
10 екі таңбалы сан
Оқушылар, спорт залда 1 доп бар еді. Бүгін кәсіпкерлер 9 допты сыйға әкелді. Сонда барлығы неше доп болды?
-10 доп
Ал енді 10 доптың тоғызын 1,,Б” сыныбына сыйға берді. Сонда неше доп қалды?
1+9=10
10-9=1
Оқушылар барлығымыз оқулықтағы 1 тапсырмаға назар аударайық.
(1 оқушы оқиды)
(тапсырманы тақтаға орындау)
1+9=10 10-9=1
0+9=9 9-9=0
(келесі гүлді ашу,гүл туралы түсінік беру Н)

2.тапсырма
Жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының айырмасын, қызыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.
10см-3см=4см+3см
(келесі гүлді ашу,гүл туралы түсінік беру А)

3.тапсырма
Есептер құрастыр және шығар.
Болды -10 қап Түсте-6 жәшік
Сатылды-8 қап Кешке-4 жәшік
Қалды-? қап Шешуі:6+4=10
Шешуі: 10-8=2 Жауабы:10 қап
Жауабы:2 қап қалды
(келесі гүлді ашу,гүл туралы түсінік беру У)

Сергіту сәті
Келді бізге көбелек,
Достастық біз керемет.
Пана боп оны қорғаймыз,
Жаңбыр жауса себелеп.
(келесі гүлді ашу,гүл туралы түсінік беру Р)

4.тапсырма
Тиісті санды орнына қой:
3+4=7 4+2=6 4+5=9
5+2=7 3+3=6 3+6=9
6+1=7 1+5=6
Мәні бірдей қосындыларды жеке бағанға теріп жаз. Мәні 7-ге тең болатын басқа қосындылар жазуға бола ма? 6-ға тең болатын ше? 7-ге тең болатын ше?
(келесі гүлді ашу,гүл туралы түсінік беру Ы)
Оқушылар шығармашылық тапсырманы орындайық

(келесі гүлді ашу,гүл туралы түсінік беру З)

-Оқушылар қандай сөз шықты
-8 наурыз
-8 наурыз Аналар мерекесі. Аналар мерекесінің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, өйткені көктем секілді аналар да адамзатқа өмір, жылылық сыйлайды емес пе? Адам бойындағы барлық жақсылық күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Бар шуағы мен мейірімін тек балаларына арнаған. Ана туралы қандай жыр, дастан жассақ та оның шегі жоқ. Соңғы тапсырманы орындай отырып аналарымызға гүл сыйлаймыз және тілек тілейміз.

Сабақты бекіту.
Бағалау
Категория: Начальная школа | Добавил: Nadirbekovna (03.04.2015) | Автор: Серикова Гулнар Толеновна E
Просмотров: 1567 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]