Главная » Статьи » Начальная школа |
Әдебиеттік оқу. 2 сынып. Ашық сабақ "Әмірдің қулығы"
Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушыларға мәтіндіндегі негізгі ойды, идеяны үғындыру арқылы мәтіннің мазмұнын меңгерту. 2.Дамытушылық: Дәлелді сөйлей білуге үйрету, ой-өрістерін, тілін, сөздік қорларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажыратып, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге , ізденуге ұмтылған өнегелі тұлға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, Алдар көсе суреті. Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың барысы : 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды талапқа сай отырғызып, назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық “ Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер”. Ж.Баласағұн Адам баласына күн жылуы мен ана махаббатынан кейінгі бойға екі ұлы қасиетті меңгеру керек. Олар- мейірімділік пен білім. 2) Үй тапсырмасын тексеру. Топқа бөлу. 1. «Ақындар» тобы. 2. «Суретшілер» тобы. 3. «Ғалымдар» тобы 4. «Әртістер» тобы 1-топ «Ғылым таппай мақтанба» өлеңді жатқа айту. 2-топ Абай Құнанбаев кім? (кластер жасау) 3-топ Абай жырлаған бес асыл іс пен бес дұшпанды жазып, атау ( кестемен жұмыс) 4-топ Сәйкестендіру (тарауға берілген сурет пен өлең арасындағы байланысты анықтау, бүгінгі сабақпен байланысын табу) 3)Жаңа сабаққа кіріспе. Жұмбақ Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айғай-шу (түлкі) Мақал-мәтел Түстік жерге өтірік айтсаң, Кешке артыңнан қуып жетеді. (Оқушылыр жұмбақтың шешуін шешеді. Мақал мен жұмбақ арасындағы байланысты табады.) -Оқулықпен жұмыс Мәтінді алдын ала бөліктерге бөліп алу. Әр бөлімді оқыған сайын, келесі бөлімді оқуға қызығушылықтарын оятатын сұрақтармен жетелеу. 1.Ерке бала Әмір 2.Әмірдің қулығы 3.Әмірдің өтірік айтуы 4.Өтіріктің әшкере болуы Жетелеуші сұрақтар: 1.Әмір қандай бала? Әмірді кім еркелетеді? 2.Әмір қандай қулық жасады? Әмір кімдерді алдады? 3.Әмір неліктен өтірік айтты? Оның өтірік айтуының себебі не? 4.Әмірдің өтірігінің ашылуына кім себепкер болды? Оның өтірігі ашылғанда қандай күйде болды? - Мына суретке назар аударайық! - Бұл кім? - Алдар көсе. -Алдар көсе қандай адам? - Алдаушы. «Суретшілер тобы»- Алдар көсенің суретін салады «Ақындар тобы»- Алдар көсе жайлы өлең айтады. «Әртістер тобы»- Мәтінді сахналайды Мына мәтінді рөлге бөліп оқиық. БАЙ;АЛДАР КӨСЕ;АВТОР Автор:Таң атып күн шыққаннан кейін тұрып, тамақ ішіп болып,Алдар көсе байды ертіп қойға барса,көсенің тоқтысы жоқ.Бай олай-былай қараса,бірталай қойдың ауызы қан-қан екен. Алдар:Е,бай-еке, мен сорлының айтқаны әр уақытта да келетін. Кеше-ақ айтып едім ғой.-Қойларың тоқтымды жеп қояды деп,сонда осыны біліп айтып едім,-дейді Бай:-О, құдай-ай, бұл сұмдық! Автор: Таңырқаған бай аузы қан болған он қойын ұстап,қосақтап Алдар көсенің алдына салып береді. Алдар: -Ой,қу жауырыным-бір тоқты, Бір тоқтым-он бойдақ-деп мұратына жеткен екен-дейді «Ғалымдар тобы»- салыстыру кестесін толтырады. Енді балалар,Алдар көсе мен Әмірді салыстырайық. Әмір Алдар көсе Өтірікші Алдаушы Достарын алдайды Байды алдайды Жағымсыз кейіпкер Жағымды кейіпкер - Сергіту сәті: Видеоролик арқылы Алдар көсенің сергіту сәті орындалады. Дәптермен жұмыс. Кітапта берілген мақалдың жалғасын тауып жазу. Мақал-мәтел Есер баладан, ...... бала жаман. Жауабы: ерке, жалқау Жақсы бала сүйік, Жаман бала........ Жауабы: өтірікші, күйік Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-..... бала. Жауабы: еріншек,сорлы Өтіріктің құйрығы бір-ақ ..... Жауабы: тұтам, жұтым 4) Сабақты бекіту. - «Әңгімелеу кестесі» әдісі Әңгімелеу кестесі Мәтіннің тақырыбы Кейіпкерлер Оқиғаның басталуы Оқиға немен аяқталды? Не үйрендік? Рефлексия. Бағдаршамның түстері арқылы балалардың сабақты қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. -Бағалау. Капитандар өз топ мүшелерін бағалайды. -Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Әмірге хат жазу. | |
Просмотров: 1150 | | |
Всего комментариев: 0 | |