Главная » Статьи » Начальная школа |
Армысың, әз Наурыз!
Бастауыш сынып мұғалімі. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ. Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін насихаттау; наурыз мейрамының мәнін түсіндіру; бесікке салу дәстүрін көрсету; ата-аналармен мектептің арасында тығыз байланыс орнату. Көрнекілік: Плакатқа жазылған қанатты сөздер, шар, киіз үй көрінісі, бесік. Барысы: 1-жүргізуші. (ата-ана) Бағыма көктемменен еніп едің Іздедім шуағыңнан көңіл емін. Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай Шаттанды шашуыңнан төңірегім Көркейтсін баспасын да даланы мұң Тербетсін табиғатты дана жырың Қош келдің төрімізге төрлет бүгін! 2-жүргізуші: (ата-ана) Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Сынып ата-аналарының ұйымдастыруымен дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз сынып жетекшісі Маселова Маржан Еркингазиновнаға беріледі. Сынып жетекшісінің құттықтауы. 2-жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар! Бәрің бері қараңдар, Наурыз думан басталды, Бір сәт зейін салайық. Ұштасқан оймен мәңгілік Біздерде бар сан ғұрып, Ғасырлардан ғасырға Келе жатқан жаңғырып. 1-жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы, Бізбен бірге жырлашы. Елімнің дастарханына Береке, ырыс сыйлашы. Ата-бабам тойлаған Наурызымыз армысың! 2-жүргізуші Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, балалар айтып көрсін. (Оқушылар наурыз туралы түсініктерін және тақпақтарын айтады.). Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік. Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді. Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды. Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. 1-жүргізуші: Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, Жадырасып бәріміз. 2-жүргізуші Наурыз тойы, Наурыз тойы, Құтты болсын ағайын. Наурыз тойы, Наурыз тойы, Келді біздің Жаңа жыл! Ән: «Наурыз тойы» орындайтын Серғазы Елнұр. 1-жүргізуші: Құт береке, Наурыз айым келді деп, Жер түледі, жасыл желек желбіреп, Айналайын атамекен кең далам. Толықсиды нұрға толып, елжіреп 2-жүргізуші: Әр елдің салты басқа демекші, әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Бүгін Сәрсенбай атаның үйінде «Бесік тойы» болып жатыр екен. «Бесік тойы» қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге болыңыздар. (Ауыл бейнесі, киіз үй іші, ортада жер үстел, әже,немерелері, келіндері) Бесікке салу рәсімі. Көрніс. Әжесі: Бесікке салу қазақтың ежелгі салт-дәстүрі. (Бесікке салу туралы түсінік бере отырып, баланы бесікке бөлейді ) Аналар «Бесік жыры» әнін әндетіп айтады. 1-жүргізуші: Уа жараңдар, жараңдар! Көңілің бар алаңдар Ата менен анаң бар Үлкен кіші ағаң бар Наурыз тойын тойлаймыз Бәрің бері қараңдар! 2-жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды, Наурыз тойы көңілімді баурайды. Тебіренген табиғат та мәз мейрам, Аңқылдаған қазағымнан аумайды. Би: «Жігіттер» ұлдар тобы. 1-жүргізуші: Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы халықтың, Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың! Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік біз сізге! 2-жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ, Қалыс қауым болмасын некен саяқ. Ән шырқап, би билейтін қауым болып, Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп. Би «Қамажай» қыздар тобы. 1-жүргізуші: Тойла бүгін тауларым мен боз далам, Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам. Мереке боп келген бүгін Наурызым! Береке бол ешқашанда тозбаған! Осымен дайындаған шағын мерекелік шарамыз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Қош сау болыңыздар! | |
Просмотров: 528 | | |
Всего комментариев: 0 | |