Главная » Статьи » Начальная школа

Қ.Аманжолов "Қазақстан"
Тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов.
Мақсаты: Білімдік: - ақын өмірінен мағлұмат беру;
- өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен
идеясын аша білуге,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің
дамуына , тіл байлығының артуына ықпал жасау
Тәрбиелік: отансүйгіштікке,сөз өнерін бағалап,туған жерді
қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік,сұрақ-жауап,топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі
Көрнекілігі: Графпроектор,магнитті тақта,фломастер,оқулық,дәптер.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық
2. «Жұлдызым жоғары» / үй тапсырмасын тексеру,бекіту
3. «Ол ақын еді» /поэзиялық сәт
4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
5. «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс
6. «Сұхбат» / мәтін бойынша сұрақ-жауап
7. «Бірге ойланайық!» /бекіту
8. «Тілек» /Рефлексия
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
2.Сәлеметсіңдар ме, балалар! Қане,қонақтарымызбен амандасайық.
-Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік,бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
Сәлем бердік бәріңе!
Бір-біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз!
- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет,балалар отыра қойыңдар.
Ендеше,сөз асылын,тіл тазалығын сезінетін ана тілі сабағымызды бастайық.
-Сыныпта кім жоқ?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
2. «Жұлдызым жоғары» Үй тапсырмасын тексеру,бекіту
- Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Жұлдызым жоғары»ойынын ойнаймыз. Әр сұраққа жауап берген сайын өз жұлдызымызды жарқыратып жағып отырамыз.
Сабақтың тәртібін сақтап,қол көтеріп қана жауап береміз.
Сонымен бірінші сұрақ:
*Өткен сабақта кім туралы оқыдық?
*Қайрат кім? Ол қандай адам?
*Қорқу,сескену сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?
*Қорқақтық деген сөзді қалай түсіндіреді?
*Енді,ізденіс жұмыстарына кезек берейік, Қайрат туралы тағы не білеміз?
*Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдер туралы білесіңдер?
Жарайсыңдар,балалар, барлығың жабыла көмектесіп,ең жарық,ең жоғары жұлдызды жақтыңдар.Бұл жұлдыз кімнің жұлдызы екенін көрейік,
(тақтада Қайраттың суреті шығады.)
-Бүгінгі сабақтың ең жарық жұлдызы ,ең биік жұлдызы Қайраттың жұлдызы екен.Қане, жұлдызының бес тармағына Қайраттың бес қасиетін тізіп шығайықшы? батыр

халық қаһарманы Отансүйгіш

қайсар рухты ақын
(плакатқа топтастырады)
3. «Ол ақын еді» Поэзиялық минут
-Ия,балалар,ол ақын да еді. Оның түрмеде қорқып,сескенбестен,алда тұрған асыл міндеттерді жүзеге асыруға үндейтін жігерлі ,жүрек тебіренісіне толы жазған өлеңдерінен үзінді тыңдап көрейік.
«Желтоқсан желі»әнінің әуені ойнатылады.Нұрасыл,Алишер,Бекзат Қайраттың өлеңдерінен үзінді оқиды.
Қайрат Рысқұлбеков «Ақтық сөзі»
Самат
"Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!"

Әлібек
Алатаудай бабалар,
Әруағыңмен жебей көр,
Қаймана қазақ қамы үшін
Қарусыз шықтық алаңға
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды табанда,
Сөйлесем даусым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға»
4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
-Балалар,бүгін біз тағы бір отансүйгіш ақынмен танысамыз. Халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарың.
Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданында дүниеге келген.Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын.Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған.
Ол-1941-45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады.
5. «Жаңа толқында» Жаңа материалмен танысу
-Қазір, осы Қасым атамыздың «Қазақстан» деген үлкен шығармасынан үзінді оқып,танысамыз.
1. Мұғалімнің оқуында «Қазақстан» өлеңі тыңдалады.
-Өлең ұнады ма,балалар?
-Не туралы айтылған екен?
2.Іштен оқыту
-Ұнаса,енді өзіміз оқып шығайық.Қолдарыңа карандаш алып,түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды ұмытпаңдар.
3.Сөздік жұмысы
Балқаш –Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала(картадан көрсету)
Қас тағдырдың қиқаңы- қиындықтың ауыртпалығы
Т.б. оқушылар таныс емес деп тапқан сөздермен жұмыс жасау.
4.Кітаппен жұмыс
Әр шумақты әр балаға кезекпен оқыту.
5.Дәптермен жұмыс
Өлеңді талдау:
Сонымен,өлеңге талдау жасап жіберейік,тақтадағы үлгі бойынша дәптерге орындаймыз.Айя тақтада орындайды.
Тақырыбы:
Авторы:
Жанры:
Жаңа сөз:
6. Сергіту сәті: «Көк тудың желбірегені » әнін айту
7. «Сұхбат» Мәтін бойынша жұмыс:
-Қалай ойлайсыңдар,ақын бұл өлеңде не туралы айтқысы келген?
(Қазақстан жерінің кеңдігін,қайнаған еңбекті,қасиетті жерін, халықтың кеңпейілді лігін,еркіндігін мақтан еткен.)
-«Бақытты қазақ баласы»деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
-Кім маған мәтіннен ақынның қуанған,шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқып береді?
-Ақын неге қуанып тұр,неге шаттанып тұр деп ойлайсыңдар?
8. «Бірге ойланайық» Тақырыпты бекіту
1.-Оқулықтарыңның 98-бетіндегі 5-жаттығуға көңіл аударайық.
(Слайдтан көрсетіп,ауызша орындаймыз)
Жеріміз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Қасиетті жеріміз,киелі жеріміз
Қазақпыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Кең далалы қазақпыз.
Кең пейілді қазақпыз.
Намысы сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Ел намысы.
Азат сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Азат жігіт
Азат қыз.
Құл сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Құл емеспіз.
Жанбыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Еркін жанбыз.
2.-Осы сөз тіркестерді Қазақстан сөзімен байланыстырып сөйлем құрап көріңдерші?
(Қазақстан біздің қасиетті жеріміз.Қазақстан кең далалы.т.с.с)
-.Ал,енді осы,Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастырып айтуға болады, тауып көрейікші?
(Отан,туған жер,атамекен...)
3.Тренинг «Сіз білесіз бе?»
-Балалар, қазір мынадай ойын ойнаймыз: Мен қасымдағы көршіме: «Сіз білесіз бе?» деп бастап,бүгінгі сабақтан үйренген бір ғана жаңалығымды айтамын. Ол өзінің көршісіне айтады.Осылайша ,бәріміз «Қазақстан»,Қасым Аманжолов,Қайрат Рысқұлбеков туралы білген жаңалықтарымызды айтып шығуымыз керек.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Қазақстан»өлеңін жаттау.
8.Рефлексия
Қане, мына тақтадағы өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқып жіберейік:
/Ғалым / ... болғым келеді,жер байлығын ақтарған.
/ Жалын/ ... болғым келеді,гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған /күй/ ... болып,шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған /Күн/... болып, балқып тұрғым келеді.
Керекті сөздер: ғалым, жалын , күй, күн.
-Ендеше мен сендерге
-ғалымның ізденімпаздығын;
-жалынның күштілігін;
-күйдің шабытын;
-күннің жылуын тілеймін!
Категория: Начальная школа | Добавил: Маке (02.06.2015) | Автор: Ахмедина Майра Канатовна E
Просмотров: 1393 | Теги: Ахмедина, Канатовна, Майра | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]