Главная » Статьи » Начальная школа |
Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе
Өнегесі мол отбасы тәрбиесіне ештеңе тең келмейді Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен , асқан жауаптылықпен атсалысу - ата – ана мен ұстаздардың , әсіресе , сынып жетекшісінің басты парызы . Ұстаздардың өмірі мектептегі еңбек майданында оқушымен тығыз байланыста болады . бір сыныпта әр түрлі бала болады , яғни , әр түрлі психология . Ендеше сол оқушылармен тіл табысып , жұмыс жасай білген ұстаз – психолог. Кейде келіспеушіліктер де , қиындықтарда туындап жатады . Сол кезде ата – ананың көмегі , ықпалы көп қажет болады . Мұғалім өзіне бағынбаған баланың қылығы үшін ата – анасын шақыруға тура келеді . Сондай жағдайда кей ата – ана мектепке келуден бас тартады , ал кейбірі келіп алып , мұғалімді жазғырады . Сүйкімді , тіл алғыш , сезімі пәк , жүрегі таза бүлдіршін – орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді ? Оның тәрбиесіне ұстаз ғана емес , ата – ана , жүрген ортасының қатысы бар емес пе ? Кей ата - аналар баланы қалай тәрбиелеу керектігін , қалай жақсы көретінін білдіре алмайды .Бірі – мұғаліммен бірдей етіп киіндіріп , қалтасына ақша салып , туған күндерін тойлағандарына мәз , енді бірі - шектен тыс қаталдыққа беріліп , айтқанын орындатады . Тәрбие – баланы бетке қақпай , бетімен жіберу емес , баланы тәрбиелеу – ақылмен , әдіспен күресе білетін адам шығару . Ата – ана мен мұғалім арасындағы бір – біріне деген сенімділік - бірінші және шешуші шарт . Арадағы қарым – қатынас ата – ананың тәрбие ісіне қызығуын оятып , табысқа ұмтылдыратындай , өз күшіне сенімділік тудыратындай болып құрылуы тиіс . Мұғалімнің екінші бір маңызды міндеті - отбасын педагогикалық білік – дағдылармен қаруландыру , оларды теориялық және практикалық түрде меңгерту . Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалык қарым – қатынастың аяғы ата – аналардың өз балаларының ғана емес , жалпы сынып тәрбие жұмысына қатысуына әкеледі . Біз оқуға жағымды қатынасты қалыптастыруда ата – ананың алатын орнының маңызы зор екенін айтуымыз керек .Ол үшін әрбір ата - ана баласының қызығушылықтарымен , икемділіктерімен таныс болуы керек .Өкінішке орай ,көптеген ата – аналар баласының бос уақытында тек оқу әрекетімен шұғылдануын талап етеді Бұл баланың оқуға деген ықыласына кері әсерін тигізуі ықтимал .Сабаққа дайындық барысында ата – ананың күнделікті бала сабағына көмектесуі , қызығушылықтарын байқатып отыруы ,,баланы бағындырмай , өз еркімен сабақты орындауын ұйымдастырып , қолайлы жағдай жасауы баланың оқу әрекетіне жағымды қатынасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді . Ата – аналарды оқу пәнінің жаңа бағдарламаларымен, оқыту әдістерімен , мұғалімнің қоятын талаптарымен таныстыру үшін - ашық сабақтар ұйымдастыру тиімді . Бұл ата – аналардың мектептегі оқыту ерекшеліктерінің егжей - тегжейін түсінбеуінен туатын көптеген даулы жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді . Мектептегі сыныптан тыс тәрбие шараларына ата - аналарды тартып , қатыстырып отырған дұрыс . Отбасылық танымдық көңілді ойын – сауық , спорттық сайыс . ата – аналар арасынан әр түрлі мамандық иелерімен кездесу кештері – осының барлығы ата – аналарға өз балаларын одан әрі танып білуге , балаларының бойындағы өздеріне белгісіз қызығушылықтарын , талантын , өнерлерін анықтауға мүмкіндік туғызады . Ата – анамен сөйлескенде мұғалім барынша сыпайылық , әдептілік танытуы тиіс . Сыпайылық әдептілік сақтау әсіресе өз балаларының бұзақылық жасауы мүмкін екеніне сене алмайтын ата- аналар алдында өте қажет . Ата – аналар жиналысында оқу үлгерімі жетістіктерінің ғана қорытындысы жасалып қоймай , сонымен қатар педагогиканың маңызды мәселелері қарастырылса жемісті болмақ .Ата –аналар жиналысы нәтижесінің ең басты көрсеткіші – ата – аналардың белсене қатысуы .Ол мектепке , мұғалімге деген сыйласымдық қарым – қатынасының белгісі . | |
Просмотров: 937 | |
Всего комментариев: 0 | |